Ой-сана үшін шайқаста жеңімпаз болыңыз!
СІЗ шабуыл астындасыз! Жауыңыз Шайтан сізге қарсы өте күшті қару қолдануда. Бұл қару сіздің тәніңізді емес, ой-санаңызды нысанаға алады. Бұл не қылған қару? Үгіт-насихат!
Шайтанның үгіт-насихаты өте қауіпті екенін елші Пауыл білген. Бірақ кезінде бұл қауіп жөнінде мәсіхшілердің барлығы біле бермеген. Мысалы, Қорынт қаласындағы кейбір бауырластар біз шындықта берік тұрмыз, Шайтан бізді еш алдай алмайды деп ойласа керек (Қорынттықтарға 1-хат 10:12). Сол себепті Пауыл оларды былай ескертті: “Жылан Хауа ананы қулықпен азғырғандай, сендердің де ой-саналарың бұзылып, Мәсіхке деген шынайылықтарың мен пәктіктеріңнен айырылып қалмасаңдар екен деп қорқамын” (Қорынттықтарға 2-хат 11:3).
Пауылдың сөздері өзімізге тым сенімді болып кетпеудің қаншалықты маңызды екенін көрсетеді. Шайтанның үгіт-насихатымен күресте жеңіп шығу үшін, сізге мұның қаншалықты қауіпті екенін түсіну керек, ал кейіннен одан қорғануыңыз қажет.
ҮГІТ-НАСИХАТТЫҢ ҚАНДАЙ ҚАУПІ БАР?
Бұл мақалада үгіт-насихат деп отырғанымыз — адамдарды адастыру я болмаса ойы мен іс-әрекетін басқару мақсатымен айтылатын жаңсақ не өтірік ақпарат. Бір кітапқа сай, үгіт-насихат “өнегесіз, зиянды және қара ниетті” болып келеді (“Propaganda and Persuasion”). Адамдар бұны “өтірік, шындықты бұрмалау, алдау, манипуляция, сана-сезімді басқару” секілді сөздермен түсіндіреді.
Үгіт-насихат өте қатерлі, себебі ол ақырындап ой-санамызды улайды, бұны тіпті өзіміз де аңғармауымыз мүмкін. Ол тура бір көзге көрінбейтін, иісі де сезілмейтін улы газға ұқсайды. Адамның мінез-құлқын зерттейтін маман Ванс Пакардтың айтуынша, үгіт-насихат біздің іс-әрекетімізге “өзіміз ойлағаннан да қатты” ықпал етеді. Ал басқа бір маманның сөзіне сай, үгіт-насихаттың кесірінен адамдар өте қауіпті, тіпті ақылға сыймайтын нәрселерді істейді және бұл геноцидке (бір нәсілді жаппай қырып-жою), соғысқа, діни көзқарас не нәсіл үшін қудалауға әкеп соқтырған (“Easily Led—A History of Propaganda”).
Егер адамның өзі бізді үгіт-насихатымен алдай алатын болса, Шайтан бізді одан бетер Жоханның 1-хаты 5:19; Жохан 8:44). Шайтан үгіт-насихатымен жұрттың “саналарын соқыр қылғаны” сонша, қазір “бүкіл жержүзін адастырып жүр” (Қорынттықтарға 2-хат 4:4; Аян 12:9). Оның үгіт-насихатына берілмеу үшін сіз не істей аласыз?
арбай алады емес пе?! Ол адамзаттың мінез-құлқын сонау адам баласы жаратылғаннан бері зерттеп келеді. Бұған қоса, ол қазір “бүкіл дүниені” уысында ұстап отыр. Демек, ол өз өтірігін тарату үшін осы әлемнің кез келген бөлігін пайдаланып кете алады (СЕНІМІҢІЗДІ НЫҒАЙТЫҢЫЗ
Иса үгіт-насихатқа қарсы тұрудың қарапайым жолын былай деп үйреткен: “Шындықты біле түсесіңдер, ал шындық сендерді азат етеді” (Жохан 8:31, 32). Соғыс кезінде сарбаз сенімді ақпаратты қайдан алатынын білуі қажет, өйткені дұшпандар оны адастыру үшін жалған ақпарат таратады. Ендеше, сенім артуға болатын ақпаратты сіз қайдан таба аласыз? Ехоба оны өз Сөзі, Киелі кітапта, жазып қойған. Ол жақта Шайтаннан келген үгіт-насихаттың тас-талқанын шығаруға қажеттінің бәрі бар (Тімөтеге 2-хат 3:16, 17).
Шайтан мұны сөзсіз біледі. Сондықтан ол қол астындағы дүние арқылы бізді алаңдатып, Киелі кітапты оқып-зерттеуге деген ықыласымыздан айырғысы келеді. “Ібілістің зымиян іс-әрекеттеріне” алданып қалмаңыз! (Ефестіктерге 6:11). Шындықтың негізін түсініп қоюмен ғана шектелмеңіз. Бізге аянбай күш салып, шындық жайлы білімімізді тереңдете беру керек (Ефестіктерге 3:18). Ноам Хомски есімді жазушы айтпақшы, “Ешкім шындықты сіздің миыңызға құя салмайды. Оны өзіңіз үшін іздеп табуыңыз қажет”. Олай болса, “Жазбаларды күн сайын мұқият зерттеу” арқылы шындықты “өзіңіз үшін іздеп табыңыз” (Елшілердің істері 17:11).
Шайтан сіздің анық ойлап, естігендеріңіздің рас-өтірігін салмақтап-саралағаныңызды қаламайды. Неге? Себебі адамдар “сын көзімен ойланудан қалғанда”, үгіт-насихат “өте тиімді бола түседі” (“Media and Society in the Twentieth Century”). Мұқият ой елегінен өткізбей жатып, естіген нәрсеге көзді жұмып сене салмаңыз (Нақыл сөздер 14:15). Құдай берген “саналылық” пен “ақыл-ойды” пайдаланып, сеніміңізді нығайтыңыз (Нақыл сөздер 2:10—15; Римдіктерге 12:1, 2).
БІРІККЕНДІ ЖАУ АЛМАС
Үгіт-насихаттың ықпалына түскен сарбаз қорқынышқа бой алдырады да, соғысуға деген
ерік-жігері төмендейді. Насихаттың салдарынан олар тіпті өзара қырылысып кетуі немесе қалған жасақтан бөлектеніп кетуі мүмкін. Бір неміс генералының айтуынша, Бірінші дүниежүзілік соғыста Германияның жеңілгенінің бір себебі де осы үгіт-насихат. Ол адамдардың үгіт-насихаттың ықпалында болғаны сонша, олар тура бір гипнозға түскендей күйде болғанын айтты. Бүгінгі таңда Шайтан да мәсіхшілердің бірлігін қашыру үшін осындай әдістерді қолданады. Мысалы, бауырластардың арасында алауыздық туғызғысы келеді. Бұдан басқа, өздеріне әділетсіз қарады не болмаса дұрыс емес нәрсе жасалды деген ойға иландырып, оларды Ехобаның ұйымынан кетіруге тырысып бағады.Алданып қалмаңыз! Құдай Сөзіндегі кеңеске құлақ асып, бауырластарыңызбен бірлікте болыңыз. Мысалы, Киелі кітап “бір-бірімізді кеңпейілмен кешіре” беруге және кез келген келіспеушіліктің түйінін тез арада тарқатуға талпындырады (Қолостықтарға 3:13, 14; Матай 5:23, 24). Сонымен қатар қауымнан оқшауланып кетпеуді ескертеді (Нақыл сөздер 18:1). Шайтанның үгіт-насихатына төтеп беруге дайынсыз ба, жоқ па, соған көз жеткізіңіз. Былайша ойланып көріңіз: “Соңғы рет бауырластарым ренжіткенде мен Құдайға ұнайтындай әрекет еттім бе, әлде Шайтанға ұнайтындай ма?” (Ғалаттықтарға 5:16—26; Ефестіктерге 2:2, 3).
СЕНІМДІЛІГІҢІЗ ШАЙҚАЛМАСЫН
Қолбасшысына адал емес сарбаз шайқаста барын салмайды. Сондықтан да сарбаздардың басшыларына деген сенімділігін шайқалту үшін жау үгіт-насихатқа жүгінеді. Қолбасшылары қателік жіберсе болғаны, жау мұны бірден пайдасына асырып, “Оларға сенуге болмайды!” және “Олардың сені құрдымға әкетуіне жол берме!” деген насихат жүргізеді. Шайтанның да тәсілі осындай. Ол Ехоба өз халқын жетелеу үшін тағайындаған кісілерге деген сенімділігіңізді шайқалтқысы келеді.
Бұдан қалай қорғансақ болады? Ехобаның ұйымынан ажырамауға белді бекем буыңыз. Құдай халқын бастап келе жатқан ер кісілерге, кемелсіз болса да, адал болып, қолдау көрсетуді доғармаңыз (Салоникалықтарға 1-хат 5:12, 13). Жолдан тайғандар мен басқа да алдампаз адамдар ұйымға шабуылдауы мүмкін (Титке 1:10). Олардың сөздері рас болып көрінсе де, “бірден ақыл-парасатыңыздан айырылып” қалмаңыз (Салоникалықтарға 2-хат 2:2). Пауылдың Тімөтеге берген кеңесіне құлақ түріп, “үйренген... нәрселерді бұдан былай да ұстана беріңіз” және “кімдерден тәлім алғаныңызды” ұмытпаңыз (Тімөтеге 2-хат 3:14, 15). Ехоба шындықты үйрету үшін шамамен жүз жыл бойы қолданып келе жатқан адал құлға не себепті сенуге болатынының барлық дәлелдері жөнінде ой қозғаңыз (Матай 24:45—47; Еврейлерге 13:7, 17).
ЕШ ҚОРЫҚПАҢЫЗ
Бұған қоса, Шайтан тікелей ықпал етуге тырысады. Кейде ол бойыңызға қорқыныш ұялатқысы келеді. Үрей ұялату — “үгіт-насихат атаулының ең көне түрі” (“Easily Led—A History of Propaganda”). Осы орайда Филипп Тэйлор есімді британдық профессор ассириялықтарды мысалға келтіреді: олар өз жауларынан үстем болу үшін, үрей мен үгіт-насихатты қатар қолданған. Шайтан да сіздің Ехобаға қызмет етуді доғаруыңыз үшін, түрлі қорқыныш ұялатады. Мысалы, адам алдындағы қорқыныш, қуғын-сүргіннен қорқу және өлім алдындағы қорқынышты қолданады (Ишая 8:12; Еремия 42:11; Еврейлерге 2:15).
Шайтанның бұлай істеуіне жол бермеңіз! Иса: “Тәнді өлтірсе де, кейін басқа ештеңе істей алмайтындардан қорықпаңдар!”— деген (Лұқа 12:4). Ехобаның сізді қамқорлаймын, сізге “адам күшінен асқан күш” беремін және Шайтанның шабуылдарына төтеп беруге көмектесемін деген уәдесін орындайтынына толықтай сенімді болыңыз (Қорынттықтарға 2-хат 4:7—9; Петірдің 1-хаты 3:14).
Әлбетте, кейде қолымыздың күш-қуаты кетіп, қорқыныш сезінетін кездер болады. Бірақ Ехобаның Ешуаға айтқан сөздерін жадыңызда ұстаңыз: “Батыл да берік бол!.. Еш қорықпа, шошыма да, өйткені қайда барсаң да, мен, Құдайың Ехоба, саған жар боламын” (Ешуа 1:9). Егер бойыңызды уайым меңдесе, дереу Ехобаға ішіңіздегіні ақтарып дұға етіңіз. “Сонда Құдайдың адам ақылынан асқан тыныштығы” жүрегіңіз бен ой-санаңызды қорғайтынына сенімді болыңыз. Осылайша Шайтанның барлық үгіт-насихатына төтеп беруге қажетті күшіңіз болады (Філіпіліктерге 4:6, 7, 13).
Ассириялықтардың хабаршысы рабшақтың Құдай халқын қорқытпақ болып айтқан үгіт-насихаты есіңізде ме? Ол ешбір адам, тіпті Ехоба да оларды Ассириядан құтқара алмайды дегенге сендіргісі келді. Сосын Ехобаның өзі ассириялықтарға Иерусалимді жоюды бұйырды деп өтірік айтты. Сонда Ехоба не деді? “Өзің естіген Ассирия патшасының мені тілдеуге жіберген қызметшілерінің сөздерінен қорықпа!”— деді (Патшалар 2-жазба 18:22—25; 19:6). Сөйтіп, бір періштесін жіберіп, ол бір түннің ішінде 185 000 ассириялықты сұлатып салды! (Патшалар 2-жазба 19:35).
ДАНА БОЛЫП, ӘРҚАШАН ЕХОБАҒА ҚҰЛАҚ АСАЙЫҚ
Қандай да бір фильмде кейіпкердің алданып жатқанын өзі түсінбей тұрғанын көрген кезіңіз болған ба? Сол кезде: “Сенбе оларға! Олар сені алдап жатыр!”— дегіңіз келген шығар. Ендеше, періштелер де сізге: “Шайтанға алданып қалма!”— деп жатқанын елестетіп көріңіз.
Олай болса, Шайтанның үгіт-насихатын тыңдамаңыз (Нақыл сөздер 26:24, 25). Ехобаны тыңдап, істеген әр ісіңізде оған сенім артыңыз (Нақыл сөздер 3:5—7). Ол сізді жақсы көреді, сондықтан сізді: “Ақылды бол, балам, жүрегімді қуант, Сонда өзімді қорлағанға жауап бере аламын”,— деп шақырады (Нақыл сөздер 27:11). Осы кеңеске құлақ асар болсаңыз, ой-сана үшін шайқаста жеңімпаз болып шығасыз!