Ата-ана, балаңызға “құтқарылуға жеткізетін” даналыққа ие болуға көмектесіңіз
“Киелі жазбалармен нәресте кезіңнен-ақ таныссың. Осы даналық... құтқарылуға жеткізеді” (ТІМӨТЕГЕ 2-ХАТ 3:15).
ӘНДЕР: 130, 88
1, 2. Балалары Ехобаға бағышталып, шомылдыру рәсімінен өткісі келгенде, кейбір ата-ана неге уайымдауы мүмкін?
ЖЫЛ САЙЫН мыңдаған Киелі кітап зерттеушісі Ехобаға бағышталып, шомылдыру рәсімінен өтеді. Олардың арасында шындықта өскен жастар көп. Олар ең жақсы өмір жолын таңдаған (Зәбүр 1:1—3). Мәсіхші ата-ана болсаңыз, ұлыңыздың не қызыңыздың шомылдыру рәсімінен өткенін көруге асық шығарсыз (Жоханның 3-хаты 4 салыстырыңыз).
2 Дегенмен балаңыз үшін уайымдайтын боларсыз. Бәлкім, шомылдыру рәсімінен өткен кейбір жастардың уақыт өте келе Құдайдың талаптарымен өмір сүрудің пайдалы екеніне күмәндана бастағанын көрген шығарсыз. Кейбірі тіпті шындықтан кетіп те қалған болар. Сондықтан сіздің де балаңыз Ехобаға қызмет ете бастап, артынан шындыққа деген сүйіспеншілігін суытып алмай ма деп қорқатын шығарсыз. Ол бірінші ғасырдағы ефестік мәсіхшілер Аян 2:4). Балаңызға сүйіспеншілігін берік сақтауға және рухани “өсіп, құтқарылуға” қалай көмектесе аласыз? (Петірдің 1-хаты 2:2). Бұл ретте Тімөтенің мысалынан көп нәрсеге үйренсек болады.
сияқты болып кетуі мүмкін. Иса олардың “алғашқы сүйіспеншілігін жоғалтып алғанын” айтқан (“КИЕЛІ ЖАЗБАЛАРМЕН... ТАНЫСУ”
3. а) Тімөте қалай мәсіхші болды және ол білгендерін не істеді? ә) Пауыл Тімөтеге үйренудің қандай үш қырын көрсетті?
3 Елші Пауыл Листра қаласына алғаш рет б. з. 47 жылы сапармен келді. Осы кездері, бәлкім, жасөспірім болған Тімөте Исаның тәлімдерімен танысқан болса керек. Ол білгенін іс жүзінде қолданды және екі жылдан кейін Пауылмен сапарға шыға бастады. Содан 16 жылдай уақыт өткен соң, Пауыл Тімөтеге былай деп жазды: “Сен үйренген әрі көзің жеткен нәрселерді бұдан былай да ұстана бер, өйткені кімдерден тәлім алғаныңды білесің. Сонымен қатар адамды дана ететін Киелі жазбалармен [Еврей жазбаларымен] нәресте кезіңнен-ақ таныссың. Осы даналық Мәсіх Исаға деген сенім арқылы құтқарылуға жеткізеді” (Тімөтеге 2-хат 3:14, 15). Байқасақ, Пауыл Тімөтенің 1) Киелі жазбалармен таныс болғанын; 2) білгендеріне көз жеткізгенін; 3) Мәсіх Исаға деген сенімі арқылы құтқарылуға жеткізетін даналыққа ие болғанын айтқан.
4. Кішкентай балаларыңызға көмектесу үшін қандай құралдарды қолданасыз? (Мақаланың басындағы суретті қараңыз.)
4 Бүгінде Киелі жазбалар Еврей жазбалары мен Мәсіхшілердің грек жазбаларын қамтиды. Мәсіхші ата-ана ретінде сіз балаңыздың осы жазбаларды білгенін қалайтыныңыз шүбәсіз. Тіпті балақайлар да Киелі кітаптағы кейіпкерлер мен оқиғалар туралы біле алады. Ата-аналар Ехобаның ұйымы қамтамасыз ететін көптеген кітаптарды, кітапшаларды, бейнероликтерді қолданып, балаларына көмектесе алады. Осылардың қайсысы сіздің тіліңізде бар? Балаңыз Ехобамен тығыз қарым-қатынас дамыту үшін Киелі кітапта не жазылғанын білуі тиіс.
“КӨЗ ЖЕТКІЗУ”
5. а) Тімөтенің не нәрсеге “көзі жетті”? ә) Тімөте Иса туралы ізгі хабарға берік сенгенін қайдан білеміз?
5 Балаға Киелі кітапта жазылған адамдар мен оқиғалар жайлы тәлім беріп қана қою жеткіліксіз. Есімізде болса, Тімөте білгендеріне “көз жеткізген”, яғни олардың шындық екеніне берік сенген болатын. Ол Еврей жазбаларын “нәресте кезінен-ақ”, кішкентайынан біліп өскен. Ал кейін ол Исаның Мәсіх екеніне көз жеткізді. Сенімі берік болғаны сондай — ол шомылдыру рәсімінен өтіп, Пауылмен бірге миссионерлік қызмет атқарды.
6. Балаларыңызға Құдай Сөзіне сенім дамытуға қалай көмектесе аласыз?
6 Сіздің де балаларыңыз білгендеріне Тімөте сияқты “көз жеткізу” үшін, оларға сенім дамытуға қалай көмектесе аласыз? Ең алдымен, шыдамды болыңыз. Мықты сенім дамыту үшін уақыт керек. Сіз бір нәрсеге сенсеңіз, бұл балаңыз да соған ойланбастан сене салады деген сөз емес. Киелі кітапқа деген сенімі артуы үшін әр бала өзінің “ақыл-ойын” іске қосуы қажет (Римдіктерге оқыңыз). Ата-анасы ретінде сіз балаларыңызға, әсіресе олар сұрақтар қойғанда, сенім дамытуға зор көмегіңізді тигізе аласыз. Бір әкенің үлгісінен неге үйрене алатынымызды көрейік. 12:1
7, 8. а) Бір мәсіхші әке қызына тәлім бергенде қалайша шыдамдылық танытады? ә) Сізге қай кезде балаңызға шыдамдылық таныту қажет болады?
7 Томас 11 жасар қызының ара-тұра оған келесідей сұрақтар қоятынын айтады: “Ехоба тіршілікті эволюция арқылы дамытуы мүмкін бе?” немесе “Неге біз жер бетіндегі жағдайды жақсарту үшін сайлау сияқты қоғамдық істерге қатыспаймыз?” Осындайда Томас оңай жолды іздеп, қызына не нәрсеге сену қажеттігін тікелей айта салмауға тырысады. Себебі ол мына жайтты біледі: бір нәрсенің растығына адамның көзін жеткізу үшін бір үлкен шындықты емес, көптеген кішігірім дәлелдерді келтіру қажет.
8 Томас тәлім беру ісінде шыдамдылықтың қажет екенін біледі. Негізінде, мәсіхшілердің барлығы шыдамдылық танытқаны жөн (Қолостықтарға 3:12). Қызына сенім дамытуға көмектесу үшін Томас біраз уақыт кететінін және онымен көп әңгімелесу қажет болатынын түсінеді. Ол қызымен бірге Киелі кітапта жазылғандар жайлы ой жүгіртуі керектігін біледі. Томас былай дейді: “Әсіресе маңызды тақырыптарға келгенде, әйелім екеуміз қызымыздың бұған шын мәнінде сенетініне, жақсы түсінетініне көз жеткізіп алғымыз келеді. Қызымыз сұрақ қойса, қуанамыз. Ал егер сұрақ қоймастан бәріне келісе берсе, мен уайымдар едім”.
Балаңызға Құдай Сөзіне сенім дамытуға көмектесу үшін сізге шыдамдылық қажет
9. Балаларыңызға Құдай Сөзіне сенім артуға қалай көмектесе аласыз?
9 Ата-аналары шыдамдылықпен тәлім бергеннің арқасында балалары уақыт өте шындықтың “ұзындығы мен енін, биіктігі мен тереңдігін” ұға бастайды (Ефестіктерге 3:18). Тәлім бергенде, олардың жасы мен ойлау қабілетін ескергеніміз дұрыс. Оқып білгендеріне сенімдері артқан сайын, басқалардың, мысалы сыныптастарының алдында, сенімдерін қорғау олар үшін оңай болады (Петірдің 1-хаты 3:15). Мысалы, балаларыңыз өлген соң адаммен не болатынын Киелі кітаптың көмегімен түсіндіріп бере ала ма? Онда жазылғандарды өздері жақсы түсіне ме? * Балаларыңызға Құдайдың Сөзіне сенім дамытуға көмектесу үшін шыдамдылық қажет екенін есте ұстаңыз. Бірақ сіз бұған еш өкінбейтін боласыз (Мұсаның 5-жазбасы 6:6, 7).
10. Тәлім берудің тағы қандай маңызды қыры бар?
10 Балаларыңызға сенім дамытуға көмектесу үшін, өзіңіздің де үлгі көрсеткеніңіз маңызды. Үш қыздың анасы
Стефани былай дейді: “Балаларым титтей кезінен бастап үнемі былай ойланатынмын: “Балаларыма Ехобаның бар екеніне, бізді сүйетініне және жолдарының дұрыстығына өзім неліктен сенімді екенімді айтып отырамын ба? Менің Ехобаны шын сүйетінімді олар анық көріп жүр ме? Өзім берік сенбесем, балаларым қалай сенеді?!”“ҚҰТҚАРЫЛУҒА ЖЕТКІЗЕТІН” ДАНАЛЫҚҚА ИЕ БОЛУ
11, 12. Даналық деген не және ол адамның жасына байланысты еместігін қайдан білеміз?
11 Біз Тімөтенің 1) Жазбаларды білгенін және 2) үйренгендеріне нық сенгенін білдік. Ал Киелі жазбалардағы даналық Тімөтені “құтқарылуға жеткізетінін” айтқанда, Пауыл не дегісі келді?
12 “Киелі жазбаларды түсіну” кітабының 2-томында жазылғандай, Киелі кітаптағы даналық деген сөздің мағынасына “алған біліміміз бен түсінігімізді қиындықтарды шешу үшін, қауіптің алдын алып, одан қашық болу үшін және белгілі бір мақсаттарға қол жеткізіп, өзгелерге де солай етуге көмектесу үшін қолдана білу кіреді. Ол — ақымақтыққа қарама-қайшы қасиет”. Киелі кітапта “баланың жүрегінде ақымақтық бар” екені айтылған (Нақыл сөздер 22:15). Ал даналық ақымақтыққа кереғар қасиет болғандықтан, ол толысқандықтың бір белгісі болып табылады. Рухани толысқан адам деп Ехобадан қорқатын әрі оған мойынсұнатын адамды айтамыз. Толысу адамның жас шамасына ғана байланысты емес (Зәбүр 111:10 оқыңыз).
13. Құтқарылуға жеткізетін даналыққа ие екенін жастар қалай көрсете алады?
13 Қандай да бір деңгейде рухани толысқан жастар “жел айдап, толқын қуған қайық” сияқты емес. Олар өз құмарлықтарына не басқа жастардың әсеріне елігіп кетпейді (Ефестіктерге 4:14). Қайта, “түйсіну қабілетін” “жаман мен жақсыны ажырата алатындай” етіп машықтандыруда (Еврейлерге 5:14). Соның арқасында олар ата-анасы не басқа ересек кісілер көрмей тұрғанда да дана шешімдер қабылдайды (Філіпіліктерге 2:12). Мұндай даналық құтқарылу үшін аса қажет (Нақыл сөздер 24:14 оқыңыз). Ендеше балаларыңызға даналыққа ие болуға қалай көмектесе аласыз? Сөзіңізбен де, ісіңізбен де Киелі кітаптағы құндылықтарды ұстанатыныңызды көрсетіңіз. Құдай Сөзіндегі нормаларға сай өмір сүруге тырысып жатқаныңыз балаларыңызға анық көріну керек (Римдіктерге 2:21—23).
14, 15. а) Шомылдыру рәсімінен өткісі келетін жастар не жайлы ойланғаны жөн? ә) Балаңызға Құдай заңдарының әкелер баталары жайлы ой жүгіртуге қалай көмектесе аласыз?
14 Алайда балаларыңызға сенім дамытуға көмектесу үшін, ненің дұрыс, ал ненің бұрыс екенін айтып қана қою жеткіліксіз. Олармен бірге мына сұрақтар жайлы ой жүгірткеніңіз жөн: “Қызықты болып көрінетін нәрселерге Киелі кітапта неге тыйым салынады? Киелі кітаптағы талаптардың мен үшін қашанда пайдалы екеніне неге сенімді болуым керек?” (Ишая 48:17, 18).
15 Балаңыз шомылдыру рәсімінен өтуге ниет білдірсе, оны бұл қадамның қандай жауапкершілік жүктейтінін Марқа 10:29, 30). Осы жайттар жайлы шомылдыру рәсімінен өтпес бұрын ойланған өте маңызды. Балаңызға мойынсұнушылықтың әкелер баталары мен тілазарлықтың тигізер кесірі жайлы ойлануға көмектесіңіз. Сонда оның Киелі кітаптың талаптарына сай өмір сүру әрдайым пайдалы екеніне көзі жетуі әбден мүмкін (Мұсаның 5-жазбасы 30:19, 20).
жақсылап ойлануға талпындырыңыз. Ол осы жауапкершіліктерге қалай қарайды? Бұл қадамның әкелер баталары қандай? Қандай қиындықтары бар? Баталары қиындығынан асып түседі деп неге айта аламыз? (ШОМЫЛДЫРУ РӘСІМІНЕН ӨТКЕН ЖАС МӘСІХШІНІҢ КӨКЕЙІНЕ КҮМӘН ҰЯЛАҒАНДА
16. Шомылдыру рәсімінен өткен баланың сенімі шайқала бастаса, ата-анасы не істеуі қажет?
16 Балаңыз шомылдыру рәсімінен өткеннен кейін шындыққа күмәндана бастаса, не істеуіңізге болады? Бәлкім, ұлыңыз не қызыңыз осы дүниедегі нәрселерге қызығып жүрген шығар. Я болмаса, Киелі кітап принциптеріне сай жүріп-тұру ең дұрыс өмір жолы екеніне күмәндана бастаған болар (Зәбүр 73:1—3, 12, 13). Осындайда сіздің қалай әрекет ететініңіз балаңыздың әрі қарай Ехобаға қызмет ету-етпеуіне әсер етуі мүмкін. Балаңыз әлі кішкентай не жасөспірім болсын, осы мәселеге бола ұрыс шығармауға тырысыңыз. Қайта, оны қатты жақсы көретініңізді және көмектескіңіз келетінін білдіріңіз.
17, 18. Жас мәсіхшінің күмәні болса, ата-ана оған қалай көмектесе алады?
17 Шомылдыру рәсімінен өткен жас мәсіхші өзін Ехобаға бағыштады. Ехобаға бағышталғанда, оны бәрінен артық жақсы көруді және оған деген қызметті барлығынан жоғары қоюды уәде етті (Марқа 12:30 оқыңыз). Ехоба бағышталуды өте маңызды уәде деп санайды, біз де оған дәл солай қарауға тиіспіз (Уағыздаушы 5:4, 5). Осыны балаңыздың есіне салыңыз. Бірақ алдымен, Ехобаның ұйымы ата-аналарға арнап шығарып жатқан әдебиеттерді оқып, зерттеңіз. Сосын жұмсақ мәнерде және қолайлы уақытты таңдап, балаңызға Ехобаға бағышталып, шомылдыру рәсімінен өтуімен өте маңызды қадам жасағанын, бірақ оның ағыл-тегіл баталар әкелетінін айтыңыз.
18 Мәселен, “Жастардың сауалдары. Пайдалы кеңестер” кітабының 1-томының (ор.) соңғы беттеріндегі “Ата-аналардың сауалдары” қосымшасынан жақсы кеңестерді табарсыз. Онда ата-аналар жасөспірім балалары шындықтан бас тартты деп ұйғаруға асықпай, қайта мәселенің түйінін табуға тырысуы керектігі айтылған. Бәлкім, бала құрдастардың қысымына кезігіп не жалғыздық сезімімен күресіп жүрген болар. Не басқа жастарға қарап, олар сияқты Ехобаға көп қызмет етпеймін деп ойлап жүрген шығар. Аталмыш қосымшада жазылғандай, баланың осындай қиындықтары болса, ол міндетті түрде нанымдарыңызбен келіспейді дегенді білдірмейді. Әдетте осындай қиындықтар оның басынан өтіп жатқан басқа бір қиын жағдайдың салдарынан болады. Сондай-ақ қосымшада ата-ананың шындыққа күмәнданатын баласына қалай көмектесе алатынына қатысты кеңестер берілген.
19. Ата-аналар балаларына “құтқарылуға жеткізетін” даналыққа ие болуға қалай көмектесе алады?
19 Ата-ана болғандықтан, сіз балаларыңызды “Ехоба айтқандай тәрбиелеп, оның ақыл-кеңесін беріп өсіруіңіз” қажет. Бұл — үлкен жауапкершілік әрі мәртебе (Ефестіктерге 6:4). Білгеніміздей, ата-ана балаларына Киелі кітапта жазылғандарды үйретуі және оқып-білгендеріне көз жеткізуге көмектесуі керек. Ал сенімдері қатайғанда, олар өздерін Ехобаға бағыштап, шомылдыру рәсімінен өтуге талпынатын болады. Олай болса, Ехобаның Сөзі мен рухының және сіздердің еңбегіңіздің арқасында балаларыңыз “құтқарылуға жеткізетін” даналыққа ие болғай!
^ 9-абзац “Киелі кітап шын мәнінде неге үйретеді?” кітабына арналған ізденіс құралдары жастарға да, үлкендерге де Киелі кітап шындықтарын өздері де түсініп, өзгелерге де түсіндіріп беруге жақсы көмектеседі. Сіз оларды jw.org сайтынан көптеген тілде таба аласыз. КИЕЛІ КІТАП ТӘЛІМДЕРІ/КИЕЛІ КІТАПТЫ ЗЕРТТЕУ ҚҰРАЛДАРЫ деген жерді қараңыз.