Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

НЕГІЗГІ ТАҚЫРЫП | УАҚЫТ СЫНЫНАН ӨТКЕН КИЕЛІ КІТАП

Киелі кітап кімнің арқасында сақталды?

Киелі кітап кімнің арқасында сақталды?

Киелі кітап біздің күнімізге дейін жетіп, әрбір адам үшін қолжетімді болып отыр. Оның жақсы аудармасын таңдап оқысаңыз, ол жерде түпнұсқадағы ойлардың дұрыс жеткізілгеніне сенімді болуыңызға болады *. Сіз Киелі кітаптың осы күнге дейін шіріп жойылмай, қарсыластардың қастандығы мен мәтінді әдейілеп өзгертпек болғандардың әрекеттеріне қарамай сақталғанына таңғалған шығарсыз. Бұл қалай мүмкін болды? Бұл кітап несімен ерекше?

“Қолымдағы Киелі кітаптың Құдайдың сыйы екеніне көзім жетті”

Киелі кітапты сүйіп оқитын көптеген оқырмандар “Киелі жазбалардың бәрі Құдай рухының жетелеуімен жазылғанына” көз жеткізді (Тімөтеге 2-хат 3:16). Олардың ойынша, Киелі кітап Құдайдың адамзатқа жолдаған ерекше Сөзі болғандықтан әрі Құдайдың өзі оны желеп-жебеп келгендіктен, ол біздің күнімізге дейін аман сақталған. Кіріспе мақалада сөз етілген Фазыл деген кісі Киелі кітапқа қатысты теріс пікірлердің рас-өтірігіне көз жеткізу үшін, оны өзі оқып зерттеуді шешті. Ол біраз қызықты жайттарды біліп таңғалды. Мысалы, шіркеуде үйрететін көптеген ілімдердің Киелі кітапта жазылмағанын түсінді. Сондай-ақ Жаратушы Құдайдың жер мен адамзатқа қатысты керемет уәдесін біліп, жаны жай тапты.

“Қолымдағы Киелі кітаптың Құдайдың сыйы екеніне көзім жетті. Бүкіл ғаламды жаратуға құдіреті жеткен Құдайдың біз үшін кітап жаздырып, оны сақтауға күші жетпеуі мүмкін емес. Бұған күмәндану Құдайдың құдіретіне шек келтірумен тең болар еді. Ал Құдіреті шексіз Құдайдың күшіне шек келтіретіндей мен кіммін?”— дейді Фазыл (Ишая 40:8).

^ 3-абзац “Жақсы аударманы қалай таңдауға болады?” деп аталатын мақаланы қараңыз (“Күзет мұнарасы” журналы (ор.), 2008 жыл, 1 мамыр).