Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

Ғалымдар нені айта алмайды?

Ғалымдар нені айта алмайды?

Ғалымдар ғаламның қыр-сырын түгел ашып тастағандай көрінеді. Сөйтсе де олар көптеген маңызды сұрақтардың жауабын айта алмай отыр.

Ғалам мен өмірдің қалай пайда болғанын ғалымдар анықтай алды ма? Бір сөзбен айтсақ, жоқ. Кейбіреулердің айтуынша, ғаламның қалай пайда болғанын астрономияның космология деген саласы түсіндіріп бере алады. Алайда Дартмут колледжінің астрономия профессоры және агностик Марсело Глейзер былай дейді: “Біз осы уақытқа дейін ғаламның қалай пайда болғаны жайлы ештеңе түсіндірген емеспіз”.

Ал “Ғылыми жаңалықтар” деген журналда өмірдің пайда болғаны жайында былай дейді: “Жердегі өмір шын мәнінде қалай пайда болғанын кесіп айту мүмкін емес сияқты. Жердің алғашқы күндерінен сыр шертетін көне тастар мен қазбалардың көбісі баяғыда жоқ болып кеткен”. Осы айтылғандарға қарап, ғалымдар “Ғалам мен өмір қалай пайда болды?” деген сұраққа әлі де жауап бере алмай жатқанын көріп отырмыз.

Бірақ сізде мынадай сұрақ туындайтын шығар: “Жердегі өмір өздігінен емес, арнайы ойластырылып жасалған болса, кім оның жасаушысы?” Мынадай сұрақтарыңыз да бар шығар: “Асқан дана әрі мейірімді Жаратушы бар болса, неге ол өзі жаратқан адамдардың қайғысын көрмейді? Неге діннің түрі соншама көп? Неге дін жолындағы адамдар соншалықты көп жамандық жасайды?”

Біз бұл сұрақтардың жауабын ғылымнан таба алмаймыз. Бірақ бұл олардың мүлдем жауабы жоқ дегенді білдірмейді. Көп адам көңілге қонымды жауаптарды Киелі кітаптан тапқан.

Кейбір ғалымдар Киелі кітапты тиянақты зерттегеннің арқасында Жаратушыға сене бастаған. Олардың көзін не жеткізгенін түсіну үшін, jw.org сайтына кіріп, “Тіршіліктің пайда болуына қатысты көзқарастар” айдарындағы видеоларды көріңіз.