Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

Ашытқы жасушасының құрылымы өте күрделі. Әр жасушаның ядросында жасушаға бұйрық беріп тұратын ДНҚ бар. Сондай-ақ әр жасушаның химиялық заттарды ыдыратып, қоректік затқа айналдыратын кішкентай “механизмі” бар. Бұл процесс тірі ағзаның тіршілігі үшін аса қажет.

Тірі тіршіліктің айтары

Тірі тіршіліктің айтары

Айналамыздағы тірі нәрсенің бәрі қозғалады, өседі және көбейеді. Ғаламшарымызға қайталанбас көрік беріп тұрған да — осы. Бүгінде адамдар тірі ағзалар жайында бұрынғыға қарағанда көп біледі. Өмірдің бастауы жайлы тірі табиғат не дейді? Келесі жайттарды қарастырайық.

Тірі ағзалардың күрделілігі олардың ойластырылып жасалғанын дәлелдейді. Тірі ағзалар жасуша деп аталатын кішкентай бөліктерден құралады. Жасушалар кішкентай зауыттар сияқты. Тірі ағзалар тіршілігін жалғастырып, көбею үшін олар мыңдаған аса күрделі жұмыс атқарады. Тіпті қарапайым тірі ағзаның өзінде осындай күрделі жұмыс жүріп жатады. Мысалы, бір ғана жасушадан тұратын нан ашытқысын алайық. Адам жасушасының қасында ол әлдеқайда қарапайым көрінуі мүмкін. Бірақ шындығында ол өте күрделі. Әр жасушаның ядросында жасушаға бұйрық беріп тұратын ДНҚ бар. Сондай-ақ әр жасушаның химиялық заттарды ыдыратып, қоректік затқа айналдыратын кішкентай “механизмі” бар. Бұл процесс тірі ағзаның тіршілігі үшін аса қажет. Егер ашытқы жасушасына қоректік заттар түспесе, оның белсенділігін азайтатын күрделі химиялық процестер жүре бастайды. Сөйтіп, ашытқы жасушасы ұйқыға кеткендей болады, бірақ тірі қалады. Ұзақ уақыт тұрса да, нан пісірер кезде ол қайтадан “оянады”.

Ғалымдар ашытқының жасушасын талай жылдар бойы зерттеп, адам жасушасын түсінгісі келіп жүр. Бірақ олар әлі түбіне жете алмай отыр. Чалмерс атындағы Технологиялық университетінің профессоры Росс Кинг былай деп назын білдірді: “Адамдікін қоя берші, тіпті қарапайым ашытқы жасушасын зерттеу үшін ғылыми тәжірибе жүргізетін биологтар жоқтың қасы”.

Ғалымдардың шақша басын шарадай қылып отырған осы қарапайым ашытқы өздігінен пайда болды ма? Әлде оны солай етіп біреу ойластырып қойды ма?

Тірінің бәрі тіріден шығады. ДНҚ нуклеотидтер деп аталатын молекулалардан құралады. Адамның әрбір жасушасында 3,2 миллиард нуклеотид бар. Олар қосылып арнайы код түзеді. Сол код жасушаға бұйрық беріп, ферменттер мен ақуыздарды қалай шығару керектігін айтып отырады.

Ғалымдардың айтуынша, осы нуклеотидтердің тіпті ең қарапайым тізбегін алсақ, олардың кездейсоқ дұрыс код түзуі 10 150 жағдайдың ішінде 1-ақ рет болуы мүмкін (10 150 = 1-ден кейін 150 нөлі бар). Ал бұл әсте мүмкін емес.

Ғалымдар қанша тәжірибе жасаса да, ешқашан тірі емес нәрседен тірі нәрсе шығара алмаған.

Адам өмірі айрықша. Адамдар кеудесінде жаны бар басқа тіршілік иелеріне мүлдем ұқсамайды. Өйткені біздер ғана өмірдің бар қызығын көре аламыз. Шығармашылық қабілеттер, аралас-құралас болу және сан түрлі сезімдерге бөлену адам баласына ғана тән. Біз небір дәм мен иісті сезе аламыз, түрлі дыбыстарды естіп, түстерді ажыратамыз, ал көру қабілетіміздің өзі неткен ғажап! Ертеңімізді жоспарлап, өмірдің мәнісін іздейтін де жалғыз біз ғана.

Адам тек жан сақтап, ұрпақ жалғастыру үшін ғана пайда болса, біздің осыншалықты керемет болуымыз қажет пе? Әлде әрбір күннен қуаныш алсын деп, қамқор Жаратушымыз бізге өмірді сыйға берді ме?