Мазмұнға өту

Фломастерлік анимация

Бұл қысқа анимациялық сабақтар жастарға жақын өзекті мәселелерді қызықты да тартымды етіп талқылайды.

 

Неге шыншыл болу керек?

Жетістікке жету үшін өтірік айту керек пе? Шыншыл болудың қандай артықшылықтары бар екенін біл.

Ақылды бол, таза жүр

Өзіңді де, айналаңды да таза ұстап, жинақы болып жүрсең, өзіңе де, жанындағы адамдарға да жақсы болады. Бұл денсаулығың үшін де пайдалы әрі стресті де азайтады.

Ақша ұстай білесің бе?

Ақшаны қазір дұрыс ұстай білсең, кейін оны игілігіңе жарата аласың!

Темекінің түтініне тұншығып қалма

Кәдімгі не электронды шылым шегетін адамдар өте көп. Біреулер бұл әдеттен арылса, тағы біреулері күресіп жүр. Сонда темекі тарту расымен де қауіпті ме?

Видео ойындар. Озамын деп, тозып жүрген жоқсың ба?

Видео ойын ойнаған қызықты болар, бірақ оның қауіпті жақтары да бар. Солардан сақ бол.

Мұңнан арылып, қуанышқа кенел!

Жиі көңілің түсіп, мұңға батқанда не істесең болады?

Спорттың өміріңдегі орны қандай?

Спорттың арқасында сен ұжымдық жұмысты, басқалармен тіл табысуды үйренесің. Бірақ спорттың өмірде басты орында тұрғаны дұрыс па?

Ішпес бұрын салдарын ойла

Ішімдіктің әсерімен көбісі кейін өкінетін сөздер айтып, істер жасап жатады. Ішімдікке салынудың салдарынан туындайтын қиындықтар мен қауіптен өзіңді қалай қорғай аласың?

Ата-анаммен қалай тіл табыссам екен?

Зауқың болмай тұрғанда ата-анаңмен қалай сөйлессең болады?

Кім қожа: сен бе, құрылғың ба?

Ғаламтор заманында өмір сүрсең де, ол емес, сен оған қожа бола аласың. Құрылғыңа тәуелді болып қалғаныңды қалай анықтауға болады? Бұл дерттен қалай жазылуға болады?

Көбірек еркіндік алу үшін не істесем болады?

Мен енді ересек болдым деп ойлайтын шығарсың, бірақ ата-анаң бұнымен келісе ме? Олардың сеніміне кіру үшін қандай қадамдар жасасаң болады?

Өсектен қашық бол

Жай әңгіме өсекке ұласып бара жатқанын байқасаң, бірден әрекет ет!

Бұл махаббат па, әлде құмарлық па?

Құмарлық пен шын махаббатты қалай ажыратуға болатынын біл.

Құрдастардың қысымына төтеп бер!

Құрдастардың қысымына төтеп беруге көмектесетін төрт қадам жайлы біл.

Әлеуметтік желіні ақылмен қолдан

Достарыңмен онлайн араласуың қызықты да қауіпсіз болсын.

Нағыз дос қандай болады?

Өтірік достар көп, бірақ шын досты қалай таба аласың?

Бұзақыларды жұдырықсыз жеңе біл

Балалар неліктен мазақтайтынын және оларға қалай қарсы тұруға болатынын біліңдер.