Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

ОЯНЫҢДАР! № 2, 2018 | Отбасы жарасымының 12 құпиясы

Отбасы жарасымының 12 құпиясы

Шаңырағы ортасына түсіп жатқан отбасылары туралы жиі естиміз. Ал отбасы жарасымының сыры неде?

  • ҚР Ұлттық Экономика Министрлігі Статистика комитетінің мәлімдеуінше, ажырасулар саны 2000 жылы 27 391 болса, 2016 жылы 51 993-ке жеткен.

  • Ата-аналар дал болуда: кейбір мамандар баланы бетінен қақпай өсіру керек десе, өзгелері қатал тәрбиелеу керек дегенді алға тартады.

  • Жастар ешбір дайындықсыз ересек өмірге аяқ басуда.

Десе де бір қуантарлығы:

  • Отбасы бақытты да баянды бола алады.

  • Ата-аналар балаларын махаббаттарына бөлей отырып тәрбиелей алады.

  • Жастар ересек өмірге дайындықпен аяқ баса алады.

“Ояныңдар!” журналының осы саны отбасы жарасымының 12 құпиясын ашады.

 

1. Адалдық

Жұбайларға жұбын жазбауға көмектесетін үш пайдалы кеңес.

2. Қолдау көрсету

Жұбайыңыз сіз үшін бір үйде тұрып жатқан бөтен адамдай ма?

3. Сыйластық

Жұбайыңыз сіздің тарапыңыздан құрмет сезіну үшін не айтып, не қоюға болатынын біліңіз.

4. Кешірімшілдік

Жарыңыздың қателігіне қадалмай, көз жұма салуға не көмектеседі?

5. Әңгімелесу

Балаңызға жақын болуға көмектесетін үш кеңесті біле жүріңіз.

6. Жөнге салу

Жөнге салу баланы басу ма?

7. Құндылықтар

Балаларыңыздың бойына қандай құндылықтарды ұялатқаныңыз жөн?

8. Үлгі-өнеге

Балаңыз айтқаныңызды тыңдағанын қаласаңыз, ісіңіз сөзіңізге сай болсын.

9. Сен қандайсың?

Жастар өз нанымдарын қалай қорғай алады?

10. Сенімді бол

Есейгеніңді көрсетудің бір жолы — ата-анаңның сеніміне кіру.

11. Еңбекқор бол

Жастайыңнан еңбекқор болғаның өмірде жетістікке жетуге қалай көмектесетінін оқып көр.

12. Мақсаттар қой

Алдыңа қойған мақсаттарыңа қол жеткізсең, өзіңе деген сенімділігің өседі, басқалармен достығың нығаяды, қуанышың да еселене түседі.

Жанұяларға жәрдем

Құдай Сөзіндегі ақыл-кеңестер жанұяңыздың жарасымды, отбасыңыздың берекелі болуына көмектеседі.