Рухани ас-судың толық пайдасын көрейік
“Мен Құдайларың Ехобамын. Мен сендерге пайдалыны үйретемін” (ИШАЯ 48:17).
ӘНДЕР: 117, 114
1, 2. а) Ехоба куәгерлері Киелі кітапқа қалай қарайды? ә) Киелі кітаптағы сіздің сүйікті кітаптарыңыз қандай?
ЕХОБА КУӘГЕРЛЕРІ ретінде біз Киелі кітапты қатты жақсы көреміз. Одан өзімізге сенімді басшылық, жұбаныш пен үміт табамыз (Римдіктерге 15:4). Біз Киелі кітапты адамдардың ойы жазылған кітап емес, “Құдай сөзі ретінде” қабылдаймыз (Салоникалықтарға 1-хат 2:13).
2 Сөз жоқ, Киелі кітапта әрқайсысымыздың сүйіп оқитын кітаптарымыз бар. Кейбіреулерге әсіресе Ізгі хабарлар ұнайды, өйткені одан Иса арқылы ашылған Ехобаның керемет болмысын көруге болады (Жохан 14:9). Тағы біреулер “жуырда болатын жайттарды көрсететін” Аян кітабы сияқты пайғамбарлық кітаптарды ұнатады (Аян 1:1). Өзгелер болса Зәбүр жырларын оқып жұбаныш табады. Ал басқалары Нақыл сөздер кітабынан пайдалы кеңестерді оқығанды жақсы көреді. Расында да, Киелі кітап — баршаға арналған кітап.
3, 4. а) Басылымдарымызға біз қалай қараймыз? ә) Белгілі бір адамдар тобына арналған қандай басылымдарымыз бар?
3 Киелі кітапты жақсы көретіндіктен, оған негізделген Титке 2:2).
басылымдарды да жақсы көреміз. Біз Ехобаның кітаптар, кітапшалар, журналдар мен басқа да әдебиеттер арқылы беріп отырған рухани ас-суын бағалаймыз. Бұл бізге Ехобамен тығыз қарым-қатынаста болуға және “сенімімізді берік” етуге көмектеседі (4 Әдебиеттеріміздің көбісі жалпы Ехоба куәгерлері үшін жазылған. Дегенмен белгілі бір адамдар тобына, мысалы жастарға, ата-аналарға арнап жазылған әдебиеттеріміз де бар. Сондай-ақ веб-сайтымыздағы мақалалар мен бейнематериалдардың көбісі Ехоба куәгері емес адамдарға арнап дайындалған. Мәліметтердің саналуандығы Ехобаның “күллі халықтар үшін бай дастарқан жаямын” деген уәдесінде тұрғанын көрсетеді (Ишая 25:6).
5. Ехоба нені бағалайтынына сенімді болсақ болады?
5 Бәріміз Киелі кітап пен әдебиеттерімізді оқуға көбірек уақыт болғанын қалайтынымыз шүбәсіз. Біз мына нәрсеге сенімді болсақ болады: Киелі кітапты жүйелі түрде оқу үшін және жеке зерттеу үшін “уақытымызды барынша тиімді пайдалануға” тырыссақ, Ехоба мұны жоғары бағалайды (Ефестіктерге 5:15, 16). Шыны керек, әдебиеттеріміздің бәріне бірдей уақыт табу үнемі мүмкін бола бермейді. Алайда абай болуымыз керек бір қауіп бар. Қандай қауіп?
6. Кейбір рухани ас-судың пайдасын көруімізге не кедергі жасауы мүмкін?
6 Егер сақ болмасақ, Киелі кітаптың кейбір бөліктері не кейбір басылымдар бізге қатысты емес деп ойлауымыз мүмкін. Мысалы, Киелі кітаптың қандай да бір тармақтарында айтылғандар біздің жағдайымызға мүлдем келмейтіндей көрінсе ше? Қандай да бір әдебиет белгілі бір топқа арнап шығарылған болса ше? Мұндай мәліметтерді тез-тез оқи саламыз ба, я болмаса мүлдем оқымай қоямыз ба? Солай етсек, өзімізге пайдалы болатын құнды мәліметті қалт жіберіп алуымыз мүмкін. Бұған жол бермеу үшін не істеуіміз керек? Біз алып жатқан мәліметтеріміздің бәрі Ехобадан келіп жатқанын естен шығармауымыз қажет. Киелі кітапта: “Мен Құдайларың Ехобамын. Мен сендерге пайдалыны үйретемін”,— делінген (Ишая 48:17). Бұл мақалада Киелі кітаптың барлық бөлігінің пайдасын көруге көмектесетін үш кеңесті қарастырамыз. Сондай-ақ Ехоба беріп отырған барлық рухани ас-судың игілігін қалай көре алатынымызды сөз етеміз.
КИЕЛІ КІТАПТЫ ОҚУДЫ ПАЙДАЛЫ ЕТЕТІН КЕҢЕСТЕР
7. Неге Киелі кітапты кең көзқараспен оқуымыз керек?
7 Кең көзқараспен оқыңыз. Киелі кітаптың кейбір бөліктері нақты бір адамға не топқа арнап жазылғаны рас. Алайда онда: “Киелі жазбалардың бәрі Құдай рухының жетелеуімен жазылған, әрі... тиімді”,— деп анық айтылған (Тімөтеге 2-хат 3:16). Міне, сондықтан да Киелі кітапты кең көзқараспен оқуымыз керек. Бір ер бауырлас былай дейді: “Мен Киелі кітапты оқығанда, бір үзіндінің өзінен бірнеше сабақ алуға болатынын есте ұстауға тырысамын. Бұл маған көзге бірден түсе қоймайтын ойларды байқауға көмектеседі”. Ендеше, Киелі кітапты оқудың алдында Ехобаға дұға етіп, кең көзқарас танытуға көмектесуін және бізге үйреткісі келген сабақтарды көре білу үшін даналық беруін сұрағанымыз абзал (Езра 7:10; Жақып 1:5 оқыңыз).
8, 9. а) Киелі кітапты оқығанда қандай сұрақтар қойсақ болады? ә) Ақсақалдарға қойылатын талаптардан Ехоба жайлы не білеміз?
Киелі кітапты оқудың көп пайдасын көреміз. Бір мысал келтіріп көрейік. Киелі кітапта ақсақалдарға қойылатын бірқатар талаптар жайлы айтылған (Тімөтеге 1-хат 3:2—7 оқыңыз). Көпшілігіміз ақсақал болмағандықтан, бұл үзіндінің бізге еш пайдасы жоқтай көрінер. Алайда қазір жоғарыдағы үш сұрақты қолданып, сол талаптар тізімінің бәрімізге де қалай пайдалы бола алатынын көрейік.
8 Сұрақтар қойыңыз. Киелі кітапты оқығанда, сәл кідіріп, келесідей сұрақтарды қойып көріңіз: “Оқығанымнан Ехоба жайлы не білдім? Бұл мәліметті өмірімде қалай қолдана аламын? Өзгелерге көмектесу үшін оны қалай қолдансам болады?” Осы сұрақтар жайлы ой жүгіртсек,9 “Оқығанымнан Ехоба жайлы не білдім?” Осы тізімді беруімен Ехоба тағайындалған ақсақалдарға жоғары талаптар қоятынын көрсеткен. Бұдан мәсіхшілер қауымы Ехоба үшін өте бағалы екені көрінеді. Киелі кітапта айтылғандай, ол қауымды “өз Ұлының қанымен сатып алған” (Елшілердің істері 20:28). Сол себептен Ехоба ақсақалдардан өзгелерге жақсы үлгі болады деп күтеді, сондай-ақ қауым мүшелеріне қалай қарағаны үшін олардан жауап алады. Ол біздің ақсақалдардың қол астында өзімізді қауіпсіз сезінгенімізді қалайды (Ишая 32:1, 2). Осы тұрғыдан қарасақ, ақсақалдарға қойылатын талаптардан Ехоба біздің қамымызды қаншалықты ойлайтынын білеміз.
10, 11. а) Ақсақалдарға қойылатын талаптар жайлы оқығанда, оларды өз өмірімізде қалай қолдана аламыз? ә) Бұл мәліметті өзгелерге көмектесу үшін қалай қолдансақ болады?
10 “Бұл мәліметті өмірімде қалай қолдана аламын?” Егер ақсақал болсаңыз, осы талаптар тізімін арагідік қарастырып, жақсаруға тырысыңыз. Ал “бақылаушы міндетіне ұмтылып” жүрген болсаңыз, осы талаптарға сай келуге барынша күш салыңыз (Тімөтеге 1-хат 3:1). Алайда бұл талаптардан барлық мәсіхшілердің үйренері бар. Мысалы, Ехоба иліккіш әрі есті болуды әрбірімізден талап етеді (Жақып 3:17; Римдіктерге 12:3). Ақсақалдар “отарға үлгі-өнеге болса”, біз олардан көп нәрсеге үйреніп, “олардың сеніміне еліктей” аламыз (Петірдің 1-хаты 5:3; Еврейлерге 13:7).
11 “Өзгелерге көмектесу үшін оны қалай қолдансам болады?” Мәсіхші ақсақалдарға қойылатын талаптар тізімін қолданып, Киелі кітапты зерттеп жүрген адамдарға және қызығушыларға ақсақалдардың өзге дінбасыларынан қалай ерекшеленетінін көрсете аламыз. Сондай-ақ бұл тізім бізге ақсақалдардың қауым үшін аянбай еңбектеніп жүргенін есте ұстауға көмектеседі. Сонда бұл аяулы бауырластарға деген құрметіміз артады (Салоникалықтарға 1-хат 5:12). Ақсақалдарды неғұрлым құрметтесек, олар қызметтерін соғұрлым қуанышпен атқаратын болады (Еврейлерге 13:17).
12, 13. а) Қолда бар құралдарды қолданып, қандай ізденіс жасасақ болады? ә) Қосымша мәліметтер көзге бірден түспейтін пайдалы ойларды көруге қалай көмектесуі мүмкін екеніне мысал келтіріңіз.
12 Ізденіс жасаңыз. Киелі жазбаларды оқығанда, қолда бар құралдарды пайдалана отырып, келесідей сұрақтарға жауап іздесек болады:
-
Бұл кітапты кім жазған?
-
Бұл кітап қайда және қашан жазылған?
-
Бұл кітап жазылып жатқанда, қандай маңызды оқиғалар орын алған?
Осындай қосымша мәліметтер бізге бірден көзге түспейтін пайдалы ойларды көруге көмектесуі мүмкін.
13 Мәселен, Езекиел 14:13, 14-те былай делінген: “Егер қандай да бір ел опасыз болып, маған қарсы күнә жасаса, мен қолымды созып, сол елге ашаршылық жіберіп, азық-түлік тапшылығына ұшыратар едім. Оның халқы мен малын да жойып жіберер едім. Егер Нұх, Даниял, Әйүп үшеуі де сол елде тұрып жатса, әділ болғандарының арқасында олар тек өз жандарын сақтап қалар еді. Мұны айтып отырған — Әлемнің Әміршісі Ехоба”. Егер ізденіс жасап көрсек, Езекиел бұл сөздерді шамамен б. з. б. 612 жылы жазғанын білеміз. Ол кезде Нұх пен Әйүптің өмірден өткеніне жүздеген жыл болған, бірақ Ехоба олардың адалдығын әлі де ұмытпаған еді. Ал Даниял ол кезде әлі тірі болатын. Ехоба Даниялды Нұх пен Әйүп сияқты әділ деп айтқанда, оның жасы, сірә, 20-ларда болса керек. Бұдан қандай ой түйеміз? Ехоба адал қызметшілерінің бәрін, соның ішінде жастарды да, көзінен таса қалдырмай, жоғары бағалайды (Зәбүр 148:12—14).
САН АЛУАН БАСЫЛЫМДАРДЫҢ ПАЙДАСЫН КӨРЕЙІК
14. Жастарға арналған әдебиеттердің оларға қандай көмегі бар және қалай барлығымыз да сол басылымдардың пайдасын көре аламыз? (Мақаланың басындағы суретті қараңыз.)
14 Жастарға арналған әдебиеттер. Біз Киелі кітаптың барлық бөлігі пайдалы екенін көрдік. Тап солай, әдебиеттеріміздің де бәрі біз үшін пайдалы. Бірнеше мысал келтірейік. Соңғы жылдары жастарға арналған көптеген әдебиеттер жарық көрді [1] (32-беттегі сілтемені қараңыз). Олардың көбісі жастарға мектептегі қысымға қарсы тұруға, жасөспірім шақтың қиындықтарын жеңуге көмектесу мақсатымен шығарылған. Алайда қалай барлығымыз да жастарға арналған мақалалар мен кітаптардың пайдасын көре аламыз? Оларды оқығанда, жастардың қандай қиындықтарға кезігетінін білеміз. Сонда оларға қол ұшын беріп, жігерлендіре аламыз.
15. Неге ересек мәсіхшілер жастарға арналған мәліметтерді менсінбей жүрмеулері керек?
15 Ересек мәсіхшілер жастарға арналған мәліметтерді менсінбей жүрмеулері керек. Онда талқыланатын қиындықтардың көбісі мәсіхшілердің бәріне де қатысты. Мысалы, бәріміз де нанымдарымызды қорғауымыз керек, сезімдерімізді жүгендеуіміз қажет, құрбы-құрдастардың қысымына қарсы тұруымыз және жаман орта мен жаман көңіл көтеру түрлерінен аулақ болуымыз керек. Бұл басылымдар жастарға арнап жазылғанмен, ондағы мәліметтер Киелі кітап принциптеріне негізделген, сондықтан мәсіхшілердің бәріне пайдалы.
16. Басылымдарымыз жастарға тағы қай жағынан көмектеседі?
16 Сондай-ақ жастарға арналған басылымдар оларға рухани өсіп, Ехобамен қарым-қатынастарын нығайтуға көмектеседі (Уағыздаушы 12:1, 13 оқыңыз). Бұның игілігін ересектер де көре алады. Мысалы, 2009 жылғы сәуір айындағы “Ояныңдар!” (ор.) журналында “Жастардың сауалдары. Киелі кітапты оқуды қалай қызықты етсем болады?” деген мақала жарық көрген болатын. Сол мақалада бірнеше пайдалы кеңестер және зерттеу кезінде қолдану үшін қиып алып, сақтап қоюға болатын қоршау келтірілді. Ересектер де мұның пайдасын көрді ме? Бір ана былай деп жазды: “Киелі кітапты оқуға үнемі қиналатынмын. Мен осы мақаладағы кеңестерге құлақ астым, сондай-ақ ондағы қоршауды қиып алып, әлі қолданып жүрмін. Қазір Киелі кітапты оқуды асыға күтемін. Мен Киелі кітаптағы кітаптардың өзара қалай үйлесімді екенін әрі өрнекті кілемдей әсем тоқылғанын көремін. Киелі кітапты бұрын-соңды осыншалықты қызығып оқыған емеспін”.
17, 18. Көпшілікке арналған әдебиеттердің қалай пайдасын көре аламыз? Мысал келтіріңіз.
17 Көпшілікке арналған әдебиеттер. 2008 жылдан бері “Күзет мұнарасының” зерттеуге арналған саны жарық көріп келеді. Бұл негізінен Ехоба куәгерлеріне арналған. Бірақ бізде көпшілікке арналған журналдар да бар. Олардың пайдасын қалай көре аламыз? Мұны мысалмен түсіндіріп өтейік. Бір күні қауым кездесуіне шақырған адамыңыз Патшалық сарайына келеді. Сіз бұған мәз-мейрам боларыңыз анық. Бауырлас көпшілікке арналған баяндаманы айтып жатқанда, бар ойыңыз қонағыңызда болатын шығар. Сіз, бәлкім, баяндамаға оның көзімен қарап,
естігендері жайлы не ойлап отыр екен, бұл өміріне қалай әсер етеді екен деп отырарсыз. Нәтижесінде, баяндамадан өзіңіз жігер алып, риза боларсыз.18 Көпшілікке арналған әдебиеттерді оқығанда да біз өзімізді осылай сезінуіміз мүмкін. Мысалы, “Күзет мұнарасының” көпшілікке арналған санында Киелі кітапқа негізделген тақырыптар Куәгер емес адамдар оңай түсінетіндей тілмен жазылған. Біздің jw.org сайтындағы “Киелі кітап. Сұрақтар мен жауаптар”, “Жиі қойылатын сұрақтар” деген бөлімдердегі көптеген мақалалар туралы да солай деуге болады. Осы мәліметтерді оқығанда, бұрыннан жақсы білетін Киелі кітаптағы шындықтарды тереңірек түсініп, оларға деген сүйіспеншілігіміз артады. Оның үстіне, қызметте нанымдарымызды түсіндірудің жаңа жолдарын үйренеміз. “Ояныңдар!” журналы да Жаратушының бар екеніне одан сайын көзімізді жеткізеді. Ол сондай-ақ нанымдарымызды қорғап сөйлеуді үйренуге көмектеседі (Петірдің 1-хаты 3:15 оқыңыз).
19. Ехобаның рухани ас-суына деген ризашылығымызды қалай көрсетеміз?
19 Шынында да, Ехоба “рухани мұқтаждығымызды” қанағаттандыру үшін, бізді мол рухани ас-сумен қамтамасыз етіп отыр (Матай 5:3). Олай болса, оның беріп жатқан мәліметтерінің бәрін оқып, өмірде қолданайық. Сонда мұның игілігін көреміз, әрі тек пайдалыны үйрететін Ехоба Құдайға барлық рухани ас-суына деген ризашылығымызды көрсетеміз (Ишая 48:17).
^ [1] (14-абзац) Жастарға арналған мәліметтерді “Жастардың сауалдары. Пайдалы кеңестер” (ор.) кітабының 1, 2-томынан, сондай-ақ қазір тек онлайн шығатын “Жастардың сауалдары” айдарынан табуға болады.