Осы дүниенің өзімшілдік рухына бой алдырмаңыз
БАЙҚАҒАН шығарсыз, көп адам өз құқықтарын алға тартуға, ерекше сый-құрмет талап етуге бейім. Мақтап, асты-үстіне түскен сайын олар одан да көп сый-құрмет күтеді. Адамдардың осындай өзімшіл, алғысты білмейтін болып кеткені бізді таңғалдырмайды. Өйткені бұл — біз өмір сүріп жатқан соңғы күндердің белгісі (Тім. 2-х. 3:2).
Мұндай өзімшіл адамдар бұрын да болған. Мысалы, Адам мен Хауа ненің жақсы, ненің жаман екенін өздері шешкісі келген. Бұның ащы салдарын әлі күнге дейін тартып жүрміз. Ғасырлар өте Яһуда патшасы Ұзиях та ғибадатханада хош иісті зат түтетуге құқылымын деп өзімшілдік танытқан. Патшаның бұл әрекеті үлкен қателік болды (Шеж. 2-ж. 26:18, 19). Ал бірінші ғасырда парызшылдар мен саддукейлер Ыбырайымның ұрпағы болғаны үшін өздерін ерекше санап, Құдайдың рақымына лайықпыз деп есептеген (Мат. 3:9).
Өзімшіл, атаққұмар адамдардың арасында өмір сүріп жатқандықтан, олардың рухы бізге де жұғып кетуі мүмкін (Ғал. 5:26). Содан өзімізді ерекше қызметке, көбірек сый-құрметке лайықпыз деп ойлай бастауымыз мүмкін. Мұндай ойдан қалай аулақ бола аламыз? Бұл үшін алдымен Ехобаның көзқарасын біліп алуымыз керек. Бұл орайда Киелі кітаптағы екі принцип көмек болады.
Кімге қандай құрмет тиесілі екенін Ехоба шешеді. Кейбір мысалдарға назар аударайық.
-
Ефес. 5:33). Ерлі-зайыптылар махаббаттары мен нәзік сезімдерін тек бір-біріне ғана көрсетуі тиіс (Қор. 1-х. 7:3). Ата-аналар балаларынан мойынсұнуды талап етуге құқылы, ал балалар ата-ананың сүйіспеншілігі мен қолдауына бөленіп өсу керек (Қор. 2-х. 12:14; Ефес. 6:2).
Отбасында әйелі күйеуін құрметтейтінін, ал күйеу әйелін жақсы көретінін көрсетіп жүру керек ( -
Қауымда ауыр еңбек етіп жүрген ақсақалдар құрметімізге лайық (Сал. 1-х. 5:12). Алайда бауырластарға үстемдік етуге олардың құқығы жоқ (Пет. 1-х. 5:2, 3).
-
Құдай адами үкіметтерге біршама билік пен құқық берген. Сондықтан олар өз азаматтарынан салық төлеуді, бағынуды талап ете алады (Рим. 13:1, 6, 7).
Лайық болмасақ та, Ехоба бізді құрметке бөлейді. Күнәкар болғандықтан, біз тек өлімге лайықпыз (Рим. 6:23). Соған қарамастан Ехоба бізге батасын үйіп-төгіп беріп жатыр, өйткені оның бізге деген айнымас сүйіспеншілігі зор (Зәб. 103:10, 11). Біздің баталарға кенеліп, қауымда әртүрлі қызмет атқарып жүргеніміз тек Ехобаның рақымының арқасы (Рим. 12:6—8; Ефес. 2:8).
ӨЗІМШІЛДІККЕ БОЙ АЛДЫРЫП ҚОЙМАС ҮШІН НЕ ІСТЕУІМІЗ КЕРЕК?
Осы дүниенің көзқарасынан сақ болыңыз. Абай болмасақ, өзімізді өзгелерден артық санай бастауымыз ғажап емес. Мұны тіпті өзіміз аңдамай қалуымыз да мүмкін. Бұндай көзқарасқа бой алдыру қаншалықты оңай екенін біліп, Иса жұмысшылар жайлы бір мысал айтты. Жұмысшылардың кейбірі аптап ыстықта азаннан кешке дейін жұмыс істесе, кейбірі бір-ақ сағат жұмыс істеді. Күні бойы еңбек еткен жұмысшылар жоғары жалақы алуға құқылымыз деп ойлады, бірақ жұмысшылардың бәріне бір-бір динардан берілді (Мат. 20:1—16). Бұл мысалмен Иса шәкірттеріне Құдай не берсе, соны қанағат етуді үйретті.
Талапшыл емес, ризашыл болыңыз (Сал. 1-х. 5:18). Бұл ретте елші Пауылға еліктеңіз. Құқығы болса да, ол Қорынттағы бауырластардан қаржылай көмек талап етпеген (Қор. 1-х. 9:11—14). Біз де талапшыл болудан аулақ болып, көріп жатқан әрбір батамызға ризашылық білдірейік.
Кішіпейіл болыңыз. Адам өзі жайлы тым көп ойласа, бұрынғыдан да көбірек құрметке лайықпын деп санай бастауы мүмкін. Бұндай қауіпті ойға қарсы тұрудың ең жақсы жолы — кішіпейіл болу.
Даниял пайғамбар кішіпейілділік таныту жағынан керемет үлгі қалдырған. Беделді отбасынан шыққанын, келбетті, ақылды, қабілетті болғанын ескерсек, оның беделді қызмет не ерекше сый-құрмет дәметуіне болар еді (Дан. 1:3, 4, 19, 20). Бірақ Даниял кішіпейіл болып қалды. Оны Ехобаның көз алдында бағалы еткен де дәл осы қасиеті еді (Дан. 2:30; 10:11, 12).
Ендеше, дүниеде кең таралған өзімшілдік рухына бой алдырып жүрмейік. Қайта, Ехобаның рақымының арқасында ие болған баталарымыздан қуаныш таба берейік.