Мазмұнға өту

“Мәсіхшілік өміріміз бен қызметіміз” кездесуіне қатысты нұсқаулар

“Мәсіхшілік өміріміз бен қызметіміз” кездесуіне қатысты нұсқаулар

Мазмұны

1. Осы құжаттағы нұсқаулар “Мәсіхшілік өміріміз бен қызметіміз” кездесуінде тапсырма алғандардың бәріне арналған. Олар дайындыққа кірісер алдында “Өміріміз бен қызметіміз” жұмыс дәптеріндегі тапсырмаларына қатысты нұсқауларды және осы құжатты қарап шығулары керек. Жариялаушылардың бәрін оқушылар тапсырмасын орындауға шақыру қажет. Сондай-ақ қауыммен тығыз араласып жүрген, Киелі кітап ілімдерімен келісетін және мәсіхшілердің принциптеріне сай өмір сүретін адамдар да тапсырмалармен шықса болады. Әлі жариялаушы емес адам оқушылар тапсырмасымен шығып жүргісі келсе, “Мәсіхшілік өміріміз бен қызметіміз” кездесуінің бақылаушысы онымен тиісті талаптарды қарастырып, сосын оған лайықты я лайықты емес екенін айтады. Бұл талқылауға онымен Киелі кітапты зерттеп жүрген бауырлас (не сенуші ата-анасының бірі) қатысады. Қойылатын талаптар шомылдыру рәсімінен өтпеген жариялаушы болатын кездегі талаптармен бірдей (od 8-тар., 8-абз.).

 АЛҒЫ СӨЗ

2. Бір минут. Әр аптада алғашқы ән мен дұғадан соң, кездесу төрағасы тыңдаушылардың бағдарламаға деген тәбетін ашады. Ол әсіресе қауымға пайдалы болатын ойларға назар аударып кетуі тиіс.

  ҚҰДАЙ СӨЗІНДЕ ЖАТҚАН ҚАЗЫНА

 3Баяндама (10 минут). Жұмыс дәптерінде баяндаманың тақырыбы мен екі-үш негізгі ойдан тұратын жоспар беріледі. Бұл баяндаманы ақсақалға немесе қабілетті қызмет көмекшісіне тапсыру керек. Киелі кітапты оқу кестесі бойынша жаңа кітап басталса, онымен таныстыратын бейнеролик көрсетіледі. Баяндамашы бейнеролик пен тақырыптың арасындағы байланысты көрсетсе болады. Дегенмен жұмыс дәптерінде жазылған ойларды міндетті түрде ашуы тиіс. Сондай-ақ уақыт жетсе, жұмыс дәптеріндегі мәліметті толықтыруға арналған суреттерді пайдаланғаны жөн. Қаласа, ол жоспардағы ойларды жақсырақ ашуға көмектесетін басқа да мәлімет көздерін қолдана алады.

 4Рухани асыл тастар (10 минут). Сұрақ-жауап түрінде өтеді. Бұл бөлікте алғы және қорытынды сөздер айтылмайды. Талқылауды ақсақал немесе қабілетті қызмет көмекшісі жүргізеді. Ол берілген екі сұрақты міндетті түрде қоюы керек. Сондай-ақ берілген тармақтарды оқу керек пе, жоқ па — өзі шешсе болады. Әр түсініктеменің уақыты 30 секунд не одан аз болу керек.

 5Киелі кітапты оқу (4 минут). Оқушылардың бұл тапсырмасын ер адам орындайды. Оқушы берілген үзіндіні оқып шығады. Алғы не қорытынды сөз айтудың қажеті жоқ. Кездесу төрағасы оқушыға сауатты, жатық, логикалық екпін түсіріп, мүдірмей, интонациямен, орынды кідірістер жасап, түсініп әрі табиғи етіп оқуға көмектеседі. Киелі кітап үзінділерінің ұзақтығы әртүрлі болғандықтан, “Мәсіхшілік өміріміз бен қызметіміз” кездесуінің бақылаушысы тапсырмаларды оқушылардың қабілеттерін ескере отырып беру керек.

 ҚЫЗМЕТІМІЗДІҢ САПАСЫН АРТТЫРАЙЫҚ

6. Он бес минут. Кездесудің бұл бөлімі жариялаушыларға қызметке дайындалуға, әңгімелесу шеберлігін арттыруға, уағыздау мен тәлім беру қабілеттерін жақсартуға көмектесуге арналған. Қажет болса, ақсақалдарға да оқушылардың тапсырмаларын беруге болады. Әрбір оқушы “Тәлім беру” не “Адамдарды сүйіңіз” кітапшасындағы сабақпен жұмыс істейді. Сабақ “Мәсіхшілік өміріміз бен қызметіміз” кездесуіндегі тапсырманың қасында жақшада көрсетіліп қойылады. Кейде бұл бөлімде талқылау жоспарлануы мүмкін. Оны ақсақал я қабілетті қызмет көмекшісі жүргізу керек. (Талқылауды қалай жүргізуді  15-абзацтан қараңыз.)

 7Әңгіме бастау. Оқушылардың бұл тапсырмасын ер не әйел адамға беруге болады. Көмекшісі онымен бір жынысты адам я отбасы мүшесі болу керек. Оқушы мен көмекшісі тапсырманы отырып не тұрып орындаса болады. (Бұл тапсырманың мазмұны мен шартты жағдайы туралы толығырақ білу үшін  12,  13-абзацтарды қараңыз.)

 8Қызығушылықты арттыру. Бұл тапсырманы ер не әйел адамға беруге болады. Көмекшісі онымен бір жынысты адам болу керек (km-U 5.97. 7-б.). Оқушы мен көмекшісі тапсырманы отырып не тұрып орындаса болады. Оқушы алдыңғы жолғы әңгімені жалғастырғанда не айтуға болатынын көрсетуі қажет. (Бұл тапсырманың мазмұны мен шартты жағдайы туралы толығырақ білу үшін  12,  13-абзацтарды қараңыз.)

9Шәкірт дайындау. Бұл тапсырманы ер не әйел адамға беруге болады. Көмекшісі онымен бір жынысты адам болу керек (km-U 5.97. 7-б.). Оқушы мен көмекшісі тапсырманы отырып не тұрып орындаса болады. Бұл бөлік жүйелі түрде өткізіліп жүрген зерттеу сабағының үзіндісі ретінде көрсетілуі тиіс. Оқушы алғы сөз не қорытынды сөз айтуға қатысты сабақпен жұмыс істеп жатпаса, оған алғы сөз я қорытынды айтудың қажеті жоқ. Берілген мәліметтің бәрін дауыстап оқу шарт емес, бірақ оқуға тыйым салынбайды.

  10Нанымдарымызды түсіндіру. Бұл тапсырма баяндама түрінде берілсе, оны ер адам орындау қажет. Ал көрініс түрінде болса, оны ер не әйел адамға беруге болады. Көмекшісі онымен бір жынысты адам я отбасы мүшесі болу керек. Оқушы тақырыптағы сұраққа берілген мәлімет көздеріндегі ойларды қолданып, анық әрі ізетпен жауап беру керек. Ол тапсырма барысында мәлімет көзі, яғни берілген басылым жайлы айта ма, жоқ па — өзі шешеді. 

11Баяндама. Бұл тапсырманы ер бауырлас орындайды. Ол оны қауымға баяндама ретінде айтып жеткізеді. Баяндама “Адамдарды сүйіңіз” кітапшасының А қосымшасындағы бір ойға негізделген болса, оқушы тармақты не тармақтарды қызметте қалай қолдануға болатынына назар аударады. Мысалы, ол тармақты қашан қолдануға болатынын, оның мағынасын және адаммен сол тармақтың үстінен қалай ой жүгіртуге болатынын түсіндіріп өтсе болады. Ал баяндама “Адамдарды сүйіңіз” кітапшасының бір сабағындағы ойға негізделсе, оқушы сол ойды қызметте қалай қолдануға болатынына көңіл бұру керек. Ол сабақтың 1-абзацындағы мысалға немесе сабақтағы қосымша тармақтардың біріне назар аудара алады.

   12Мазмұны. Осы және келесі абзацтағы мәлімет “Әңгіме бастау” мен “Қызығушылықты арттыру” тапсырмаларына қатысты. Басқаша көрсетілмесе, оқушының мақсаты — сөйлесіп жатқан адамына пайдалы бір қарапайым Киелі кітап шындығымен бөлісу және келесі жолы әңгімелесуге негіз қалау. Оқушы уақытылы болатын әрі жергілікті жағдайда тиімді тақырыпты таңдау қажет. “Тәлім беру құралдарының” ішінен бір басылымды я видеоны көрсете ме, жоқ па — өзі шешеді. Жаттап алған ұсыныстардың орнына, оқушылар қызығушылық білдіру, табиғи сөйлеу секілді әңгімелесу шеберлігін көрсетулері керек.

   13Шартты жағдай. Оқушыға жалпы шартты жағдай беріледі, ол соны жергілікті жағдайларға қолдануы қажет. Мысалы:

  1.  1) Үйден үйге уағыздау. Бұл шартты жағдайға үйден үйге уағыздау (мейлі, адаммен жүзбе-жүз сөйлесіп болсын, телефон я хат арқылы болсын) және үйме-үй жүргенде алдыңғы жолы сөйлескен адаммен әңгімені жалғастыру жатады.

  2.  2) Бейресми куәлік. Бұл шартты жағдайға мүмкіндік туғанда кәдуілгі әңгімені куәлік беруге ұластыру жатады. Мысалы, жұмыста, мектепте, жақын маңда, қоғамдық көлікте не қандай да бір күнделікті істермен айналысқанда кездестірген адамдармен Жазбалардағы ойлармен бөлісуіңіз мүмкін.

  3.  3) Көпшілік орындарда уағыздау. Бұған әдебиет арбасымен куәлік етуді, іскер аумақтағы адамдарға уағыздауды, көшеде, саябақта, көлік тұрағында не адамдар бар жердің бәрінде уағыздауды жатқызуға болады.

 14Бейнероликтер мен әдебиеттерді қолдану. Жағдайға байланысты, оқушы тапсырмасына бір бейнероликті не әдебиетті қосуы мүмкін. Егер оның тапсырмасына видео көрсету кіретін болса яки өзі көрсетуді шешсе, оны ойнатудың қажеті жоқ, тек таныстырып және талқылап өтуі керек.

  МӘСІХШІЛІК ӨМІРІМІЗ

15. Әннен кейін болатын бұл бөлімнің алғашқы 15 минуты тыңдаушыларға Құдай Сөзін өмірде қолдануға көмектесетін бір не екі бөліктен тұрады. Өзге нұсқаулар берілмесе, бұл бөліктер ақсақалдарға не қабілетті қызмет көмекшілеріне тапсырылады. Тек жергілікті қажеттіліктер бөлігін ақсақалдар айтады. Берілген бөлік талқылау ретінде болса, бауырлас талқылау барысында тақырыпқа берілген сұрақтарға қосымша басқа да сұрақтар қоя алады. Негізгі ойларды қамтуға және тыңдаушылардың қатысуына жеткілікті уақыт беру үшін оның алғы сөзі қысқа болғаны жөн. Егер біреуден сұхбат алу керек болса, ол сұхбатты, мүмкін болса, орнында отырып емес, сахнаға шығып бергені жақсы.

  16Қауымда Киелі кітапты зерттеу (30 минут). Бұл бөлікті қабілетті ақсақал жүргізеді. (Ақсақалдар аз қауымдарда, қажет болса, қабілетті қызмет көмекшілері жүргізе алады.) Ақсақалдар кеңесі бұл бөлікті кімдердің жүргізуге қабілетті екенін анықтауы тиіс. Мақұлданған бауырластар талқылауды мазмұнды етіп өткізуі, талқылауды уақтылы аяқтауы, негізгі тармақтарға баса назар аударуы және қарастырылған ойлардың іс жүзіндегі пайдасын түсінуге көмектесуі тиіс. Олардың сұрақ-жауап ретінде өтетін бөлікті қалай жүргізу туралы кеңестерді қайта қарап шыққандары пайдалы (w23.04 24-б., қоршау). Берілген мәлімет толықтай талқыланып қойса, зерттеуді созудың қажеті жоқ. Мүмкін болса, талқылауды жүргізуді және абзацтарды оқуды әр аптада әртүрлі бауырластарға тапсырған дұрыс. “Мәсіхшілік өміріміз бен қызметіміз” кездесуінің төрағасы зерттеуді қысқартуды айтса, бөлікті жүргізетін бауырлас зерттеуді қалай қысқартатынын өзі шешуі тиіс. Мысалы, ол кейбір абзацтарды оқымай-ақ талқылауды шешетін шығар.

  ҚОРЫТЫНДЫ СӨЗ

17. Үш минут. “Мәсіхшілік өміріміз бен қызметіміз” кездесуінің төрағасы кездесудің ең пайдалы ойларын қайталайды. Сосын келесі аптадағы бағдарламаны шолып шығады. Уақыт жетсе, келесі аптада оқушылар тапсырмаларымен кімдер шығатынын хабарласа болады. Басқа нұсқау болмаса, төраға қорытынды сөзінде қажетті хабарландырулар айтуы және хаттарды қауымға оқып беруі мүмкін. Апта сайынғы уағыздауға арналған кездесулер, Патшалық сарайын тазалау сияқты шараларға қатысты хабарландырулар мінбеден айтылмау қажет, оларды хабарландырулар тақтасына ілу керек. Егер қорытынды сөзге берілген уақытта хабарландырулар мен хаттарды оқуға уақыт жетпейтіні анық болса, төраға “Мәсіхшілік өміріміз” бөлімінде шығатын бауырластардан тапсырмаларын қысқартуды сұрау керек ( 16,  19-абзацтарды қараңыз). Кездесу әнмен және дұғамен аяқталады.

 МАҚТАУ СӨЗДЕР ЖӘНЕ КЕҢЕС      МАҚТАУ СӨЗДЕР ЖӘНЕ КЕҢЕС

18. Әрбір оқушы тапсырмасын орындағаннан кейін, “Мәсіхшілік өміріміз бен қызметіміз” кездесуінің төрағасы шамамен бір минуттың ішінде оқушыға берілген сабаққа негіздеп мақтау сөздер айтса және кеңес берсе болады. Тапсырмамен шығатын оқушыны хабарлаған кезде, төраға оның қай сабақпен жұмыс істейтінін айтпайды. Алайда оқушының тапсырмасы аяқталған соң, төраға орынды мақтау сөздер айтқаннан кейін, оқушының сабағын және оны қай жағынан орындай білгенін айтса болады. Я болмаса сол сабаққа не себепті тағы көңіл бөлу керектігін мейіріммен түсіндіріп кетсе болады. Сондай-ақ төраға егер оқушыға не тыңдаушыларға пайдалы болады деп тапса, көріністің басқа да тұстарына қатысты түсініктеме айтуына болады. “Адамдарды сүйіңіз” кітапшасына, “Тәлім беру” кітапшасына не “Қызмет мектебі” кітабына негізделген қосымша тиімді кеңестерді кездесудің соңында не басқа уақытта оңашада беруге болады. Бұл кеңестер оқушының жұмыс істеген сабағына не басқа сабаққа қатысты болуы мүмкін. (“Мәсіхшілік өміріміз бен қызметіміз” кездесуінің төрағасы мен кеңес берушінің міндеттері туралы көбірек мәліметті  19,  24,  25-абзацтардан қараңыз.)

УАҚЫТ

19Кездесудің ешбір бөлігі де белгіленген уақыттан аспау керек. Кездесу төрағасы да сөздерін көрсетілген уақыттан асырмау керек. “Мәсіхшілік өміріміз бен қызметіміз” жұмыс дәптерінде әрбір бөліктің нақты уақыты көрсетілгенмен, егер мәлімет жақсы қарастырылған болса, сол уақытты толық шығару үшін қосымша мәлімет айтудың қажеті жоқ. Егер бөліктермен шыққан бауырластар берілген уақыттан асып кетсе, “Мәсіхшілік өміріміз бен қызметіміз” кездесуінің төрағасы я кеңес беруші оңашада кеңес беруі керек ( 24,  25-абзацтарды қараңыз). Кездесу уақыты, әндер мен дұғаларды қоса алғанда, 1 сағат 45 минут болу керек.

 АУДАНДЫҚ БАҚЫЛАУШЫНЫҢ САПАРЫ

20. Қауымға аудандық бақылаушы келген кезде, бағдарламаны негізінен “Мәсіхшілік өміріміз бен қызметіміз” кездесуінің жұмыс дәптеріндегі кесте бойынша өткізу керек, тек келесідей өзгерістер енгізіледі: “Мәсіхшілік өміріміз” бөліміндегі Қауымда Киелі кітапты зерттеудің орнына аудандық бақылаушының 30 минуттық қызмет баяндамасы болады. Қызмет баяндамасынан бұрын “Мәсіхшілік өміріміз бен қызметіміз” кездесуінің төрағасы бағдарламаны қайталайды, келесі аптаның бағдарламасын шолып шығады, қажетті хабарландыруларды айтады, керекті хаттарды оқиды, сосын аудандық бақылаушыны хабарлайды. Қызмет баяндамасынан соң, аудандық бақылаушы кездесуді өзі таңдаған әнмен аяқтайды. Ол соңғы дұғаны өзі айтуы я бұл үшін басқа бауырласты шақыруы мүмкін. Аудандық бақылаушы келген кезде қауым өтетін тілде ешбір қосымша сыныптар өткізілмейді. Егер қауымға қарасты топ болса, қауымға аудандық бақылаушы келсе де, ол топ бағдарламаны өз тілінде өткізсе болады. Алайда аудандық бақылаушының қызмет баяндамасы болатын кезде, топ қауымға қосылып тыңдауы керек.

 АУДАНДЫҚ НЕ АЙМАҚТЫҚ КОНГРЕСС ӨТЕТІН АПТА

21. Аудандық не аймақтық конгресс өтетін аптада қауым кездесулері өткізілмейді. Сол аптаға арналған мәліметті жеке я отбасы болып қарастыру керектігін қауымдағылардың есіне салған жөн.

 ЕСКЕ АЛУ КЕШІ ӨТЕТІН АПТА

22. Егер Еске алу кеші апта ішіндегі бір күнге түссе, “Мәсіхшілік өміріміз бен қызметіміз” кездесуі өткізілмейді.

 “МӘСІХШІЛІК ӨМІРІМІЗ БЕН ҚЫЗМЕТІМІЗ” КЕЗДЕСУІНІҢ БАҚЫЛАУШЫСЫ

23. Ақсақалдар кеңесі таңдаған бір ақсақал “Мәсіхшілік өміріміз бен қызметіміз” кездесуінің бақылаушысы болып қызмет етеді. Ол кездесудің жақсы ұйымдастырылғанын және осы нұсқауларға сай өтуін қадағалауға жауапты. Ол кеңес беруші бауырласпен жақсы қызметтесуі керек. Жұмыс дәптері шыққан бойда “Мәсіхшілік өміріміз бен қызметіміз” кездесуінің бақылаушысы алдағы екі айдың барлық тапсырмаларын бауырластарға тағайындайды. Бұған оқушылардың тапсырмаларын, бағдарламаның өзге бөліктерін және ақсақалдар кеңесі мақұлдаған бауырластардың ішінен кездесу төрағасын тағайындау кіреді ( 3—16 және  24-абзацтарды қараңыз). Ол оқушыларға тапсырма бергенде, олардың жасын, тәжірибесін және берілген тақырып бойынша шығуға сөз еркіндігі бар-жоғын ескеруі керек. Кездесудің басқа бөліктерін тағайындағанда да, осыларды ескергені жөн. Тапсырмалар орындалу күнінен, кем дегенде, үш апта бұрын таратылуы керек. Оқушылардың тапсырмалары “Мәсіхшілік өміріміз бен қызметіміз” кездесуіндегі тапсырма” (S-89) бланкісіне жазып беріледі. “Мәсіхшілік өміріміз бен қызметіміз” кездесуінің бақылаушысы бүкіл кездесудің кестесі тапсырмалармен бірге хабарландырулар тақтасына ілінуіне қам жасайды. Ақсақалдар кеңесі оған көмекші ретінде өзге бір ақсақалды не қызмет көмекшісін тағайындаса болады. Алайда оқушыларға арналмаған тапсырмаларды тағайындауды тек ақсақалдарға табыстау керек.

    “МӘСІХШІЛІК ӨМІРІМІЗ БЕН ҚЫЗМЕТІМІЗ” КЕЗДЕСУІНІҢ ТӨРАҒАСЫ

24. Әр аптада бір ақсақал “Мәсіхшілік өміріміз бен қызметіміз” кездесуінің басынан соңына дейін төраға болып қызмет етеді. (Ақсақалдар аз қауымдарда, қажет болса, бұған қабілетті қызмет көмекшілерін тағайындауға болады.) Ол алғы сөз бен қорытынды сөзді дайындауға жауапты. Сондай-ақ ол барлық бөліктерді хабарлап отырады және ақсақалдардың санына қарай, кездесудің басқа бөліктерін, әсіресе талқыламай, тек видео көрсететін бөліктерін де өткізуі мүмкін. Оның кездесу бөліктерінің арасындағы сөздері өте қысқа болғаны жөн. Бұл қызметті қай ақсақалдарға тапсыруға болатынын ақсақалдар кеңесі шешеді. Қабілетті ақсақалдар төрағалық қызметті кезек-кезегімен атқарады. Жергілікті жағдайға қарай, “Мәсіхшілік өміріміз бен қызметіміз” кездесуінің бақылаушысын басқа қабілетті ақсақалдарға қарағанда жиірек кездесу төрағасы етуге болады. Егер ақсақал “Қауымда Киелі кітапты зерттеу” бөлігін жүргізуге мақұлданған болса, демек, ол төраға ретінде де қызмет ете алар. Бірақ төраға болып қызмет ететін ақсақалға тапсырмалармен шығатын оқушыларды шын жүректен мақтап, қажет болса, оларға пайдалы кеңестер беру керек екенін ұмытпауларыңызды сұраймыз. Сондай-ақ төраға кездесудің уақтылы аяқталуына жауапты ( 17 және  19-абзацтарды қараңыз). Егер төраға қаласа және мінбеде жеткілікті орын болса, қосымша микрофон орнатып, сол микрофоннан келесі бөлікті хабарлап тұрса болады. Ал сол бөлікпен шығатын бауырлас сол кезде пюпитрге келіп тұра беруіне болады. Сондай-ақ Киелі кітапты оқу тапсырмасы кезінде және Қызметіміздің сапасын арттырайық бөлімі кезінде төраға сахнадағы үстел басында отырса болады. Бұл уақытты үнемдеуге көмектеседі.

   КЕҢЕС БЕРУШІ

25. Мүмкін болса, бұл жауапкершілікті тәжірибелі баяндамашы болып табылатын ақсақалдың атқарғаны жақсы. Кеңес берушінің міндеті — кез келген тапсырмамен, мысалы “Мәсіхшілік өміріміз бен қызметіміз” кездесуіндегі бөліктермен, көпшілікке арналған баяндамамен шығатын, “Күзет мұнарасы” мен Қауымда Киелі кітапты зерттеу бөлігінде оқитын не сол кездесулерді жүргізетін ақсақалдар мен қызмет көмекшілеріне, қажет болса, оңашада кеңес беру ( 19-абзацты қараңыз). Егер қауымда қабілетті баяндамашы мен тәлім беруші ақсақалдар жеткілікті болса, жыл сайын кеңес беруші ретінде басқа қабілетті ақсақалды тағайындап отыруға болады. Кеңес беруші әрбір тапсырмадан кейін кеңес беріп отыруы шарт емес.

 ҚОСЫМША СЫНЫПТАР

26. Оқушылардың санына қарай, қауымдар оқушылардың тапсырмалары үшін қосымша сыныптарды ұйымдастыра алады. Әр сыныпта қабілетті кеңес беруші (мүмкіндігінше ақсақал) болуы қажет. Бірақ керек болса, қабілетті қызмет көмекшісін де тағайындауға болады. Ақсақалдар кеңесі бұл қызметті кім атқаратынын және оны басқа да бауырластар кезектесіп атқара ма, соны шешеді. Кеңес беруші  18-абзацта жазылған нұсқауларды ұстануы керек. Қосымша сынып бар болса, тапсырмасы бар оқушыларды “Рухани асыл тастар” бөлігінен соң қосымша сыныпқа өтуге шақыру керек. Ал соңғы оқушының тапсырмасы біткен соң, олар қайтадан қауымға қосылулары қажет.

 БЕЙНЕРОЛИКТЕР

27. “Мәсіхшілік өміріміз бен қызметіміз” кездесуінде жұмыс дәптеріндегі кестеге сай бейнероликтер көрсетіледі. Апта ішіндегі кездесудің бейнероликтері JW Library® қосымшасында қолжетімді, әрі оларды әртүрлі құрылғыларда ойнатуға болады.

© 2023 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania

S-38-AZ 11/23