14 АҚПАН, 2024
РЕСЕЙ
71-дегі Вилен Аванесов бауырлас тұтқыннан босатылды
2024 жылдың 9 ақпанында шамамен бес жылдай түрмеде отырған Вилен Аванесов бауырласымыз бостандыққа шықты. Ол 2019 жылы мамыр айында қамауға алынған еді. Ал 2021 жылдың 29 шілдесінде сот оны алты жылға түрмеге жапты. Вилен бауырластың тергеу изоляторында отырған мерзімі есептелгендіктен, оған жазаны толық өтеудің қажеті болмады. Онымен бір уақытта тұтқындалған ұлы Арсен болса, әлі темір тордың арғы жағында отыр.
Вилен бауырласымыздың бостандыққа шығуына аз қалғанда, оның жұбайы Стелла Аванесова былай деді: “Ең қиыны алғашқы екі жарым жыл болды. Ол кезде Вилен тергеу изоляторында соттың үкімін күтіп отырған еді. Мен қатты уайымға салындым. Бізге сөйлесуге мүлдем мұрша берілмеді, тіпті хат та жазыса алмадық. Мұнымен қоса, күйеуім де, ұлым да түрмеде жатқандықтан, отбасымды қалай асыраймын деп қынжылдым”.
Қиындықтарға қарамастан Вилен мен Стелла бауырластарымыз Ехобаның қолдауынан таса қалмады. Стелла бауырласымыз әрі қарай былай деді: “Вилен маған сот отырысына келген сайын бауырластарды көргенде, қатты қуанатынын айтқан еді. Бұл оған Ехоба оның қасында екеніне сенімділік беретін. Ал маған келсек, Ехоба қажетімнің бәрін беріп отырды. Ехоба оған сенім артатындарды ешқашан қалдырмайтынына жүз пайыз көзім жетті”.
Вилен мен Стелла бауырластарымыздың қайта қауышқанына қуаныштымыз. Сондай-ақ ұлдары Арсен үшін және абақтыға жабылған барлық бауырластарымыз үшін талмай дұға ете береміз. Ехоба өзіне адал жандар үшін нұр, құтқарушы әрі қорған болып қала беретініне сенімдіміз (Зәбүр 27:1).