10 ҚАЗАН, 2019
ЖАПОНИЯ
Жапонияның оңтүстігіне Тапа тайфуны соққы берді
2019 жылы 21 мен 23 қыркүйек аралығында Жапонияның оңтүстігіне “Тапа” тайфуны соққы берді. Екпінді жел мен нөсерлі жаңбырдың салдарынан әуе рейстері кейінгі қалдырылып, теміржол қатынасы уақытша тоқтатылды, 30 000-нан астам үй электр қуатынсыз қалды. Окинава мен Кюсю аралдарында 50-ден астам адам жарақат алды.
Жапония филиалының есебіне сай, 5 жариялаушы жарақат алып, солардың арасындағы бір әйел бауырлас ауруханаға жатқызылды. 50-ден астам бауырластың үйіне зақым келді. Төтенше жағдайлар комитеті мен басқа да жауапты бауырластар дауылдан зардап шеккен бауырластарды азық-түлікпен, баспанамен қамтамасыз етіп жатыр. Сондай-ақ оларға рухани да көмек көрсетіліп жатыр. Жапония филиалы әрі қарай да бұл тайфунның салдарын қадағалап, қажетті көмек көрсетуді жалғастырады.
Осы бір қиын шақта Жапониядағы бауырластарымыз Ехобадан жұбаныш табу үшін оған әрі қарай да сенім арта берулерін сұрап дұға етеміз (Зәбүр 94:19).