СТРЕСТІ ЖЕҢЕ БІЛІҢІЗ
Стрессіз күндер келеді
Киелі кітап даналығымен өмір сүрсек, біз артық стрестен аулақ жүреміз. Пенде болғандықтан, стресс туғызатын жағдайлардың бәрін жоқ қыла алмаймыз. Ал Жаратушымыз оны істей алады. Ол бізді қиындықтан құтқаратын біреуді тағайындап та қойды. Ол — Иса пайғамбар. Жер бетінде болғанда ол біраз кереметтер жасады. Ал жақында ол бүкіл ғалам бойынша таңғажайып керемет істер жасайтын болады. Ол қандай істер?
КЕЗІНДЕ АУРУЛАРДЫ САУЫҚТЫРҒАН ИСА БОЛАШАҚТА ДА САУЫҚТЫРАДЫ
“Жұрт оған әртүрлі дерттен қатты қиналғандардың бәрін... әкеліп жатты, ал Иса оларды айықтырды” (МАТАЙ 4:24).
ИСА БАРЛЫҚ АДАМДЫ АЗЫҚ-ТҮЛІК ЖӘНЕ БАСПАНАМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТЕДІ
“Жұрт үйлер салып, соларға қоныстанады, Жүзімдіктер отырғызып, жемісін жейтін болады. Олар үйді өзге біреу тұрсын деп салмайды, Жүзімдікті де жемісін өзгелер жесін деп отырғызбайды” (Ишая 65:21, 22).
ИСА БИЛІК ЕТКЕНДЕ БҮКІЛ ӘЛЕМДЕ БЕЙБІТШІЛІК ПЕН ҚАУІПСІЗДІК ОРНАЙДЫ
“Оның заманында әділ жан өркендейді, Аспанда ай тұрған кездің бәрінде шартарапта тыныштық болады. Ол теңізден теңізге дейін, Евфраттан жердің шетіне дейін билік құрады... Жаулары топырақ жалайтын болады” (ЗӘБҮР 72:7—9).
ИСА ӘДІЛЕТСІЗДІКТІҢ ТАМЫРЫНА БАЛТА ШАБАДЫ
“Бейшара мен кедейге жаны ашиды, Жарлылардың өмірін аман сақтайды. Қанаушы мен зұлым билеушіден құндарын өтеп алады” (ЗӘБҮР 72:13, 14).
ИСА ТІПТІ ҚАЙҒЫ-ҚАСІРЕТ ПЕН ӨЛІМДІ ЖОҚ ҚЫЛАДЫ
“Енді қайтып өлім, жоқтау, зар еңіреу мен ауру болмайды” (АЯН 21:4).