24-ЗЕРТТЕУ МАҚАЛАСЫ
“Жүрегімді біртұтас етші, есіміңді қастерлейін”
“Жүрегімді біртұтас етші, есіміңді қастерлейін. Уа, Ехоба Құдайым, сені бар жүрегіммен даңқтаймын” (ЗӘБ. 86:11, 12).
7-ӘН Ехоба — біздің панамыз
АҢДАТПА *
1. Құдайдан қорқу деген не және бұлай ету Ехобаны сүйетіндер үшін неге маңызды?
МӘСІХШІЛЕР Құдайды жақсы көреді, әрі одан қорқады. Кейбіреулер үшін бұл бір-біріне қарама-қайшы нәрсе болып көрінуі мүмкін. Алайда біз зәре-құты қалмай қорқу жайлы айтып тұрған жоқпыз. Бұл мақалада біз ерекше қорқыныш жайлы қарастырамыз. Бұндай қорқынышы бар адамдар Құдайды қастерлеп, оны терең құрметтейді. Олар көктегі Әкелеріне ұнамсыз болып қалудан қорқады, себебі Құдаймен достықтарына нұқсан келгенін қаламайды (Зәб. 111:10; Нақ. с. 8:13).
2. Дәуіттің Зәбүр 86:11-дегі сөздеріне сай, қандай екі жайтты қарастырамыз?
2 Зәбүр 86:11 оқыңыз. Осы тармақ жайлы ойланғанда, Дәуіт патша Құдайдан қорқудың маңыздылығын жақсы түсінгенін байқайсыз. Қазір біз Дәуіттің киелі рухтың жетелеуімен жазған сөздерін қалай іс жүзінде қолдана алатынымыз жайлы қарастырамыз. Біріншіден, Құдайдың есімін неліктен қастерлеуіміз керектігіне тоқталамыз. Екіншіден, Құдайдың есімін қастерлейтінімізді күнделікті өмірде қалай көрсете алатынымызды талқылаймыз.
ЕХОБАНЫҢ ЕСІМІ НЕГЕ ҚАСТЕРЛІ СЕЗІМ ОЯТАДЫ?
3. Мұсаға Құдай есімін қастерлей беруге қандай жағдай көмектескен болса керек?
3 Мұса Хориб тауында қасынан өткен Ехобаның ұлылығының көрінісін көргенде, оның не сезінгенін ойлап көріңізші. “Киелі жазбаларды түсіну” кітабында айтылғандай, “қастерлі сезімге бөлейтін бұндай көріністі Иса жерге келгенге дейін ешқандай адам баласы көрмесе керек”. Кейін, періштенің даусы болса керек, Мұса келесідей сөздерді естиді: “Ехоба, Ехоба — мейірімді де жанашыр, ашулануға асықпайтын, айнымас сүйіспеншілігі Мұс. 2-ж. 33:17—23; 34:5—7). Мұса Ехобаның есімін атаған кезде, осы жағдайды есіне алған шығар. Сондықтан да Мұсаның Исраил халқын Ехобаның “ұлы да айбынды есімін қастерлеуге” шақырғаны таңғалдырмайды (Мұс. 5-ж. 28:58).
мол және әрдайым сөзіне адал Құдай. Ол айнымас сүйіспеншілігін мыңдаған ұрпаққа көрсетеді. Теріс қылықты, қылмыс пен күнәні кешіреді” (4. Бойымызды Ехобаға деген қастерлі сезімге толтыруға не көмектеседі?
4 Ехоба деген есім жайлы ойлағанда, сол есімнің артындағы Тұлға жайлы ой жүгіртуіміз керек. Біз оның күш, даналық, әділдік, сүйіспеншілік сияқты қасиеттері жайлы ойлануымыз қажет. Ехобаның осы және өзге де қасиеттері жайлы ой жүгіртсек, бойымызды оған деген қастерлі сезім кернейді (Зәб. 77:11—15).
5, 6. а) Құдай есімінің мағынасы қандай? ә) Мұсаның 2-жазбасы 3:13, 14 пен Ишая 64:8-ге сай, Ехоба кез келген жайтты қандай жолдармен болғызады?
5 Құдай есімінің мағынасы қандай? Ехоба деген есімнің мағынасы “ол болғызады” дегенді білдіруі мүмкін екенімен көп ғалымдар келіседі. Бұл есімнің мағынасы өз еркін жүзеге асыру үшін Ехобаға еш нәрсе тосқауыл бола алмайтынын және ол кез келген жайтты болғыза алатынын еске салады. Ол мұны қалай істейді?
6 Ниеті жүзеге асу үшін кім болу қажет болса, сол болу арқылы Ехоба кез келген жайтты болғызады (Мұсаның 2-жазбасы 3:13, 14 оқыңыз). Біз Құдайдың болмысының қастерлі сезімге бөлейтін осы қыры жайлы ой жүгіртуге жиі шақырыламыз. Сондай-ақ Ехоба кемелсіз адамдарды өзіне қызмет ету үшін және оның еркін орындау үшін қандай болу қажет болса, сондай болғыза алады (Ишая 64:8 оқыңыз). Осындай жолдармен Ехоба өзінің еркін болғызады және оған ештеңе тосқауыл бола алмайды (Ишая 46:10, 11).
7. Көктегі Әкемізге деген құрметімізді арттыру үшін не істеуіміз керек?
7 Көктегі Әкеміздің не істегені жайлы Зәб. 8:3, 4). Ал өз еркін орындай алуымыз үшін бізді кім болғызғаны жайлы ойлансақ, оған деген құрметіміз тереңдейді. Ехоба деген есім, расында да, қастерлі сезім тудырады! Бұл есім Әкеміздің қандай екенін, не істегенін және не істейтінін түгел қамтиды (Зәб. 89:7, 8).
және бізді не істеткізе алғаны жайлы ой жүгіртсек, оған деген құрметіміз артады. Мысалы, таңғажайып жаратылыстар жайлы ойланғанда, Ехобаның не істегені, қандай тіршілікті болғызғаны бізді қастерлі сезімге бөлейді (“МЕН ЕХОБАНЫҢ ЕСІМІН ЖАРИЯЛАЙМЫН”
8. Ехобаның өз есіміне қалай қарайтыны Мұсаның 5-жазбасы 32:2, 3-тен қалай көрінеді?
8 Исраилдіктер Уәде етілген жерге кіргелі жатқанда, Ехоба Мұсаға бір жырдың сөздерін үйретті (Мұс. 5-ж. 31:19). Кейін Мұса бұл жырды халыққа үйретті. Мұсаның 5-жазбасы 32:2, 3-тегі (оқыңыз) сөздер жайлы ой жүгіртсек, мынаны анық көреміз: Ехоба басқалар оның есімін ауызға алуға болмайтындай тым қасиетті санағанын және есімінің жасырулы қалғанын қаламайды. Ехоба өз есімін саналы жаратылыстың барлығы білсе екен дейді. Мұсаның Ехоба мен оның ұлы есімі жайлы үйреткені исраилдіктер үшін неткен мәртебе еді! Мұсаның бұл тәлімі өсімдікті нәрлендірген жаңбырдай халықтың сенімін нығайтып, жігерін тасытты. Біздің де беріп жүрген тәліміміз осындай ма?
9. Ехобаның есімінің киелі болуына қалай үлес қоса аламыз?
9 Үйме-үй не көпшілік орындарында уағыздағанда, біз Киелі кітаптан адамдарға Құдайдың Ехоба деген есімін көрсетсек болады. Оларға Ехобаның есімін даңқтайтын әдемі әдебиеттерімізді, керемет видеоларымызды және сайтымыздағы мәліметтерді көрсете аламыз. Жұмыста, мектепте не саяхаттап жүргенде, жақсы көретін Құдайымыз туралы және оның қандай екені жайлы айтудың мүмкіндігін іздесек болады. Кездестірген адамдарға Ехобаның адамзатқа және жерге қатысты игі ниеті жайлы айта аламыз. Ехобаның бізді қаншалықты жақсы көретіні адамдарға жаңалық болуы мүмкін. Басқаларға осылай көктегі Әкеміз туралы шындықты айтсақ, Құдай есімінің киелі тұтылуына үлес қосамыз. Сондай-ақ адамдар естіп келген Ехоба жайлы кейбір өтіріктер мен жалаларды жоққа шығарамыз. Біздің адамдарға ұсынып жүрген тәліміміз — әлемдегі ең нәрлі, ең сергітерлік тәлім! (Ишая 65:13, 14).
10. Зерттеу сабағын жүргізгенде, неге Құдайдың талаптары мен нормаларын үйретумен ғана шектелмеуіміз керек?
10 Зерттеу сабағын жүргізген кезде, біз зерттеушілердің Құдай есімін біліп, оны қолдануды үйренгенін қалаймыз. Сондай-ақ зерттеушілерге Ехобаның есімінің мағынасын толық түсінуге көмектескіміз келеді. Оларға жай ғана Құдайдың нұсқауларын, нормаларын, талаптарын үйретіп қана қойсақ, осы мақсатымызға жетеміз бе? Кейбір зерттеушілер Құдай заңдарын үйренуі, тіпті оларға тәнті болуы мүмкін. Бірақ мұндай зерттеуші Ехобаға оны жақсы көргендіктен мойынсұнатын бола ма? Есіңізде болса, Хауа Құдайдың заңдарын жақсы білді, бірақ ол сол заңды берген Тұлғаны сүймеді. Адам жайлы да солай деуге болады (Мұс. 1-ж. 3:1—6). Сондықтан біздің тәліміміз Құдайдың әділ талаптары мен нормаларын үйретуден де көп нәрсені қамту керек.
11. Зерттеушілерге заңдарды берген Тұлғаны жақсы көруді қалай үйретсек болады?
Зәб. 119:97, 111, 112). Зерттеушілер де осылай ойлау үшін, олар осы заңдардың артында Ехобаның сүйіспеншілігі тұрғанын түсіну керек. Сондықтан біз олардан: “Құдай бізден мынаны істеуді не істемеуді не үшін талап етеді деп ойлайсыз? Бұл оның қандай Тұлға екенін көрсетеді?”— деп сұрасақ болады. Зерттеушілерге Ехоба жайлы ойлануға және оның ұлы есімін жақсы көре түсуге көмектессек, олардың жүрегіне жол табуымыз әбден мүмкін. Сонда олар заңдарды ғана емес, сол заңдарды берген Тұлғаны да жақсы көретін болады (Зәб. 119:68). Сондай-ақ сенімдері нығайып, оттай сынақтарда табанды болып қалады (Қор. 1-х. 3:12—15).
11 Ехобаның заңдары мен талаптары әрдайым пайдалы (“БІЗ... ЕХОБАНЫҢ ЕСІМІМЕН ЖҮРЕМІЗ”
12. Қалай Дәуіт өз жүрегін біртұтас етіп сақтай алмады және оның салдары қандай болды?
12 Зәбүр 86:11-де: “Жүрегімді біртұтас етші”,— деген өте маңызды сөздер бар. Дәуіт патшаның бұл сөздерін “Маған бөлінбеген жүрек берші” деп те аударуға болады. Дәуіт жүректің екіге бөлінуіне жол беріп қоюдың қаншалықты оңай екенін өз өмірінен көрді. Бірде ол шатырдың төбесінде жүргенде, біреудің шомылып жатқан әйеліне көзі түсті. Сол сәтте Дәуіттің жүрегі біртұтас па еді, әлде бөлінген бе еді? Ол Ехобаның “Біреудің... әйелін... қалаушы болма” деген талабын жақсы білетін (Мұс. 2-ж. 20:17). Сонда да ол әйелге қарап тұра берді. Оның жүрегі екіге бөлініп, бір жағынан Барсабия деген әйелді қалап тұрса, бір жағынан Ехобаға ұнамды болып қалуды қалады. Дәуіт Ехобаны қатты жақсы көріп, одан қорықса да, ол өзінің тәндік қалауына берілді. Сөйтіп, Дәуіт сорақы іске барды. Ол Ехобаның есіміне кір келтірді. Сондай-ақ оның кесірінен жазықсыз адамдар жапа шекті, оның ішінде өз отбасы да бар (Сам. 2-ж. 11:1—5, 14—17; 12:7—12).
13. Дәуіттің қайтадан біртұтас жүрекке ие болғанын қайдан білеміз?
13 Ехоба Дәуітті жөнге салды. Дәуіт Ехобамен қарым-қатынасын қалпына келтірді (Сам. 2-ж. 12:13; Зәб. 51:2—4, 17). Дәуіт жүректің екіге бөлінуіне жол берудің салдары қатты қажытып, азапқа салатынын есінде сақтап қалды. Ехоба Дәуіттің дұғасына сай, оған біртұтас не бөлінбеген жүрекке ие болуға көмектесті ме? Иә. Кейінірек Дәуіт Құдай Сөзінде “Ехобаға бар жүрегімен берілген” адам ретінде сипатталды (Пат. 1-ж. 11:4; 15:3).
14. Біз қандай сұрақ жайлы ойлануымыз қажет және неге?
14 Дәуіттің оқиғасы бір жағынан жігерлендірсе, бір жағынан ес жидырады. Оның жасаған ауыр күнәсі Құдайдың бүгінгі қызметшілері үшін ескерту болып табылады. Ешқайсысымыз мұндай күнәға барып қойғымыз келмес еді. Ехобаға енді қызмет етіп бастайық не ұзақ жылдан бері қызмет етейік, барлығымыз да мына жайлы ойлануымыз қажет: “Мен Шайтанның жүрегімді бөлу үшін жасап жатқан амалына қарсы тұрып жүрмін бе?”
15. Азғын ойлар тудыратын бейнелерді көріп қалғанда, Құдайдан қорқу бізді қалай қорғайды?
15 Теледидардан не интернеттен азғын ойлар тудыруы мүмкін бейне көріп қалсаңыз, не істейсіз? Бәлкім, “бұл сурет не фильм порнографияға жатпайды ғой” деген ойға келерсіз. Бірақ бұл Шайтанның жүрегіңізді екіге бөлу үшін қолданып жатқан құралы болуы мүмкін (Қор. 2-х. 2:11). Бұндай бейнені үлкен бөренені жаратын кішкентай сына іспетті құралға теңеуге болады. Әдетте адам сынаның жіңішке, өткір жүзін бөренеге қадап, кейін сол сынаны қаға бастайды. Сына тереңдеп кірген кезде, бөрене екіге бөлініп кетеді. Тура сол сияқты, азғын қалауды оятатын бейне де сынаның жіңішке жүзі іспетті болуы мүмкін. Болмашы әрі зиянсыз көрінген нәрсе тез-ақ адамның жүрегін екіге бөліп жіберуі мүмкін. Нәтижесінде, ол күнә жасап, мінсіздігінен айырылып қалуы ықтимал. Ендеше, жүрегіңізге ешқандай таза емес нәрсені жолатпаңыз! Ехобаның есімінен қорқу үшін, жүрегіңізді біртұтас етіп сақтаңыз!
16. Азғыруларға кезіккенде қандай сұрақтар жайлы ойланғанымыз жөн?
16 Шайтан бізді бұрыс әрекетке азғыру үшін, азғын ойлар тудыратын суреттерден бөлек, басқа да нәрселер қолданады. Жақ. 1:5). Солай еткеніңіз сіз үшін нағыз қорған болуы мүмкін. Бұл сізге Иса сияқты азғыруға тайсалмай қарсы тұруға көмектеседі, ол кезінде: “Кет қасымнан, Шайтан!”— деген еді (Мат. 4:10).
Ал біз не істейміз? “Бұл нәрселер соншалықты жаман емес қой” деген ойға келу оңай. Мысалы, біз: “Бұны істесем, мені қауымнан шығармайды, демек, бұл соншалықты ауыр күнә емес қой”,— деп тұжырымдауымыз мүмкін. Бұлай ойлау қате. Одан да мынадай сұрақтар жайлы ойланған жөн: “Шайтан мені осылай азғыру арқылы жүрегімді екіге бөлуге тырысып жатқан жоқ па? Бұрыс қалауларға берілсем, Ехобаның есіміне кір келтірмеймін бе? Бұл әрекетім мені Құдайыма жақындата ма, әлде одан алшақтата ма?” Осы сұрақтар жайлы ой жүгіртіңіз. Сұрақтарға өзіңізді алдамай, шыншылдықпен жауап беру үшін, даналық сұрап дұға етіңіз (17. Неліктен бөлінген жүректің пайдасы шамалы? Мысал келтіріңіз.
17 Бөлінген жүректің пайдасы шамалы. Спорт командасындағы бір-бірімен тіл табыса алмайтын ойыншыларды елестетіп көріңізші. Кейбірі тек өз атағын шығаруды ойласа, өзгелері ойын ережесін ұстанбайды, ал тағы біреулері бапкерді мүлдем құрметтемейді. Бұндай команданың жеңіске жетуі екіталай. Ал бірлігі жарасқан команданың жеңіске жетуі әбден мүмкін. Егер ойларыңыз, қалауларыңыз бен сезімдеріңіз бір жерден шықса және Ехобаның талаптарына сай болса, жүрегіңіз тура осы бірлігі жарасқан команда сияқты болады. Есіңізде болсын, Шайтанның бар қалағаны — сіздің жүрегіңізді бөлу. Ол сіздің ойларыңыз, қалауларыңыз бен сезімдеріңіздің бір-бірімен үйлесімде болмағанын және олардың Құдай талаптарына қайшы келгенін қалайды. Бірақ Ехобаға қызмет ету үшін, жүрегіңіз тұтас болу керек (Мат. 22:36—38). Шайтанның жүрегіңізді бөлуіне ешқашан жол бермеңіз!
18. Миха 4:5-тегі сөздерге сай, сіз не істеуге бекіндіңіз?
18 Ехобаға Дәуіт іспетті былай деп дұға етіңіз: “Жүрегімді біртұтас етші, есіміңді қастерлейін”. Дұғаңызға сай әрекет ету үшін қолыңыздан келгеннің бәрін істеңіз. Әр күні үлкенді-кішілі шешімдеріңіздің бәрінен Ехобаның киелі есімін терең қастерлейтініңіз көрініп тұрсын. Осылай етсеңіз, Ехоба куәгері ретінде оның есімі туралы жақсы ой тудырасыз (Нақ. с. 27:11). Сонда бәріміз Миха пайғамбардың мына сөздеріне қосыла аламыз: “Біз мәңгі бақи өз Құдайымыз Ехобаның есімімен жүреміз” (Миха 4:5).
41-ӘН Ести көр мені деп өтінем
^ 5-абзац Бұл мақалада біз Зәбүр 86:11, 12-дегі Дәуіт патшаның дұғасынан үзінді қарастырамыз. Ехобаның есімінен қорқу деген нені білдіреді? Бұл ұлы есім неліктен қастерлі сезім оятады? Құдайдан қорқу бізді азғырылулардан қалай қорғайды?
^ 53-абзац СУРЕТ СИПАТТАМАСЫ: Мұса халыққа Ехобаны мадақтайтын жыр үйретті.
^ 57-абзац СУРЕТ СИПАТТАМАСЫ: Хауа бұрыс қалауға тойтарыс бермеді. Ал біз бұрыс қалау оятатын және Құдай есіміне кір келтіретін бейнелер мен хабарламалардан бас тартамыз.