19 ҚАЗАН, 2023
РЕСЕЙ
Рустам Сеидкулиев бауырлас Ресей түрмесінен босаған соң Түрікменстанға жөнелтілді
Рустам Сеидкулиев бауырлас 7 сәуір, 2023 жылы Ресей түрмесінен босады. Бірнеше айдан соң, 17 қыркүйекте Түрікменстанға депортацияланды. Оның себебі — үкімет оны Ресей азаматтығынан айырды. Жұбайы Юлия жақын арада күйеуінің жанына баруға дайындалып жүр.
Рустам 7 ай үйқамақта, ал 23 ай түрмеде отырды. Сол уақытта ол Ехобаға нық сенім артып, оң көзқарас танытты. Темір тордан жазған бір хатында ол Киелі кітаптың қай кейіпкерлері оған демеу беріп жатқанын айтқан еді: “Маған әсіресе Набутай мен Мепібошеттің әрекеттері қатты ұнады. Оларға өтірік жала жабылса да, Ехобаға деген адалдығынан олар бір сәт те айныған жоқ. Солардың тамаша үлгісі маған әділетсіздікке төзуге және үмітімнен көзімді тайдырмауға көмек береді”.
Юлияға түрмедегі күйеуімен үш айда бір рет қана кездесуге рұқсат берген. Бірақ олар күнде телефонмен хабарласып, күнделікті тармақты және оған берілген түсініктемелерді бірге оқитын. Осылайша бір-бірін нығайтатын.
Түрмеге кетер алдында Рустам былай деген екен: “Ехоба барлық жағдайды бақылап отыр, сондықтан ол дер кезінде, ең дұрыс көмекті беруге әрдайым дайын тұрады. Бұған әбден көзім жетті”.
Ехобаны “пана әрі қорған” еткен бұл отбасына Құдай әрдайым жар болатынына біз нық сенімдіміз (Зәбүр 91:2).