2 ҚАЗАН, 2024
ЖАҺАН ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
Орталық Еуропада “Борис” дауылы көтеріліп, кей аймақтарды топан су басты
2024 жылдың 11 қыркүйегінде “Борис” дауылы Орталық Еуропаның кей аймақтарын өз уысына алды. Нәтижесінде нөсерлеп жаңбыр жауып, күшті жел тұрды. Ал 12 қыркүйекте оңтүстік Польшаға бағыт алған дауылдың салдарынан кей жерлерде бір тәулік ішінде 20 сантиметрге дейін жауын жауып, көп қалаларды су басты. Шелектеп құйған жаңбыр жергілікті тұрғындардың тұрмыс-тіршілігін тежеп, мыңдаған адамды электр қуатынсыз қалдырды. Келесі күні, 13 қыркүйекте, Чех Республикасының солтүстік бөлігінде жауын-шашын мөлшері жарты метрден асты. Осылайша үйлер, жолдар мен көпірлердің күл-талқаны шықты.
Кейін 14 қыркүйекте Румынияның көп ауылдық жерлерін 25 сантиметрге дейін су жайлады. 5000-ға жуық үй мен Галац уезіндегі екі дамба қирап қалды. Ал 18 қыркүйекте “Борис” Италияның солтүстігіне қарай бағыт алды. Екі-ақ тәулік ішінде біраз жерлерде жауын-шашын мөлшері 30 сантиметрге дейін көтеріліп, өзендер мен арықтардағы сулар тасып кетті.
Дауылдың кесірінен аталмыш төрт елдегі мыңдаған адамдар үйлерін тастап кетуге мәжбүр болды, кем дегенде, 19 адам қайтыс болды.
Бауырластарымыз жайлы ақпарат
Чех Республикасы
Бауырластарымыздың ешбірі қайтыс болған жоқ не жарақат алмады
79 жариялаушы үйлерін тастап кетуге мәжбүр болды
12 үйге айтарлықтай зақым келді
2 үйге кішігірім зақым келді
1 Патшалық сарайына үлкен зақым келді
1 Патшалық сарайына азын-аулақ зақым келді
Италия
Бауырластарымыздың ешбірі қайтыс болған жоқ, ешбірі жарақат алмады
63 жариялаушы үйлерін тастап кетуге мәжбүр болды
7 үйге үлкен зақым келді
21 үйге кішігірім зақым келді
1 Патшалық сарайына айтарлықтай зақым келді
4 Патшалық сарайына азын-аулақ зақым келді
Польша
Бауырластарымыздың ешбірі қайтыс болмады не жарақат алмады
87 бауырлас үйлерін тастап кетуге мәжбүр болды
61 үйге үлкен зақым келді
85 үйге кішігірім зақым келді
2 Патшалық сарайына айтарлықтай зақым келді
8 Патшалық сарайына азын-аулақ зақым келді
Румыния
Бауырластарымыздың ешбірі қайтыс болмады, ешбірі жарақат алмады
1 жариялаушы үйін тастап кетуге мәжбүр болды
2 үйге айтарлықтай зақым келді
5 үйге кішігірім зақым келді
Патшалық сарайының ешқайсысы қирамады, ешқайсысына зақым келмеді
Көрсетілген көмек
Дауылдан зардап шеккендерге көмектесу үшін 6 Төтенше жағдайлар комитеті құрылды
Аудандық бақылаушылар мен жергілікті ақсақалдар топан судан зардап шеккендерге рухани қолдау көрсетіп, керек-жарақтарын қамдап жатыр
Топан судан зардап шеккендер үшін дұға ете береміз. Сүйіспеншілігі мол Ехоба оларды жұбатып, қолдайтынына сенімдіміз (Ишая 40:11).