Мазмұнға өту

ЖАСТАРДЫҢ САУАЛДАРЫ

Оральды секс кәдімгі секс пе?

Оральды секс кәдімгі секс пе?

АҚШ-тың Ауруларды бақылау мен алдын алу орталығының мәлімдеуінше, 15-тен 19-ға дейінгі жасөспірімдер арасында жүргізілген сауалнамаға сай, олардың жартысына жуығы оральды секспен айналысқан екен. Оральды секс тақырыбына кітап жазған Шарлин Азам былай дейді: “Жасөспірімдерге [оральды секс туралы] айтсаң, “онда тұрған ештеңе жоқ” деген сөзді естисің. Негізінде олар мұны нағыз секс деп есептемейді” (“Oral Sex Is the New Goodnight Kiss”).

 Сен не ойлайсың?

Келесі сұрақтарға “иә” не “жоқ” деп жауап бер:

  1. Оральды секспен айналысқан қыз жүкті болып қала ма?

    1. А. Иә.

    2. Ә. Жоқ.

  2. Оральды секстің денсаулыққа зияны бар ма?

    1. А. Иә.

    2. Ә. Жоқ.

  3. Оральды секс кәдімгі секс пе?

    1. А. Иә.

    2. Ә. Жоқ.

 Айғақтар не дейді?

Өз жауаптарыңды төмендегілермен салыстырып көр:

  1. Оральды секспен айналысқан қыз жүкті болып қала ма?

    Жауап: Жоқ. Жастардың оны қауіпсіз деп жаңсақ ойлайтындарының бір себебі — осы.

  2. Оральды секстің денсаулыққа зияны бар ма?

    Жауап: Иә. Оральды секспен айналысатын адам А не В гепатитін, сүйел, соз, ұшық, АИТВ, мерез ауруларын жұқтырып алуы мүмкін.

  3. Оральды секс кәдімгі секс пе?

    Жауап: Иә. Өзге адамның жыныс мүшелеріне қатысты жасалатын әрекеттердің бәрі секспен айналысу болып есептеледі. Бұған кәдімгі жыныстық қатынас, оральды және анальды секс, басқа адамға мастурбация жасау да жатады.

 Неге бұл маңызды мәселе?

Оральды секске қатысы бар кейбір тармақтарды қарастырып көрейік.

Киелі кітапта былай делінген: “Құдай сендердің қасиетті болғандарыңды қалайды, сондықтан азғындықтан аулақ болыңдар” (Салоникалықтарға 1-хат 4:3).

Түпнұсқа тілінен “азғындық” деп аударылған сөз — оральды және анальды сексті, басқа адамға мастурбация жасауды қоса алғанда — некеден тыс жасалған барлық интимді қатынасқа нұсқайды. Азғындық жасаған адам мұның ащы салдарын тартады. Олардың ең ауыры — Құдаймен қарым-қатынастың бұзылуы (Петірдің 1-хаты 3:12).

Киелі кітапта былай делінген: “Азғындық жасайтын адам өз денесіне қарсы күнә істейді” (Қорынттықтарға 1-хат 6:18).

Оральды секспен айналысу тәндік жағынан да, рухани жағынан да залал келтіреді. Сондай-ақ бұл адамның эмоциялық күйіне кері әсер етеді. Бұған қатысты бір кітапта былай делінген: “Адамның өзін біреу қолданып кеткендей сезінуі, опық жеуі не дәрменсіз күй кешуі — тек вагинальді жақындасуға ғана тән нәрсе емес. Орынсыз жағдайда айналысқан секстің кез келген түрі жағымсыз сезімдер тудырады. Секстің аты — секс” (Talking Sex With Your Kids).

Киелі кітапта былай делінген: “Мен Құдайларың Ехобамын. Мен сендерге пайдалыны үйретемін” (Ишая 48:17).

Құдайдың жыныстық қатынасқа қатысты заңдары сен үшін шынымен пайдалы екеніне сенесің бе? Әлде оларды шектеу деп қабылдайсың ба? Жауап беруіңе оңай болу үшін, көлік үзілмейтін көшеге орнатылған бағдаршам, жылдамдық шектеуі мен “тоқта” деген белгілер жайында ойланып көрші. Бұл белгілерді сен шектеу деп қарастырасың ба, әлде қорғаныш деп есептейсің бе? Сен немесе басқа бір жүргізуші оларды елемесе не болады?

Жол белгілері еркіндігіңді шектегенмен, сені қорғайды. Сол сияқты Құдай заңдары да шектеулер қойғанмен, жамандықтан аман сақтайды

Құдайдың талаптары да сондай: оларды елемейтін болсаң, еккен жемісіңді орасың (Ғалаттықтарға 6:7). Жыныстық қатынас туралы бір кітапта: “Ұстанымдарың мен құндылықтарыңды елемей, өзің бұрыс деп есептейтін істерді қаншалықты көп істесең, өзіңді соншалықты аз құрметтейсің” (“Sex Smart”). Ал Құдайдың талаптарына сай өмір сүрсең, рухыңның берік екенін көрсетесің. Бұған қоса, ар-ұжданыңды таза сақтайсың (Петірдің 1-хаты 3:16).