28-ЗЕРТТЕУ МАҚАЛАСЫ
Бір-бірімізді бақталастыққа итермелемей, татулық сақтайық
“Атаққұмар болып, бір-бірімізді бақталастыққа итермелемейік, іштарлық та жасамайық” (ҒАЛ. 5:26).
101-ӘН Бірлесе қызмет етейік
АҢДАТПА *
1. Бақталастық рухы адамдарға қалай әсер етуде?
БҰЛ дүниеде бір-бірін басып озып, бақталасатын адамдар өте көп. Мысалы, кәсіпкерлер өз бәсекелестерінен асып түсу үшін зымиян әрекеттерге барады. Спортшы жарыста жеңу үшін қарсыласын жарақаттаудан тайынбайды. Үздік университеттегі орындарға таласқан студенттер болса емтиханда түрлі қулыққа барады. Алайда мәсіхшілер мұндай әрекеттердің дұрыс емес екенін, олар “тәннің істеріне” жататынын жақсы біледі (Ғал. 5:19—21). Дегенмен олар қауымда өздері байқамай бақталастық рухын таратуы мүмкін. Бұл бейжай қарайтын мәселе емес, өйткені бақталастық қауымның бірлігін бұзады.
2. Бұл мақалада не қарастырамыз?
2 Бұл мақалада бауырластарымызбен жарысуға қандай жаман қасиеттер түрткі болатынын көреміз. Сондай-ақ бақталастық рухына берілмеген адал ерлер мен әйелдердің үлгілеріне назар аударамыз. Бірақ, алдымен, ниетімізді қалай тексеруге болатынын білейік.
НИЕТІҢІЗДІ ТЕКСЕРІҢІЗ
3. Ниетімізді тексеру үшін өзімізге қандай сұрақтар қоюымыз керек?
3 Біз ниетімізді арагідік тексеріп отыруымыз керек. Мысалы, мынадай сұрақтар арқылы: “Өзіме баға беру үшін өзімді басқалармен салыстырамын ба? Өзгеден қай жағынан артық екенімді ойлағанда ғана өзіме көңілім тола ма?
Не істесем де бәрінен асып түсуді қалаймын ба, немесе кем дегенде, мына бауырластан жоғары болуым керек деймін бе? Әлде барлығын Ехоба үшін істеуге тырысамын ба?” Неге осы сұрақтар туралы ойланған маңызды?4. Ғалаттықтарға 6:3, 4-те айтылғандай, неліктен өзімізді өзгелермен салыстырмауымыз керек?
4 Киелі кітап өзімізді өзгемен салыстыру дұрыс емес екенін айтады (Ғалаттықтарға 6:3, 4 оқыңыз). Өйткені біреуден қай жағынан артық екенімізді ойласақ, кеуде көтеріп кетуіміз мүмкін. Ал қай жағынан кем екенімізді ойласақ, түңіліп кетуіміз мүмкін. Бұл ойлардың екеуі де естілікке жатпайды (Рим. 12:3). Грекияда тұратын Катерина * деген әйел бауырлас былай дейді: “Мен бұрын өзімді менен әдемірек, жақсы уағыздайтын, басқалардың тез тілін тауып, достасып кететін бауырластармен көп салыстыратынмын. Нәтижесінде өзімді түкке тұрғысыз сезініп кеттім”. Бірақ Ехоба бізді өзіне не үшін жақындатып тартқанын ұмытпайық. Ол бізді әдемілігіміз үшін, тіл байлығымыз үшін немесе досымыз көп болғандықтан емес, оны сүйетініміз үшін және Ұлына мойынсұнуға дайын болғанымыз үшін өзіне жақындатып тартты (Жох. 6:44; Қор. 1-х. 1:26—31).
5. Хюн бауырластың мысалынан қандай сабақ аламыз?
5 Біз өзімізге тағы мынадай сұрақ қойғанымыз жөн: мен бауырластарымның арасында қандай адаммын, татуластырушымын ба, әлде дауласуға бейіммін бе? Оңтүстік Кореяда тұратын Хюн деген ер бауырластың оқиғасын қарастырайық. Бір уақыттары ол қауымда жауапкершілігі бар өзге бауырластармен жарысып, оларды бақталасындай көрген екен. “Мен оларды сынап-мінеп, айтқандарымен үнемі келіспейтінмін. Менің осындай көзқарасымның салдарынан қауымның бірлігі бұзылды”,— дейді Хюн. Бірақ оған достары көмектесіп, ол қажетті өзгерістер жасады. Қазір Хюн қауымда тамаша ақсақал болып қызмет етеді. Егер өзіміздің қауымда татулыққа емес, бақталастыққа үндеп жүргенімізді байқасақ, дереу әрекет етейік.
АТАҚҚҰМАРЛЫҚ ПЕН ІШТАРЛЫҚТАН АУЛАҚ БОЛАЙЫҚ
6. Ғалаттықтарға 5:26-ға сай, қандай жаман қасиеттер бақталастық тудырады?
6 Ғалаттықтарға 5:26 оқыңыз. Қандай жағымсыз қасиеттер бақталастық тудырады? Олардың біреуі — атаққұмарлық. Атаққұмар адам тек өз басын ойлайды және менмен келеді. Екіншісі — іштарлық. Іштар адам өзгеде бар нәрсені көре алмайды, ол нәрсе ода болмай, тек менде ғана болса екен дейді. Ашығын айтсақ, іштарлық жек көруге жатады. Мұндай жаман қасиеттерді бойымызға еш жуытпайық!
7. Атаққұмарлық пен іштарлық неге әкеп соғады? Мысал келтіріңіз.
7 Атаққұмарлық пен іштарлықты ұшақтың жанармайына түскен қоқымға теңеуге болады. Бұндай жанармаймен ұшақ әуеге көтерілетін де шығар, бірақ қоқымдар жанармайдың жүретін жолын бітеп қалғандықтан, қозғалтқыш дәл қонар алдында істен шығып, ұшақ апатқа ұшырауы мүмкін. Сол сияқты адам Ехобаға біраз уақыт қызмет етуі мүмкін. Бірақ атаққұмарлық пен іштарлықтан арылмаса, түбінде күйрейді (Нақ. с. 16:18). Ол Ехобаға қызмет етуін доғарып, өзіне де, өзгеге де зияндық әкеледі. Олай болса атаққұмарлық пен іштарлықтан қалай аулақ бола аламыз?
8. Атаққұмар болып кетпеу үшін не істеуіміз керек?
Філіп. 2:3). Басқаларды өзімізден жоғары қойсақ, бізден дарынды, қабілетті бауырластармен жарыспаймыз. Қайта, олар үшін қуанамыз. Әсіресе осы қабілет-дарындарын Ехобаны даңқтау үшін қолданып жүргендеріне қатты қуанамыз. Өз кезегінде, сол дарынды бауырластар да Пауылдың кеңесіне құлақ асып, біздің бойымыздағы жақсы қасиеттерді көре білгендері жөн. Сонда барлығымыз да қауымның татулығы мен бірлігін сақтаймыз.
8 Атаққұмар болып кетпеу үшін Пауылдың філіпіліктерге жазған мына кеңесін есте ұстауымыз керек: “Күншіл не атаққұмар болмай, қайта, кішіпейілділікпен басқаларды өздеріңнен жоғары қойыңдар” (9. Іштарлықтан қалай аулақ бола аламыз?
9 Іштарлықтың дауасы — қарапайымдылық, яғни өзіміздің шама-шарқымызды білу. Қарапайым болсақ, өзгелерден қабілеттірек екенімізді дәлелдеуге тырыспаймыз. Қайта, қабілетті бауырластардан үйренуге талпынамыз. Мысалы, қауымда бір ер бауырлас баяндаманы майын тамызып айтатын болса, одан қалай дайындалатынын сұрап алсақ болады. Ал әйел бауырлас тамаша аспаз болса, одан дәмді тамақ пісіруді үйреніп алсақ болады. Немесе қауымдағы жас бауырласқа дос табу қиын болса, ол өзгелермен тез тіл табысып, дос болып кететін бауырластан кеңес сұраса болады. Осылай біз іштарлықтан аулақ боламыз және қабілеттерімізді шыңдаймыз.
КИЕЛІ КІТАП КЕЙІПКЕРЛЕРІНЕН ҮЙРЕНЕЙІК
10. Гедеон қандай қиындыққа кезікті?
10 Манаса руынан шыққан Гедеон мен ефрем руынан шыққан кісілердің арасында болған бір жағдайды алайық. Гедеон мен оның 300 сарбазы Ехобаның арқасында керемет жеңіске жетеді. Бұл жеңістен кейін олар кеуде көтеріп кетсе болар еді, бірақ олар өйтпеді. Ефремдіктер жеңімпаздарды қуана қарсы алудың орнына шатақ шығарып, Гедеонға ұрса бастады. Гедеонның оларды шайқасқа басынан бастап шақырмағаны Би. 8:1).
намыстарына тисе керек. Гедеон болса Ехобаның есімін мадақтап, оның халқын қорғаған еді. Ефремдіктер осы маңызды жайтты ұмытып, өз руларының ғана абыройын ойлап кетті (11. Гедеон ефремдіктерге қалай жауап берді?
11 Гедеон ефремдіктерге: “Сендермен салыстырғанда менің істегенім түк те емес қой!”— деп кішіпейілділікпен жауап берді. Кейін, Ехоба оларды да жарылқаған бір жағдайды айтып берді. Осы сөздерден кейін, “олардың ашуы басылды” (Би. 8:2, 3). Гедеон өз намысынан гөрі Құдай халқының арасындағы татулықты көбірек ойлады.
12. Ефремдіктерден және Гедеоннан не түйеміз?
12 Біз осы оқиғадан не түйеміз? Біз ефремдіктер сияқты, Ехобаның абыройынан гөрі өз абыройымызды ойлап кетпеуіміз керек. Ал Гедеоннан әсіресе ақсақалдар мен отағалары үлгі ала алады. Егер біреу бізге наразылығын білдірсе, жағдайға оның көзімен қарауға тырысайық. Сондай-ақ адамды жақсы бір ісі үшін мақтайық. Онікі мүлдем дұрыс емес екенін анық көріп тұрғанда, бұлай ету оңай емес шығар. Бірақ кішіпейіл болайық, өйткені өз абыройымыздан гөрі татулық әлдеқайда қымбат.
13. Ханна қандай қиындық көрді және бұны қалай жеңді?
13 Енді Ханнаның оқиғасын көрейік. Ол Елқана есімді леуіліктің сүйікті жары болды. Бірақ Елқананың Пәнана деген екінші әйелі де бар еді. Ол Пәнананы Ханнаны сүйгендей сүймейтін. Алайда “Пәнананың балалары болды, ал Ханна құрсақ көтермеді”. Пәнана оны “ренжіту үшін” бедеулігін бетіне басып, мазақ қылатын. Бұл Ханнаның жанына батқаны сонша, ол “көз жасын төгіп, нәр татпай қоятын” (Сам. 1-ж. 1:2, 6, 7). Бірақ Ханнаның Пәнанаға кек қайтарғаны жайлы Киелі кітаптың еш жерінен оқымаймыз. Ол бар қайғысын Ехобаға артып, оның жағдайға араласатын кезін күтті. Ал Пәнананың Ханнаға деген көзқарасы өзгерді ме? Киелі кітапта бұл жайлы да ештеңе айтылмаған. Бірақ бір білетініміз — Ханна жантыныштығына ие болып, жүзінен “қайғының нышаны байқалмайтын болды” (Сам. 1-ж. 1:10, 18).
14. Ханнадан қандай үлгі аламыз?
14 Ханнадан қандай үлгі аламыз? Егер әлдекімнің сізбен жарысып, асып түскісі келетінін байқасаңыз, одан күшті екеніңізді дәлелдеудің қажеті жоқ. Жамандыққа жамандықпен қайтармаңыз. Қайта, адаммен тату болуға ұмтылыңыз (Рим. 12:17—21). Тіпті ол татуласқысы келмесе де, сіз жантыныштығын сақтап қаласыз.
15. Аполлос пен Пауылдың қандай ұқсастықтары болды?
15 Ал енді Аполлос пен елші Пауылдан
қандай үлгі алатынымызды қарастырайық. Олардың екеуі де Жазбаларды жақсы білген. Екеуі де көпке танымал шебер тәлімгер болған. Сондай-ақ екеуі де көп шәкірт дайындаған. Бірақ олар ешқашан бір-бірімен бақталаспаған.16. Аполлос қандай адам болған?
16 Аполлос I ғасырда оқу-білімнің орталығы болған “Александрияда туып-өскен”. Ол “Жазбаларды жақсы білетін сөзге шешен адам еді” (Ел. іс. 18:24). Аполлос Қорынтта қызмет еткен кезде, сол жердегі кейбір бауырластар оны Пауылдан және өзге бауырластардан жоғары қойған (Қор. 1-х. 1:12, 13). Қауымның осылай бөлінуіне Аполлос ықпал еткен бе? Олай деуге себеп жоқ. Әйтпесе Пауыл оны Қорынттан кетіп қалғаннан кейін сол жерге қайтадан баруды өтінбес еді (Қор. 1-х. 16:12). Аполлос ізгі хабарды уағыздап, бауырластарды жігерлендіріп, өз қабілеттерін игілікке жаратқан. Аполлостың кішіпейіл болғаны анық. Мысалы, Ақила мен Прискила оған “Құдай жолын дәлірек түсіндіріп берген” кезде ол ренжімеген (Ел. іс. 18:24—28).
17. Пауыл қалай татулық сақтаған?
17 Елші Пауыл Аполлостың жасаған ізгі істерін жақсы білген. Бірақ ол Аполлостан қалып қоятын болдым деп уайымдамаған. Пауылдың Қорынттағы қауымға берген кеңесінен кішіпейілділігі, қарапайымдылығы, парасаттылығы байқалады. Өзгелердің “мен Пауылдың шәкіртімін” дегеніне ол мәз болып, өзін жоғары санамаған. Қайта, бар мадақты Ехоба Құдай мен Иса Мәсіхке жаудырған (Қор. 1-х. 3:3—6).
18. Қорынттықтарға 1-хат 4:6, 7-дегі сөздерге қарап, Пауыл мен Аполлостан не үйренеміз?
18 Аполлос пен Пауылдан не үйренеміз? Қорынттықтарға 1-хат 4:6, 7 оқыңыз).
Біз Ехобаның ісінде көп еңбектеніп, көптеген адамдарға шомылдыру рәсімінен өтуге көмектескен шығармыз. Бірақ мұның бәрі Ехобаның арқасында екенін ұмытпаймыз. Аполлос пен Пауылдан алар тағы бір маңызды сабақ — қауымда жауапкершілігіміз неғұрлым көп болса, қауымның татулығына соғұрлым көп үлес қоса аламыз. Қауымдағы тағайындалған бауырластар кеңестерін Құдай Сөзіне негіздегенде және басқалардың назарын өздеріне емес, Иса Мәсіхке аударғанда, біз шын қуанамыз. Өйткені осылай олар қауымның татулығы мен бірлігін нығайтады (19. Әрқайсысымыз не істей аламыз? (“ Бір-бірімізді бақталастыққа итермелемейік” деген қоршауды да қараңыз.)
19 Ехоба әрқайсысымызға түрлі қабілет дарытқан. Оларды “бір-бірімізге қызмет ету үшін” қолданайық (Пет. 1-х. 4:10). Кейде біз істеп жатқандарымыз титтей ғана ғой деп ойлайтын шығармыз. Бірақ бұл кішкентай істер киімді біріктіріп тұратын кішкентай тігістер іспетті. Олар қауымның бірлігін нығайтатынын ұмытпайық. Сонымен қатар бойымызда бақталастық рухы дамымау үшін көп күш салайық. Қауымның татулығы мен бірлігін сақтауға барынша бекінейік! (Ефес. 4:3).
80-ӘН “Дәмін татыңдар да, Ехобаның ізгілігіне көз жеткізіңдер”
^ 5-абзац Түскен кішкентай сызаттың өзінен шыны ыдыс оп-оңай сынып қалады. Сол сияқты бақталастық рухы да қауымның бірлігін бұзады. Ал қауымда татулық, бірлік болмаса, Ехобаға қуанышпен қызмет ету қиындап кетеді. Бұл мақалада біз бақталастық рухынан қалай аулақ бола алатынымызды және қауымның бірлігіне үлес қосу үшін не істей алатынымызды қарастырамыз.
^ 4-абзац Есімдер өзгертілген.