Ехоба өз халқын жетелейді
“Ехоба сені әрдайым жетелеп жүреді” (ИШАЯ 58:11).
ӘНДЕР: 152, 22
1, 2. а) Ехоба куәгерлері басқа діндерден несімен ерекшеленеді? ә) Осы және келесі мақалада не жөнінде білеміз?
“СЕНДЕРДІҢ басшыларың кім?” Жиі адамдар Ехоба куәгерлеріне осы сұрақты қойып жатады. Өйткені көптеген діндерде қандай да бір ер не әйел адам басшы я жетекші болады. Бірақ біз Басшымыз кемелсіз адам емес екенін мақтанышпен айтамыз. Біздің Көсеміміз — қайта тірілген Иса Мәсіх! Ал ол өзінің Әкесі Ехобаның басшылығымен жүреді (Матай 23:10).
2 Сондай-ақ бүгінде жер бетінде Құдай халқының арасында жетекшілікті қолға алған “адал да ақылды құл” деп аталатын бір топ ер адам бар (Матай 24:45). Онда неге бізді өзінің Ұлы арқылы жетелеп жүрген Ехобаның өзі деп айта аламыз? Осы және келесі мақалада бұған көзімізді жеткізетін үш жайтты қарастырамыз. Осылайша Ехоба өз халқын жетелеу үшін мыңдаған жыл бойы белгілі бір адамдарды қолданып келгенмен, ол бұрын да, қазір де өз халқының нағыз Басшысы болып табылатынын анық көреміз (Ишая 58:11).
ОЛАР КИЕЛІ РУХТАН КҮШ АЛҒАН
3. Мұсаға Исраилдің басшысы болуға не көмектескен?
3 Құдайдың өкілдеріне киелі рух күш берген. Ежелде Ишая 63:11—14 оқыңыз). Мұсаға киелі рухын бергендіктен, халықты жетелеп жүрген Ехобаның өзі еді.
Құдай исраилдіктердің басшысы ретінде Мұсаны таңдаған. Мұсаға осы бір маңызды тапсырманы алып жүруге не көмектескен? Ехоба “оған киелі рухын қондырған” (4. Мұсаға Құдай рухы әсер еткені неден көрінді? (Мақаланың басындағы суретті қараңыз.)
4 Киелі рух көзге көрінбейтін күш болғандықтан, исраилдіктер оның Мұсаға әсер етіп жатқанын қалай көрді? Киелі рух қабілет дарытқанның арқасында Мұса кереметтер жасаған және Мысырдың құдіретті перғауынына Ехобаның есімін паш еткен (Мұсаның 2-жазбасы 7:1—3). Сондай-ақ киелі рух Мұсаның бойында сүйіспеншілік, жұмсақтық пен шыдамдылық сияқты керемет қасиеттерді дамытқан. Осылайша Мұса сол кездегі басқа елдердің қатыгез әрі өзімшіл басшыларынан қатты ерекшеленді (Мұсаның 2-жазбасы 5:2, 6—9). Бұдан Мұсаны өз халқын бастап алып жүруге таңдаған Ехоба екені анық көрінді.
5. Ехоба қалай басқа да кісілерге өз халқын жетелеуге күш бергенін түсіндіріңіз.
5 Халқын жетелеу үшін Ехоба кейін басқа да кісілерге киелі рухын дарытты. “Нұн ұлы Ешуа рух сыйлаған даналыққа кенелді” (Мұсаның 5-жазбасы 34:9). “Гедеонға Ехобаның рухы қонып, бойын биледі” (Билер 6:34). Дәуітке де “Ехобаның рухы әсер ете бастады” (Самуилдің 1-жазбасы 16:13). Бұл ер адамдардың барлығы да Құдай рухының көмегіне арқа сүйеді, ал рух оларға өз күштерімен істей алмайтын ерлік жасауға күш берді (Ешуа 11:16, 17; Билер 7:7, 22; Самуилдің 1-жазбасы 17:37, 50). Бұл ұлы істердің бәрі Ехобаның күшімен болғандықтан, ол ғана мадаққа лайық еді.
Халық Мұсаға, Ешуаға, Гедеон мен Дәуітке бағыну арқылы Басшылары Ехобаға бағынатындарын көрсететін
6. Неге Құдай исраилдіктердің өз жетекшілерін құрметтегенін қалады?
6 Осы ерлердің киелі рухтан күш алғандарын анық көрген исраилдіктер не істеу керек еді? Оларға құрмет көрсету керек еді. Жұрт Мұсаға қарсы күңкілдей бастағанда, Ехоба не дегенін байқаңызшы: “Мына халық қашанға дейін мені құрметтемейді?” (Мұсаның 4-жазбасы 14:2, 11). Расында да, Мұсаны, Ешуаны, Гедеон мен Дәуітті өз өкілі етіп таңдаған Ехоба еді. Оларға бағыну арқылы, халық, түптеп келгенде, Басшылары Ехобаның жетелеуімен жүретіндерін көрсететін.
ОЛАРҒА ПЕРІШТЕЛЕР КӨМЕКТЕСКЕН
7. Періштелер Мұсаға қалай көмектесті?
7 Құдайдың өкілдеріне періштелер көмектескен (Еврейлерге 1:7, 14 оқыңыз). Ехоба Мұсаға бағыт-бағдар беру үшін періштелерді қолданған. Біріншіден, періште оған “тікенді бұтадан көрініп”, исраилдіктерді құлдықтан азат етіп, бастап жүруді тапсырды (Елшілердің істері 7:35). Екіншіден, Құдай періштелер арқылы Мұсаға Заң берді. Соның арқасында Мұса халыққа нұсқаулар беріп отырды (Ғалаттықтарға ). Үшіншіден, Ехоба оған: “Енді бар да, халықты мен айтқан жерге алып бар. Менің періштем алдыңда жүріп отырады”,— деді ( 3:19Мұсаның 2-жазбасы 32:34). Киелі кітапта исраилдіктер періштенің осы істерді атқарып жатқанын көргені айтылмаған. Алайда Мұсаның оларға қалай нұсқау беріп, қалай жетелеп жүргенінен оған періштелердің көмектесіп жатқаны анық еді.
8. Періштелер Ешуа мен Езекияға қалай көмектескен?
8 Кейінірек Мұсаның орынбасары Ешуаны “Ехобаның әскерінің қолбасшысы” нығайтып, халықты қанахандықтарға қарсы соғысқа бастап апаруға көмектесті. Нәтижесінде исраилдіктер жеңіске жетті (Ешуа 5:13—15; 6:2, 21). Ал Езекия патшаның тұсында Иерусалимге Ассирияның қалың қолы қауіп төндірді. Бір түннің ішінде “Ехобаның періштесі... барып, 185 000 адамды қырып салды” (Патшалар 2-жазба 19:35).
9. Құдай өкілдері кемелсіз болғанмен, исраилдіктер не істеулері керек еді?
9 Әрине, періштелер кемелді болғанмен, олар қолғабыс еткен адамдар кемелсіз болды. Мәселен, бірде Мұса Құдайға мадақ әкелмеді (Мұсаның 4-жазбасы 20:12). Ешуа гибеондықтармен келісім жасаспас бұрын Ехобадан басшылық сұрап алмады (Ешуа 9:14, 15). Езекия патша бір кездері “тәкаппарланып кетті” (Шежірелер 2-жазба 32:25, 26). Әйткенмен бұл кісілердің кемшіліктеріне қарамастан, исраилдіктер олардың жетекшілігіне мойынсұну керек еді. Өйткені исраилдіктер Ехобаның оларды періштелері арқылы қолдап отырғанын көре алған. Расында да, Ехобаның өзі халқын жетелеп жүрді.
ОЛАРДЫ ҚҰДАЙ СӨЗІ ЖЕТЕЛЕГЕН
10. Мұса қалай Құдай Заңының басшылығымен жүрді?
10 Құдайдың өкілдерін оның Сөзі жетелеген. Киелі кітапта исраилдіктерге берілген Заң “Мұса Заңы” деп аталған (Патшалар 1-жазба 2:3). Бірақ Жазбалардан анық көрінетіндей, исраилдіктерге Заңды берген — Ехоба. Мұсаның өзі де сол Заңға мойынсұнуға міндетті еді (Шежірелер 2-жазба 34:14). Мысалы, Ехоба киелі шатырды қалай құру керектігіне қатысты нұсқау бергенде, “Мұса барлығын Ехоба өзіне бұйырғандай істеді. Ол бәрін бұлжытпай орындады” (Мұсаның 2-жазбасы 40:1—16).
11, 12. а) Құдай халқына басшылық еткен Ешуа мен патшалардан не талап етілген? ә) Жетекшілік еткен адамдарға Құдай Сөзі қалай әсер еткен?
11 Басшы болған кезінен бастап Ешуада Құдай Сөзінің қандай да бір бөліктері болды. Ехоба оған: “Заң кітабындағы сөздерді... мұқият орындау үшін күндіз-түні соларды күбірлеп оқы”,— деген (Ешуа 1:8). Кейінірек Құдай халқына билік еткен патшалар да Заңды күніге оқуға, оның көшірмесін жасауға міндетті болған. Сондай-ақ “Заңдағы сөздер мен ережелердің бәрін орындап”, мойынсұну керек-тін (Мұсаның 5-жазбасы 17:18—20 оқыңыз).
12 Жетекшілік еткен адамдарға Құдай Сөзі қалай әсер еткен? Мысалы, Жосия патшаны алайық. Мұса Заңы табылған кезде, хатшы оны патшаға дауыстап оқып берген *. “Патша Заң кітабында не жазылғанын естіген бойда, киімінің өңірін айырып жіберді”. Құдай Сөзінің талпындыруымен ол елдегі пұттарды түгелдей жойды және Құтқарылу мейрамын бұрын-соңды болмағандай атап өтті (Патшалар 2-жазба 22:11; 23:1—23). Жосия мен басқа да адал жетекшілер Құдай Сөзіне мойынсұнғандықтан, халыққа берген нұсқауларын өзгертуге дайын болған. Бұл өзгерістер халыққа Құдай еркіне сай жүріп-тұруға көмектескен.
13. Құдай халқының басшылары өзге халықтың басшыларынан несімен ерекшеленді?
13 Бұл адал патшалар адам ақылымен ғана шектелген өзге халықтардың басшыларынан қаншалықты ерекшеленді десеңізші! Мысалы, Қанахан басшылары мен олардың халықтары жақын туысымен жыныстық қатынаста болу, бір жыныстағы адаммен және малмен жақындасу, балаларды құрбандыққа шалу, пұттарға табыну сияқты сұмдық істермен айналысқан (Мұсаның 3-жазбасы 18:6, 21—25). Бұған қоса, Бабыл мен Мысыр басшылары Құдай халқындағыдай тазалық ережелерін ұстанбаған (Мұсаның 4-жазбасы 19:13). Құдайдың халқы, керісінше, өз жетекшілерінің рухани, құлықтылық және тәндік тазалықты насихаттағанын көріп жүрді. Расында да, оларды Ехобаның өзі жетелеп жүрген еді.
14. Неге Ехоба өз халқының кейбір жетекшілерін жөнге салған?
14 Құдай халқын билеген патшалардың арасында Құдайдың нұсқауларын ұстанбағандары да болған. Адал болмаған бұл патшалар Құдайдың киелі рухы, періштелері мен Сөзі арқылы берген нұсқауына құлақ түрмеген. Кей жағдайларда Ехоба мұндай басшыларды жөнге салған не орнына басқа адамды қойған (Самуилдің 1-жазбасы 13:13, 14). Кейін, уақыты келгенде, Ехоба барлық басшылардан асып түсетін бір кемелді басшыны тағайындады.
ЕХОБА КЕМЕЛДІ БАСШЫ ТАҒАЙЫНДАДЫ
15. а) Пайғамбарлар болашақта кемелді басшы тағайындалатынын қалай көрсетті? ә) Кемелді басшы кім болды?
15 Ғасырлар бойы Ехоба өз халқын жетелейтін кемелді басшы тағайындайтынын уәде етіп келген. Мысалы, Мұса исраилдіктерге: “Ехоба Құдайларың сендер үшін бауырларыңның арасынан мен сияқты бір пайғамбар шығарады. Соны тыңдаңдар!”— деген (Мұсаның 5-жазбасы 18:15). Ишая болса сол адамның “көсем әрі басшы” болатынын айтқан (Ишая 55:4). Ал Даниял “Көсем” болатын Мәсіх жөнінде жазып кеткен (Даниял 9:25). Ақыр соңында Иса Мәсіх өзінің Құдай халқының “Көсемі” екенін ашық айтты (Матай 23:10 оқыңыз). Исаның шәкірттері қуана-қуана оның соңынан ерді және оны Ехобаның өзі таңдағанына сенді (Жохан 6:68, 69). Ехоба өз халқын бастап алып жүру үшін Иса Мәсіхті таңдағанына олар неліктен сенімді болды?
Ехоба Исаны кемелді басшы етіп тағайындады
16. Киелі рух Исаға күш бергенін не нәрсе дәлелдеді?
16 Исаға киелі рух күш берген. Иса шомылдыру рәсімінен өткен кезде, Жақия көктің ашылып, оның “үстіне көгершін іспетті киелі рухтың түсіп келе жатқанын көрді”. Содан кейін “рух оны шөл Марқа 1:10—12). Жердегі қызметі кезінде киелі рух Исаға кереметтер жасауға және билігі бар адамдай тәлім беруге күш берді (Елшілердің істері 10:38). Сондай-ақ Исаның бойында киелі рухтың жемісі, соның ішінде сүйіспеншілік, қуаныш, берік сенім сияқты қасиеттер, көрініс тапқан (Жохан 15:9; Еврейлерге 12:2). Басқа ешқандай басшыда киелі рухқа ие екенін көрсететін осыншалықты айқын дәлел болмаған. Расында да, Исаны басшы етіп таңдаған Ехоба еді.
далаға баруға талпындырды” (17. Исаға көмектесу үшін періштелер не істеді?
17 Исаға періштелер көмектескен. Иса шомылдыру рәсімінен өткеннен кейін көп ұзамай “періштелер келіп, оған қызмет көрсете бастады” (Матай 4:11). Ал өлеріне бірнеше сағат қалғанда, “көктен бір періште келіп, оны нығайтты” (Лұқа 22:43). Иса өзіне көмек қажет болғанда, Ехоба періштелерін жіберіп нығайтатынын білген (Матай 26:53).
18, 19. Құдай Сөзі Исаның өмірі мен тәліміне қалай бағыт берген?
18 Исаны Құдай Сөзі жетелеген. Қызметіне кіріскенінен бастап азап бағанасында өлеріне дейін Иса Жазбалардың өзін бағыттап отыруына жол берген. Тіпті соңғы демін шығарып жатып, ол Мәсіх жайлы пайғамбарлыққа нұсқап кеткен (Матай 4:4; 27:46; Лұқа 23:46). Ал сол кездегі діни басшылар Исаға мүлдем ұқсамайтын. Өздерінің әдет-ғұрыптары Жазбаларға сай келмеген кезде, олар Құдай Сөзін шетке ысырып қоятын. Иса Ишаяның айтқан пайғамбарлығын келтіріп, олар жайлы: “Бұл халық мені тілдерімен ғана дәріптейді, бірақ жүректері менен алшақ. Олар маған босқа ғибадат етіп жүр, себебі адамдар шығарған ілімдерге үйретеді”,— деген (Матай 15:7—9). Ехоба өзінің Сөзіне сай жүрмейтін адамдарды ешқашан халқына басшы етіп таңдамайды.
19 Иса өзгелерге тәлім бергенде де Құдай Сөзіне жүгінген. Діни басшылар сынаған кезде, ол жауап беру үшін өз даналығына не өмірлік тәжірибесіне жүгінбеген. Қайта, Жазбаларды негіз етіп тәлім берген (Матай 22:33—40). Иса өзінің көктегі өмірі жайлы немесе ғаламның қалай жаратылғаны жайлы қызықты әңгімелер айтып, адамдарды таңдай қақтыра алар еді. Бірақ ол Құдай Сөзін жақсы көргендіктен, ондағы хабарды айтуға асық болған және “Жазбалардың мәнін толығымен ашып берген” (Лұқа 24:32, 45).
20. а) Иса Ехобаны қалай мадақтаған? ә) Иса мен І Ирод Агриппаның айырмашылығы неде болған?
20 Тыңдаушылары “ұнамды сөздерін” естіп, таңғалса да, Иса әрқашан өзінің Ұстазы Ехобаға даңқ әкелген (Лұқа 4:22). Бірде оған бір дәулетті кісі келіп, “Ізгі Ұстаз” деп құрмет көрсеткенде, ол кішіпейілділікпен: “Неге мені ізгі дейсің? Құдайдан басқа ешкім де ізгі емес”,— деген (Марқа 10:17, 18). Ал сегіз жылдан кейін Яһудеяның басшысы болған І Ирод Агриппа болса Исаға мүлдем ұқсамаған. Бір арнайы жиынға Ирод үстіне өте қымбат патша киімін киіп келді. Оны көріп, даусын естіген жұрт қатты таңғалып: “Бұл — адамның емес, құдайдың даусы!”— деп айғайлай бастады. Бұндай мадақ сөздер Иродтың құлағына майдай жақты. Алайда кейін не болды? “Құдайға тиесілі мадақты қабыл алғаны үшін Ехобаның періштесі оны сол сәтте-ақ ауруға шалдықтырды: ол құрттарға жем болып өлді” (Елшілердің істері 12:21—23). Иә, Иродты басшы етіп таңдаған Ехоба емес екені анық еді. Ал Иса өзін таңдаған Құдай екенін дәлелдеді, әрі халқының Ең жоғарғы Басшысы ретінде Ехобаны үнемі мадақтады.
21. Келесі мақалада нені қарастырамыз?
21 Ехоба Исаның бірнеше жыл ғана басшы болғанын қаламады. Қайта тірілгеннен кейін Иса шәкірттеріне: “Маған көк пен жердегі барлық билік берілген,— деді де,— Мен осы заман аяқталғанша, әр күні сендермен біргемін”,— деп қосты (Матай 28:18—20). Бірақ ол көкте көрінбейтін тұлға болғандықтан, Құдайдың жердегі халқын қалай жетелеп жүрмек? Исаның өкілі ретінде жерде Ехоба кімді қолданбақ? Мәсіхшілер Құдайдың өкілдерін қалай танымақ еді? Келесі мақалада осы сұрақтардың жауабын қарастыратын боламыз.
^ 12-абзац Бұл Мұсаның өзі жазған түпнұсқа жазба болуы мүмкін.