Құдай Тағала туралы не білеміз?
Көп адам Құдайға, немесе Аллаға, сенеміз дейді. Бірақ олардан “Құдай қандай?” деп сұрасаңыз, алуан түрлі пікірлер естисіз. Бірі Құдайды пендесін күнәсі үшін жазалауға асық тұратын қатал соттаушы деп білсе, өзгесі оны адам не істесе де кешіретін мейірімі шексіз тұлға деп біледі. Тағы біреулер “Құдай тым асқақ, ол біздей жұмыр басты пенделерге көңіл бөлмейді” деп жатады. Осындай сан қилы пікірден соң, көп адам үшін Құдайды танып-білу мүмкін еместей көрінеді.
Құдайды тану қаншалықты маңызды? Құдайды жақыннан танысаңыз, өміріңіз мәнді де мағыналы бола түседі (Елшілердің істері 17:26—28). Сондай-ақ Құдай Тағаланың сізге мейір-шапағы артып, әрдайым қасыңыздан табылады (Жақып 4:8). Құдайды жақсы танып-білгеніңіз түбінде мәңгілік өмірге жетелейді (Жохан 17:3).
Құдайды қалай тануға болады? Мысалы, жан досыңыз туралы ойлап көріңізші. Онымен қалай достастыңыз? Оның есімін, болмысын, нені ұнатып, нені ұнатпайтынын, жеткен жетістіктері мен арман-мақсаттарын білдіңіз. Осы білгендеріңіздің арқасында оны өзіңізге жақын тарттыңыз.
Құдайды тану үшін де мына жайттарды білген абзал:
Бұл журналдың мақсаты — Киелі жазбаларға сүйеніп, осы сұрақтардың жауабын ортаға салу. Сонда сіз Құдайды танып қана қоймай, оған етене жақын болудың нендей игілік әкелетінін білесіз.