Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

Сүйіспеншілігіміз болса ғана өзімізден гөрі өзгені артық ойлаймыз

Бөтенді бауырым деп сүйіңіз

Бөтенді бауырым деп сүйіңіз

Адамдардың бәрі — Адам атадан тарағандықтан бір-біріне бауыр. Әрине, туған бауырлар бір-біріне жанашыр, өте мейірімді болады. Алайда өмірде безбүйрек болып кеткендер де аз емес. Бірақ сүюші Алла алысты жақынымыздай, бөтенді бауырымыздай көрсек екен дейді.

КИЕЛІ ЖАЗБАЛАР СҮЮГЕ ҮНДЕЙДІ

“Өзге адамды өзіңді сүйгендей сүй” (МҰСАНЫҢ 3-ЖАЗБАСЫ 19:18)

“Жауларыңды ұдайы жақсы көріңдер” (МАТАЙ 5:44)

ӨЗГЕНІ СҮЮДІҢ СЫРЫ НЕДЕ?

Алла Тағала сүйіспеншілік қасиетін Інжілде былай сипаттап кеткен (Қорынттықтарға 1-хат 13:4—7):

“Сүйіспеншілік шыдамды да мейірімді”

Ойсалар. Сіз қателік жіберген кезде басқалар бірден ашуланбай, қайта шыдамды, мейірімді болса, өзіңізді қалай сезінер едіңіз?

“Сүйіспеншілік қызғанбайды”

Ойсалар. Өзгелер сізге күдікпен қараса немесе іштерінен көре алмаса, өзіңізді қалай сезінер едіңіз?

Сүйіспеншілік “өзімшіл” емес

Ойсалар. Өзгелер сіздің ой-пікіріңізді құрметтесе және өз дегендерінде тұрып алмаса, сізге ұнар ма еді?

Сүйіспеншілік “кек те сақтамайды”

Ойсалар. Күнә жасаса да шын өкінген пендесін Алла кеңпейілмен кешіреді. “Ол қателікті жіпке тізбейді, мәңгі ашулана да бермейді” (Зәбүр 103:9). Өзіміз ренжіткен адам бізді кешіріп тұрса, қалай риза болар едік! Олай болса, бізді ренжіткендерді біз де кешіріп тұрайық (Зәбүр 86:5).

Сүйіспеншілік “әділетсіздікке қуанбайды”

Ойсалар. Жаман жағдайға душар болғанда, біреудің біздің қайғымызға қуанғанын қаламас едік. Сондықтан бізге қиянат жасаған біреу-міреу қиындыққа ұшыраса, бұған қуанбаймыз.

Алла Тағаланың шапағатына бөленгіміз келсе, басқаларды жасы, ұлты, діні бөлек болса да сүюіміз керек. Өзгені осылай сүюдің бір жолы — көмекке мұқтаж адамдарға қол ұшын беру.