Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

Киелі кітапта не делінген?

Киелі кітапта не делінген?

Өмірден өткен соң адаммен не болады?

КЕЙБІР АДАМДАРДЫҢ ОЙЫНША, адам өлгенде, жаны әрі қарай өмір сүре береді. Алайда өліммен бәрі бітеді дегенге сенетіндер де бар. Ал сіз не нәрсеге сенесіз?

КИЕЛІ КІТАПТА БЫЛАЙ ДЕЛІНГЕН:

“Өлгендер ештеңе білмейді” (Уағыздаушы 9:5). Адам қайтыс болғанда ол тіршілік етуін тоқтатады.

КИЕЛІ КІТАПТА ТАҒЫ НЕ ЖАЗЫЛҒАН?

  • Адам ата өлген кезде қайтадан топыраққа айналды (Мұсаның 1-жазбасы 2:7; 3:19). Сол сияқты, адамдардың барлығы өмірден өткенде топыраққа айналады (Уағыздаушы 3:19, 20).

  • Дүниеден озған адам күнәларынан арылады, яғни оның күнәлары кешіріледі (Римдіктерге 6:7). Адам қайтыс болған соң жасаған күнәлары үшін жазаға ұшырамайды.

Марқұм болғандар қайтадан өмір сүре ме?

ҚАЛАЙ ЖАУАП БЕРЕР ЕДІҢІЗ?

  • Иә

  • Жоқ

  • Мүмкін

КИЕЛІ КІТАПТА БЫЛАЙ ДЕЛІНГЕН:

“Құдай әділдерді де, әділетсіздерді де қайта тірілтеді” (Елшілердің істері 24:15).

КИЕЛІ КІТАПТА ТАҒЫ НЕ ЖАЗЫЛҒАН?

  • Киелі кітапта өлім ұйқыға теңеледі (Жохан 11:11—14). Бізге ұйықтап жатқан адамды ояту оңай болғанындай, Құдайға да өлген адамдарды өлім ұйқысынан тұрғызу оңай (Әйүп 14:13—15).

  • Киелі кітапта өмірден өткен адамдардың қайта тірілгені жайлы бірнеше оқиға жазылған. Бұл оқиғалар — өлген адамдар шынымен де қайта тірілетінінің бұлтартпас дәлелі (Патшалар 1-жазба 17:17—24; Лұқа 7:11—17; Жохан 11:39—44).