Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

Бір-бірін қолдайтын ерлі-зайыпты діттеген мақсаты бір ұшқыш пен оның көмекшісі сияқты

ЖҰБАЙЛАР ҮШІН

2. Қолдау көрсету

2. Қолдау көрсету

НЕНІ БІЛДІРЕДІ?

Некеде бір-біріне қолдау көрсететін ерлі-зайыпты діттеген мақсаты бір ұшқыш пен оның көмекшісі сияқты. Түрлі қиындықтар туындаған кезде де, олар “мен” емес, “біз” деген көзқарас ұстанады.

КИЕЛІ КІТАП КЕҢЕСІ: “Енді олар екеу емес, біртұтас” (Матай 19:6).

“Некені бақытты ету үшін ері мен әйелі жеке орындаушылар сияқты болмай, дуэт болып бірлесе әрекет етулері керек” (Кристофер).

НЕГЕ МАҢЫЗДЫ?

Бір-біріне қолдау көрсетпейтін жұбайлар қандай да бір мәселе туындағанда, сол қиындықпен емес, бір-бірімен күресіп кетеді. Содан түймедей мәселелер түйедейге айналады.

“Өзара қолдау көрсету — некенің алтын қазығы. Күйеуім екеуміз бір адамдай әрекет етпегенде, бір үйде тұрып жатқан бөтен адамдардай болар едік. Ондай кезде маңызды мәселені ортаға салып шешу қиынға соғар еді” (Александра).

НЕ ІСТЕЙ АЛАСЫЗ?

ӨЗІҢІЗДІ ТЕКСЕРІП КӨРІҢІЗ

  • Тапқан ақшамды “менікі” деп есептеймін бе?

  • Жақсылап тынығуым үшін, жұбайым қасымда болмау керек пе?

  • Жарым үшін туыстары ыстық болса да, мен олардан алшақ жүремін бе?

БІРГЕ ТАЛҚЫЛАҢЫЗДАР

  • Отбасымыздың қай саласында бірлесе әрекет етіп жүрміз?

  • Ал қай салада жақсаруымыз керек?

  • Бір-бірімізді қолдау үшін не істей аламыз?

КӘДЕГЕ ЖАРАР

  • Жұбайыңыз екеуіңіз теннис алаңында бір-біріңізге қарсы емес, бір командада жұптасып ойнап жатырмын деп елестетіңіз. Бір-біріңізге қалай демеу бола аласыздар?

  • “Мен қалай жеңсем болады?” деп емес, “Екеуміз қалай жеңсек екен?” деп ойлаңыз

“Кімдікі дұрыс, кімдікі бұрыс деп дауласудан аулақ болыңыз. Отбасының ынтымақ-бірлігі бұдан әлдеқайда артық” (Эрик).

КИЕЛІ КІТАП КЕҢЕСІ: “Тек өз мүдделеріңді емес, басқалардың да мүддесін ойлаңдар” (Філіпіліктерге 2:3, 4).