4 СӘУІР, 2022
ЖАҺАН ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
Ехоба куәгерлері қайта қауышты
2022 жылдың 1 сәуірінен бастап Ехоба куәгерлерінің қауымдары ашылып, енді олар бетпе-бет жүздеседі. Арада екі жыл өткендіктен, көбісі бөтенсіп жүретін шығармыз деп уайымдаған сияқты. Алайда бір-бірін көргенде, бұл қорқыныштары ғайып болды. Бәрі күліп-жайнап, қуанғаннан жылап жатты, шаттана Патшалық әндерін шырқады.
Біреулер болса Патшалық сарайына бірінші рет келді.
“Мен Патшалық сарайына бірінші рет келіп тұрмын. Киелі кітапты бейнеконференция арқылы зерттегенмін. Ал шомылдыру рәсімінен өткенімді Zoom-мен көрсетті. Мен кездесулердің жалпы қалай өтетінін білетінмін, өйткені ол туралы көп видео көргенмін. Бірақ бауырластардың сүйіспеншілігін, қуанышын, мейірімділігін өз көзіңмен көру мүлдем бөлек сезім екен”,— дейді польшалық Кшиштоф Хошовский.
2020 жылдың наурыз айында бүкіл әлемде COVID-19 пандемиясы басталғанда, Ехоба куәгерлері діни кездесулерін бейнеконференция арқылы өткізе бастады. Қазір кездесулерге келе алмайтындар Zoom арқылы қосыла алады.
“Қауымға келіп, әнді бар даусыммен айта бастағанда, жүрегім алып-ұшты. Екі жылдың ішінде бірінші рет бауырластармен бас қостым, мен сондай бақытты болдым”,— дейді Эдинбургта (Шотландия) тұратын Нил Кэмпбелл есімді ер бауырлас.
Ехоба қауымдарымыздың шын есігін айқара ашып бергені үшін оған дән ризамыз (Зәбүр 84:10).
Ангола
Армения
Австралия
Чехия
Эквадор
Германия
Грекия
Гвинея
Жапония
Қазақстан
Малави
Нидерланд
Филиппин
Румыния
Шотландия
Оңтүстік Корея
Испания
Судан
Таиланд