Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

ЗЕРТТЕУ ӘДІСІ

Рухани асыл тастар тауып, өмірде қолданыңыз

Рухани асыл тастар тауып, өмірде қолданыңыз

Киелі кітапты оқығанда рухани асыл тастар табу үшін ізденіс жасасақ болады. Ізденістің толық пайдасын көру үшін не істей аламыз?

Киелі кітаптағы сол үзінді жайлы толығырақ білу үшін терең қазыңыз. Мысалы, оны кім, қашан, кімге арнап жазғанын біліңіз. Ол кезде жағдай қандай болды? Оған дейін, одан кейін қандай оқиғалар орын алды?

Мынадай сұрақтар бойынша ойланып, сабақ алыңыз: “Осында айтылған адамдар не сезінді? Қандай қасиеттер танытты? Олардың қай қасиеттеріне еліктеп, қайсысынан аулақ болуым керек және неге?”

Қызметте я басқалармен қарым-қатынас жасағанда, білгендеріңізге сай әрекет етіңіз. Сонда Иса айтқандай, “осыларды біліп қана қоймай, соған сай әрекет етсек, бақытты” боламыз (Жох. 13:17).

  • Кәдеге жарар: Апта ішіндегі кездесудегі Құдай сөзінде жатқан қазына бөлігіндегі ойлар бізге білгенімізді өмірде қолдануға көмектеседі. Бұл бөлікте әдетте өзімізді тексеруге арналған сұрақтар, ой жүгіртер тұстар және мұқият қарастырар суреттер болады.