Киелі кітап отбасымды бақытты етуге көмектесе ала ма?
Киелі кітаптың жауабы
Иә. Миллиондаған адамға отбасы өмірін бақытты етуге көмектескен Киелі кітаптағы бірнеше пайдалы кеңесті сізге де ұсынамыз.
Некеңізді тіркеңіз. Заңды некеге тұрып, өмірлік одақ құру отбасының бақытты болуына жол ашады (Матай 19:4—6).
Жарыңызды сүйіп, сый-құрмет танытыңыз. Жұбайыңыз сізге қалай қарасын десеңіз, сіз де оған солай қараңыз (Матай 7:12; Ефестіктерге 5:25, 33).
Ауыр сөздер айтудан аулақ болыңыз. Жарыңыз жанға бататындай сөйлеп не әрекет еткенде, жылы-жұмсақ сөйлеуге тырысыңыз (Ефестіктерге 4:31, 32). Киелі кітапта: “Биязы жауап ашуды басар, ауыр сөз ыза тудырар”,— делінген (Нақыл сөздер 15:1).
Бір-біріңізге адал болыңыздар. Жыныстық құштарлық пен ынтық сезіміңізді тек жұбайыңызға арнаңыз (Матай 5:28). Құдай Сөзінде былай делінген: “Барлығы некеге құрметпен қарасын, ешкім жар төсегін былғамасын!” (Еврейлерге 13:4).
Балаларыңызды сүйіспеншілікпен тәрбиелеңіз. Тым жұмсақ не тым қатал болмаңыз (Нақыл сөздер 29:15; Қолостықтарға 3:21).