Ехоба өз халқын өмір жолымен бастап жүреді
“Жол — мынау, осы жолмен жүріңдер!” (ИШАЯ 30:21).
ӘНДЕР: 65, 48
1, 2. а) Қандай ескерту көп адамның өмірін сақтап қалды? (Мақаланың басындағы суретті қараңыз.) ә) Құдай өз халқына қалай басшылық беріп отыр?
“ТОҚТА, ҚАРА, ТЫҢДА!” Осы сөздер жазылған үлкен белгі Солтүстік Америкадағы теміржол өткелінде 100 жылдан астам уақыт тұрды. Бұл белгі үлкен жылдамдықпен келе жатқан пойызға көліктер соғысып қалмас үшін қойылған еді. Осы ескерту белгісіне назар аударған көп адам өмірлерін сақтап қалды.
2 Ехоба қауіпсіздік белгілерін қоюмен ғана шектелмейді. Ол, бейнелеп айтқанда, халқының алдында тұрып, мәңгілік өмірге жол сілтейді, әрі оларды қауіп-қатерден сақтайды. Ехоба ізгі шопандай қойларын өзі жетелеп, қауіпті жолдан қорғап отырады (Ишая 30:20, 21 оқыңыз).
ЕХОБА ХАЛҚЫНА ӘР КЕЗ БАСШЫЛЫҚ БЕРІП ОТЫРҒАН
3. Қалайша адамзат баласы өлімге апаратын жолға түсті?
3 Тарих бойы Ехоба адамдарға нақты нұсқаулар мен басшылық беріп келген. Мысалы, Едем бағында Ехоба адамзатты мәңгілік әрі бақытты өмірге жетелейтін анық нұсқаулар Мұсаның 1-жазбасы 2:15—17). Бірақ Адам ата мен Хауа ана сүйіспеншілігі зор Әкелерінің басшылығына мойынсұнбады. Оның орнына, Хауа ана жыланның айтқанын тыңдады, ал Адам ата әйелінің айтқанын тыңдады. Бұл неге әкеп соқты? Екеуі де қасірет шегіп, үмітсіз өлім құшты. Оның үстіне, олардың осындай тілазарлығының кесірінен бүкіл адамзат баласы өлімге апаратын жолға түсті.
берді (4. а) Топан судан кейін неге қосымша нұсқаулар қажет болды? ә) Жаңа жағдайлар Ехобаның өмір мен қанға деген көзқарасын қалай айқын етті?
4 Ехоба Нұхқа адам өмірін сақтайтын нұсқаулар берген. Топан судан кейін ол адамдарға қанды ішіп-жемеуді бұйырды. Не себепті? Өйткені Құдай оларға ет жеуге рұқсат бергелі жатқан еді. Осы жаңа жағдайға байланысты, адамдарға жаңа нұсқаулар қажет болды. Құдай оларға: “Тек олардың етін жанымен, яғни қанымен, жемеңдер”,— деп бұйырды (Мұсаның 1-жазбасы 9:1—4). Бұл бұйрықтан Ехобаның өзіне тиесілі өмір атаулыға деген көзқарасын көруге болады. Жаратушы әрі өмір беруші болғандықтан, оның өмірге қатысты заң-ережелер орнатуға құқы бар. Мәселен, ол біреудің өмірін қиюға тыйым салатын заң берген. Құдай өмір мен қанды қасиетті деп санайды, сол себепті бұларға қатысты заңдарды бұзған адамды жауапқа тартады (Мұсаның 1-жазбасы 9:5, 6).
5. Бұл мақалада не қарастырамыз және неге?
5 Нұхтың күндерінен кейін де Ехоба халқына басшылық беруін жалғастырды. Бұл мақалада Құдайдың оларға қалай басшылық бергеніне қатысты бірнеше мысалды қарастырамыз. Бұл бізге жаңа дүниеге жетелейтін Ехобаның нұсқауларына әрі қарай да мойынсұна беруге көмектеседі.
ЖАҢА ХАЛЫҚ, ЖАҢА БАСШЫЛЫҚ
6. Неге Құдай исраилдіктерге Мұса арқылы Заң берді және олардың бұған деген көзқарастары қандай болу керек еді?
6 Мұсаның заманында Ехоба өз халқына жүріс-тұрыстары мен ғибадаттарына қатысты анық нұсқаулар берді. Неге? Өйткені жағдай қайтадан өзгерді. Екі жүз жылдан аса уақыт бойы исраилдіктер Мысыр елінде құлдықта болған еді. Ондағы адамдар өлгендерге табынатын, пұттарға құлшылық ететін, Құдайды қорлайтын басқа да істермен айналысатын. Мысыр құлдығынан азат етілген кезде, Құдай халқына жаңа басшылық қажет болды. Олар тек Ехобаның Заңымен жүріп-тұратын жаңа халық болмақ еді. Кейбір мәліметтерге сай, “заң” деп аударылған еврей сөзі “бағыттау, жетелеу, нұсқау беру” дегенді білдіретін сөзбен түбірлес. Бұл Заң исраилдіктерді айналасындағы халықтардың азғын істері мен жалған діндерінен қорғап отырды. Исраил халқы Құдайды тыңдаған кезде батасына кенелді. Ал оған құлақ аспаған кезде, мұның ауыр зардабын тартты (Мұсаның 5-жазбасы 28:1, 2, 15 оқыңыз).
7. а) Ехоба өз халқына неліктен нұсқаулар бергенін түсіндіріңіз. ә) Заң қалайша Исраил халқы үшін қамқоршы болды?
7 Исраилдіктерге жаңа нұсқаулар берілуінің тағы бір себебі бар еді. Мұса Заңы бұл халықты Ехобаның ниетіндегі маңызды бір оқиғаға, атап айтқанда, Мәсіхтің келуіне дайындады. Бұл Заң исраилдіктерге кемелсіз, күнәкар Ғалаттықтарға 3:19; Еврейлерге 10:1—10). Бұған қоса, бұл Заң Мәсіх шығатын ата-текті қорғады әрі Мәсіх келген кезде оны анықтауға көмектесті. Расында да, Мұса Заңы уақытша жетекші, немесе Мәсіхке әкелетін “қамқоршы”, болды (Ғалаттықтарға 3:23, 24).
екендерін естеріне салып тұрды. Сондай-ақ осы Заңның арқасында олар өздерінің төлемге, яғни күнәларынан толықтай арылтатын кемелді құрбандыққа мұқтаж екендерін түсінді (8. Неге Мұса Заңындағы принциптерді басшылыққа алуымыз керек?
8 Біз де, мәсіхшілер, Ехобаның Исраилге берген Заңындағы нұсқауларының игілігін көре аламыз. Қалайша? Біз Мұса Заңының астарында жатқан принциптерге “тоқтап”, “қарап”, оларды түсінуіміз керек. Біз ондағы заңдарды ұстанбағанымызбен, олардың көбісін күнделікті өмірімізде, Ехобаға ғибадатымызда сенімді басшылық ретінде қолдана аламыз. Исаның не айтқанын “тыңдайықшы”: “Сендер “Неке адалдығын бұзба!” дегенді естігенсіңдер. Ал мен сендерге былай деймін: кімде-кім бір әйелге құмарта қараса, өз жүрегінде сол әйелмен неке адалдығын бұзғаны”. Демек, біз азғындық жасаудан ғана емес, сондай ойлар мен қалаулардан да аулақ болуымыз керек (Матай 5:27, 28).
9. Қандай жаңа жағдайға байланысты Құдайдың жаңа нұсқауы қажет болды?
9 Иса жерге Мәсіх ретінде келген соң, Ехоба тағы да жаңа нұсқаулар беріп, өзінің ниетін аша түсті. Бұл не үшін қажет болды? Өйткені жағдай тағы да өзгерген еді. Б. з. 33 жылы Ехоба Исраил халқынан бас тартып, өз халқы ретінде мәсіхшілер қауымын таңдады.
РУХАНИ ИСРАИЛГЕ АРНАЛҒАН БАСШЫЛЫҚ
10. Мәсіхшілер қауымына неліктен жаңа заңдар берілді және исраилдіктерге берілген заңдардан олардың қандай айырмашылығы болды?
10 Жоғарыда айтылғандай, Ехоба Мұса Заңын исраилдіктерге жүріс-тұрыстары мен ғибадаттарына қатысты берген болатын. Бірінші ғасырдың басында Құдайдың халқы бір ғана халықтан емес, әртүрлі халықтан, әртүрлі ортадан шыққан адамдардан тұрды, әрі олар рухани Исраил деп аталды. Олар мәсіхшілер қауымын құрып, жаңа келісімге сай өмір сүрді. Ехоба олардың жүріс-тұрысы мен ғибадатына қатысты жаңа әрі тереңірек нұсқаулар берді. Шынымен де, Құдай ешкімді алаламайды, “ол өзінен қорқатын және әділ әрекет ететін әрбір адамды, қай ұлттан шықса да, қабыл алады” (Елшілердің істері 10:34, 35). Олар “Мәсіхтің заңын” ұстанды. Принциптерге негізделген бұл заң тасқа емес, олардың жүректеріне жазылды. Мәсіхшілер қайда өмір сүрмесін, осы заң оларға бағыт-бағдар беріп, көп пайдасын тигізбек еді (Ғалаттықтарға 6:2).
11. “Мәсіхтің заңы” мәсіхшілер өмірінің қандай екі саласына ықпал ету керек?
11 Рухани Исраил, шынында да, Ехобаның Иса арқылы берген басшылығының көп пайдасын көрді. Жаңа келісім күшіне енбес бұрын, Иса екі маңызды өсиет айтты. Біріншісі уағыз ісіне қатысты, ал екіншісі мәсіхшілердің бір-біріне қалай қарау керектігіне қатысты еді. Бұл екі нұсқау барлық мәсіхшілерге берілгендіктен, жерде не көкте өмір сүруге үміттенбейік, бәрімізге де қатысы бар.
12. Исаның уағыздау ісіне қатысты берген бұйрығы несімен жаңа болды?
12 Ежелгі заманда өзге халықтардың Патшалар 1-жазба 8:41—43). Бірақ кейін Иса Матай 28:19, 20-да (Оқыңыз) жазылған жаңа нұсқауды берді. Ол шәкірттеріне барлық халықтарға “барыңдар” деген. Б. з. 33 жылғы Елуінші күн мейрамында Ехоба ізгі хабардың дүниежүзі бойынша таралғанын қалайтынын көрсетті. Сол күні жаңа қауымның 120 шақты мүшесі киелі рухқа кенеліп, яһуди мен яһуди дінін қабылдағандарға әртүрлі тілде сөйлей бастады (Елшілердің істері 2:4—11). Кейін ізгі хабар самариялықтардың аймағына да жетті. Ал б. з. 36 жылы уағыз аумағы одан бетер кеңейіп, сүндеттелмеген басқа ұлт адамдары шындықты ести бастады. Бұл дегеніміз мәсіхшілер ізгі хабарды дүниенің түкпір-түкпіріне жеткізу керектігін білдірді.
адамдары Ехобаға қызмет ету үшін Исраилге келу керек еді (13, 14. а) Исаның берген “жаңа өсиеті” нені білдіреді? ә) Исаның үлгісінен неге үйренеміз?
13 Иса сондай-ақ бауырластардың өзара қарым-қатынасына қатысты да өсиет берген. Ол “жаңа өсиет” деп аталады (Жохан 13:34, 35 оқыңыз). Біз бауырластарымызды жақсы көретінімізді күн сайын көрсетумен қатар, олар үшін жанымызды қиюға дайын болуымыз керек. Бұл — Мұса Заңында болмаған жаңа талап (Матай 22:39; Жоханның 1-хаты 3:16).
14 Иса осындай риясыз сүйіспеншілік танытудың ең керемет үлгісін көрсетті. Ол шәкірттерін жақсы көргені сонша — олар үшін жанын пида етті. Иса өзінің ізбасарларынан да осыны күтеді. Сондықтан біз бауырластарымыз үшін отқа да, суға да түсіп, олар үшін өлуге даяр болуымыз керек (Салоникалықтарға 1-хат 2:8).
БҮГІНГЕ ЖӘНЕ БОЛАШАҚҚА АРНАЛҒАН БАСШЫЛЫҚ
15, 16. Бүгінде Құдай бізге қалай басшылық етуде және біздің жағдайымыз қалай өзгерді?
15 Иса өзінің ізбасарларына уақтылы рухани ас-су беріп отыратын “адал да ақылды құлды” тағайындаған (Матай 24:45—47). Мұндай рухани ас-суға жағдайлар өзгерген кезде Құдай халқына берілетін маңызды нұсқаулар да кіреді. Бүгінде біздің жағдайымыз қалай өзгерді?
16 Біз “соңғы күндері” өмір сүріп жатырмыз. Сондай-ақ жақында бұрын-соңды болмаған зор алапатты бастан кешкелі тұрмыз (Тімөтеге 2-хат 3:1; Марқа 13:19). Сонымен қатар Шайтан мен оның жын-перілері көктен жерге қуылып, адамзатқа қасірет шектіруде (Аян 12:9, 12). Бұған қоса, Иса бұйырып кеткендей, біз ізгі хабарды бұрын-соңды болмаған көлемде уағыздап жатырмыз. Осының арқасында дүниенің шартарабындағы көптеген адамдар, көптеген тілде шындықты естуде!
17, 18. Беріліп жатқан нұсқауларға қалай қарауымыз керек?
17 Құдайдың ұйымы уағыз ісін атқара алуымыз үшін бізді көптеген құралдармен қамтамасыз етіп отыр. Сіз оларды қолданып жүрсіз бе? Қауым кездесулерінде осы құралдарды қалай шебер қолдануға қатысты нұсқаулар беріледі. Сіз бұл нұсқауларды Құдайдан келген басшылық деп қабылдайсыз ба?
18 Құдайдың батасына ие болғымыз келсе, оның мәсіхшілер қауымы арқылы беріп жатқан барлық нұсқауларына ден қоюымыз керек. Қазірдің өзінде оларға құлақ ассақ, Шайтанның бүкіл дүниесі жойылатын “зор алапат” Матай 24:21). Содан кейін де, Шайтанның ықпалы болмайтын әділдік орнаған жаңа дүниеде де, бізге жаңа басшылық қажет болады.
кезінде берілетін нұсқауларға мойынсұну оңай болады (19, 20. Жаңа дүниеде қандай шиыршықтар ашылады және нәтижесінде не болады?
19 Мұсаның күндерінде Исраил халқына жаңа басшылық қажет болғанда, Ехоба оларға Заң берді. Кейінірек мәсіхшілер қауымы “Мәсіхтің заңымен” өмір сүрді. Тап солай, Киелі кітапта айтылғандай, жаңа дүниеде де бізге жаңа нұсқаулар жазылған шиыршықтар беріледі (Аян 20:12 оқыңыз). Бұл шиыршықтарда Ехобаның сол кездегі адамзатқа қатысты талаптары түсіндірілуі әбден мүмкін. Қайта тірілгендерді қоса алғанда, адамдардың бәрі осы шиыршықтарды зерттеп, Құдайдың өздеріне қатысты еркін білетін болады. Шиыршықтардың арқасында Ехобаның ой қалпын тереңірек түсіне бастаймыз. Сондай-ақ біз Киелі кітапты әлдеқайда жақсы түсінеміз, сонда жұмақта бір-бірімізге толықтай сүйіспеншілік пен сый-құрмет танытатын боламыз (Ишая 26:9). Сол кезде Патшамыз Иса Мәсіхтің басшылығымен қаншама жаңа нәрселер біліп, өзгелерге тәлім беріп жатқанымызды елестетіп көріңізші!
20 “Шиыршықтарда жазылған” нұсқауларға мойынсұнып, соңғы шешуші сынақта адал болып қалсақ, Ехоба есімімізді “өмір шиыршығына” өшпестей етіп жазып қояды. Осылайша біз мәңгілік өмір сыйына қол жеткіземіз! Ендеше, Киелі кітапта не делінгенін оқу үшін бізге ТОҚТАУ керек, оқығанымыздың біз үшін қандай мәні бар екенін түсіну үшін ҚАРАУ керек, сондай-ақ қазір Құдайдың басшылығына мойынсұнуымыз үшін бізге ТЫҢДАУ керек. Осылай етер болсақ, зор алапаттан аман өтіп, даналығы мен сүйіспеншілігі мол Құдайымыз Ехоба жайлы мәңгі бақи біле береміз (Уағыздаушы 3:11; Римдіктерге 11:33).