КҮЗЕТ МҰНАРАСЫ (ЗЕРТТЕУГЕ АРНАЛҒАН) Маусым 2020

Бұл санда 2020 жылы 3—30 тамыз аралығында зерттелетін мақалалар бар.

“Сенің есімің киелі болсын!”

23-зерттеу мақаласы: 3—9 тамыз, 2020. Күллі саналы жаратылыстар үшін қандай маңызды даулы мәселе бар? Бұл мәселе неге маңызды және оның бізге қандай қатысы бар? Осы және осымен байланысты сұрақтардың жауабын білгеніміз Ехобамен қарым-қатынасымызды нығайтуға көмектеседі.

“Жүрегімді біртұтас етші, есіміңді қастерлейін”

24-зерттеу мақаласы: 10—16 тамыз, 2020. Бұл мақалада біз Зәбүр 86:11, 12-дегі Дәуіт патшаның дұғасынан үзінді қарастырамыз. Ехобаның есімінен қорқу деген нені білдіреді? Бұл ұлы есім неліктен қастерлі сезім оятады? Құдайдан қорқу бізді азғырылулардан қалай қорғайды?

Оқырман сауалдары

Киелі рухтың жемісі Ғалаттықтарға 5:22, 23-те жазылған қасиеттерден ғана тұра ма?

“Қойларымды өзім іздеймін”

25-зерттеу мақаласы: 17—23 тамыз, 2020. Ехобаға жылдар бойы адал қызмет еткендердің кейбірі қауымнан неге алшақтап кетеді? Құдай оларға қалай қарайды? Бұл сұрақтардың жауабын осы мақалада қарастырамыз. Сондай-ақ Ехобаның ежелде өзінен бір сәтке алшақтап кеткен адамдарға қалай көмектескені жайлы және бұдан біз не үйренетініміз жайлы талқылаймыз.

“Маған қайта оралыңдар”

26-зерттеу мақаласы: 24—30 тамыз, 2020. Ехоба қауымнан қол үзіп қалғандар өзіне қайта оралса екен дейді. Біз Ехобаның “маған қайта оралыңдар” деген шақыруын қабыл алғысы келгендерге көмектесу үшін, көп нәрсе істей аламыз. Бұл мақаладан оларға қалай көмектесе алатынымыз жайлы білеміз.