ЖАРАТЫЛЫС ҒАЖАЙЫПТАРЫ
Теңіз құндызының тоны
СУДА мекендейтін сүтқоректі жануарлардың көбісінде терінің астында қалың май қабаты бар. Бұл оларды суықтан қорғайды. Алайда теңіз құндызы (калан) суықтан басқаша қорғанады. Оның қалың жүнді тоны — оған суықтан пана.
Көңіл қоярлық жайттар. Бұл жануардың жүні басқа сүтқоректілердің бәрін алып қарағанда әлдеқайда қалың, шамамен айтқанда, 1 шаршы сантиметрде 155 000 жүн талшығы бар. Ол жүзгенде, жүнінің терісіне жақын қабаты ауаға толады. Бұл ауа қабаты изоляция міндетін атқарып, денесіне суықты өткізбейді. Соның арқасында денесінің жылулығы бір қалыпты болады.
Ғалымдар құндыз жүнінің осы бір ұтымды тұстарын үлгі етіп алды. Олар жүннің ұзындығы мен қалыңдығын түрлендіре отырып, көптеген жасанды тондарды істеп көрді. Осы тәжірибеден зерттеушілер жүн неғұрлым қалың әрі ұзын болған сайын, ол соғұрлым құрғақ, су жұқпайтындай болатынын байқаған. Теңіз құндызының шынымен мақтанатындай-ақ тоны бар!
Ғалымдар жүргізген зерттеулері су өткізбейтін мата үлгілерін жасап шығаруға септігін тигізеді-ау деген үмітте. Жақында мұздай суда жүзетін сүңгуірлердің теңіз құндызынікіне ұқсас тон киіп алмайтындарына кім кепіл?!
Сіз қалай ойлайсыз? Құндыздың жылу сақтайтын тоны эволюцияның нәтижесі ме, әлде Құдайдың берген сыйы ма?