Жұмақтағы жақсы өмір жақын!
Алла Тағала о баста жерді жаратқанда, Құдайға адал адамдар мәңгі жасасын деп ниет қылған (Зәбүр 37:29). Ол Адам ата мен Хауа ананы “Едем” деген көрікті баққа қоныстандырды. Сөйтіп, оларға және келер ұрпақтарына жерді өңдеп, күтіп-баптауды тапсырды (Мұсаның 1-жазбасы 1:28; 2:15).
Қазір жер бетін жұмақ дей алмайсың. Бірақ Құдайдың жерге байланысты ой-ниеті өзгерген жоқ. Ол өз ниетін қалай жүзеге асырмақшы? Алдыңғы мақалалардан білгеніміздей, Жаратушымыз жерді ешқашан жоймайды. Жер бетінде Құдайдың хақ жолынан таймағандар өмір сүретін болады. Сол кезде өмір қандай болмақ?
Жаһандық үкімет
Жақында Құдайдың көктегі жаңа үкіметі бүкіл адамзатты басқарады. Сол кезде адамдар ынтымағы жарасып, жаны қалаған іспен айналысады. Алла Тағала жерге билік ету үшін Иса Мәсіхті тағайындады. Бүгінде көп билеушілер өздерін ойласа, Иса өз азаматтарын ойлайтын болады. Оның билігінің тұғыры сүйіспеншілікке бекітіледі, ал өзі мейірімді де қайырымды, әділ билеуші болады (Ишая 11:4).
Халықаралық мызғымас бірлік
Жерде ескі жүйе кетіп, жаңа қоғам орнағанда, ұлтқа, руға бөлінушілік деген болмайды. Бүкіл адамзат бір үйдің баласындай ынтымақта өмір сүреді (Аян 7:9, 10). Олар бір-бірін де, Құдайды да шын жақсы көретін болады. “Бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып”, Жаратушы Иеміздің бастапқы ой-ниетіне сай, жер бесігімізді аялап, қамқорлайды (Зәбүр 115:16).
Адам мен табиғат үндестігі
Құдай Патшалығы жер бетіне билік жүргізгенде, Жаратушы табиғат күштерін толық қадағалап, бұзылған тепе-теңдікті қалпына келтіреді (Зәбүр 24:1, 2). Мысалы, Иса пайғамбар жер бетінде жүргенде, буырқанған дауылды оп-оңай тыныштандырды. Осылай ол Құдайдың құдіретінің көмегімен не істей алатынын паш етті (Марқа 4:39, 41). Иса Мәсіх басқарған кезде адамдар табиғи апаттардан қорқып, үрейі ұшпайды. Әсем табиғат пен адамдар арасында үндестік пен тұтастық қайта орнайды (Ошия 2:18).
Мықты денсаулық пен астың молдығы
Әрбір адамның он екі мүшесі сау болып, бірде-бір адам ауырмайды, қартаймайды және қайтыс болмайды (Ишая 35:5, 6). Адамдар тұнық мөлдір ауа жұтып, таза табиғат аясында өмір сүреді. Жер шары Едем бағындай жазиралы жұмаққа айналады. Жаңа дүниеде жер ағыл-тегіл өнім беріп, адамдар соның рақатын көреді (Мұсаның 1-жазбасы 2:9). Ежелде Құдайдың халқы болған исраилдіктер сияқты, жұмақта бәрі “тойғандарынша нан жейді” (Мұсаның 3-жазбасы 26:4, 5).
Нағыз тыныштық пен қауіпсіздік
Құдайдың бүкіләлемдік үкіметі билік жүргізгенде, адамдардың бәрі өзара тату болып, бір-біріне мейіріммен қарайды. Ешкім біреудің ала жібін аттамайды. Сол заманда соғыс, билікті асыра пайдалану атымен болмайды. Адамдар ең керек-жарағы болу үшін бүгінгідей жанталасып жатпайды. Киелі жазбаларда мынадай уәде жазылған: “Әркім өз жүзім бұтасы мен інжір ағашының түбінде отырады, Ешкім де оларды қорқытпайды” (Миха 4:3, 4).
Көрікті үйлер мен көңілге хош жұмыс
Әр отбасының басында бір-бір баспанадан болады. Ешкім одан айырылып қаламын деп қорықпайды. Қолға алған әрбір істің берекесі болады. Киелі жазбаларда айтылғандай, Алла сыйлайтын алдағы өмірде ешкімнің “бейнеті желге кетпейді” (Ишая 65:21—23).
Ең озық білім
Киелі жазбаларда: “Жер беті Ехоба туралы білімге толады”,— деп уәде етілген (Ишая 11:9). Жаңа қоғамның мүшелері Жаратушының түпсіз даналығына терең бойлап, оның қолынан шыққан туындыларын зерттеп-біледі. Олар білімдерін қару-жарақ ойлап табу үшін немесе басқаларға зияндық келтіру үшін жұмсамайды (Ишая 2:4). Адамдар бір-бірімен ауызбіршілікте тұрады және Жер ананы аялап күтуді үйренеді (Зәбүр 37:11).
Шексіз өмір
Біздің әр күніміз қызыққа, мән-мағынаға толы болу үшін Алла жерді барынша әдемілеп дайындап қойған. Сол жерде адамдар мәңгі өмір сүрсін деп ол ниет қылған (Зәбүр 37:29; Ишая 45:18). Сондықтан Құдай өмірді үзетін “өлімді біржола жоқ қыламын” деп отыр (Ишая 25:8). Киелі кітапта: “Енді қайтып өлім, жоқтау, зар еңіреу мен ауру болмайды”,— деп айтылған (Аян 21:4). Жер бетінде осы дүниенің соңында аман қалғандар ғана емес, жұмақта тірілетін сансыз көп адам да өмір сүреді. Құдай Тағала олардың бәріне мәңгі жасау мүмкіндігін ұсынады (Жохан 5:28, 29; Елшілердің істері 24:15).
Жохан 17:3). Соның арқасында олар күнәкар болса да, жаңа дүниеде өмір сүру үшін Құдайға ұнайтын қасиеттерді шыңдай алуда.
Қазірдің өзінде жержүзіндегі миллиондаған адам қолсозым жерде тұрған жаңа дәуірге дайындалып жүр. Бұл үшін олар Ехоба Құдай жайында және ол жіберген Иса Мәсіх жайында білім алып жатыр (Ақырзаманнан аман қалып, көзкөрім жерде тұрған жақсы заманға қалай жетуге болады? Ол үшін Ехоба куәгерлері ұсынатын интерактивті Киелі кітап курсына қатысып көріңіз. Бұл курс ақысыз және “Мәңгі бақи өмірдің рақатын көріңіз!” кітабымен өткізіледі.