Зерттеу әдісі
Жаңа түсініктерге ілесіп отыру үшін не істесек болады?
Ехоба бүгінде өз Сөзіндегі шындықтарды аша түсуде. Осындай керемет уақытта өмір сүріп жатқанымызға қуанамыз (Дан. 12:4). Бірақ Киелі кітаптағы шындықтарға қатысты түсінігіміз өзгергенде, оларға ілесіп отыру кейде қиын болуы мүмкін. Өзгерген түсініктер мен олардың түсіндірмесін қайдан табуға болады?
• “Ехоба куәгерлерінің ізденіс құралына” кіріп, өзгерген түсініктердің біразын тақырып бойынша таба аласыз. Бұл үшін “Ехоба куәгерлері” деген тақырыпқа кіріп, “Көзқарастар және нанымдар” және “Түсінігіміздің молая түсуі” деген тақырыпшаны қараңыз.
• Ал жаңа түсініктердің барлығын орысша “Индекс публикаций Сторожевой башни” деген көрсеткіштен таба аласыз. Онда өзгерген түсініктер жылдар бойынша бөлінген. Тақырыптар тізімін табу үшін “Күзет мұнарасының кітапханасына” не “Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫНА” (ор.) кіріп, іздеу жолағына “Уточнение в понимании” деп жазыңыз.
Жеке зерттеуіңізде соңғы бір жаңа түсінікті алып, түсінігіміз қалай өзгергенін және ол Жазбаларға сай неге өзгертілгенін ізденіп көріңіз.