Мазмұнға өту

25 ШІЛДЕ, 2017
УКРАИНА

Ехоба куәгерлерінің Украинадағы филиалында өткен ашық есік күніне билік өкілдері келді

Ехоба куәгерлерінің Украинадағы филиалында өткен ашық есік күніне билік өкілдері келді

ЛЬВОВ, Украина. 2017 жылдың 2 мамырында Ехоба куәгерлерінің Украинадағы филиалында көпшілік үшін ашық есік күні ұйымдастырылды. Бір күндік осы оқиға барысында мемлекеттік қызметкерлер, жергілікті билік өкілдері, зиялы қауым мен кәсіпкерлер, сондай-ақ көрші-қолаң филиал жұмысымен танысты.

Балаларға арналған бұрыш

Филиал ашық есік күніне арнайы көрмелер ұйымдастырып, филиалдың қызметі жайында суреттер мен видеолар, тарихи мұражай мен балаларға арналған бұрыштар дайындады. Украинадағы Ехоба куәгерлерінің өкілі Иван Ригер былай деді: “2001 жылдан бері ашық есік күні бірінші рет ұйымдастырылып отыр. Біз бұл елде үйден үйге уағыздап, Киелі кітап жайлы айтатынымызбен танымалмыз. Енді көрші-қолаңдарымыз бізге келіп, филиалымыздың қызметі мен қоғамға қандай пайда тигізіп жатқанын көрсе екен дедік”.

Тарихи мұражайда қонақтар Украинадағы Ехоба куәгерлерінің тереңде жатқан тарихы жайлы білді

Мәдениет министрлігінің діни істер мен ұлт жөніндегі департаментінің директоры — Андрей Юраш

Мәдениет министрлігінің діни істер мен ұлт жөніндегі департаментінің директоры Андрей Юраш алған әсерін былай жеткізді: “Ехоба куәгерлерінің діни ұйымы қоғаммен, ұйым мүшелерімен, жалпы адамдармен қарым-қатынаста үйлесімділік болу үшін не істеуге болатынын көрсетті”.

Үстіміздегі жылы Ехоба куәгерлері Камерундағы филиалда, сондай-ақ Уорвиктегі (Нью-Йорк) дүниежүзілік бас басқармада ашық есік күнін өткізді.

Байланысу:

Халықаралық: Давид Симонян, Қоғамдық ақпарат бюросы, тел: +1-845-524-3000

Украина: Иван Ригер +38-032-240-9323