Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

Таш-Рабаттағы киіз үйлер

ТӨРТКІЛ ДҮНИЕГЕ САЯХАТ

Қырғызстан

Қырғызстан

ҚЫРҒЫЗСТАН мұз қалпақты асқар таулардың дәл ортасында орналасқан. Таулар қырғыз елінің 90 пайыздай жерін алып жатыр. Қырғыз халқы Тянь-Шань тауының ең биік шыңы (теңіз деңгейінен 7439 м биік) осында екенін мақтанышпен айтады. Қырғыз елі Қазақстан, Өзбекстан, Тәжікстан және Қытай елдерімен шекаралас жатыр. Елдің шамамен 4 пайызын ормандар құрайды. Жабайы грек жаңғағы өсетін әлемдегі ең үлкен ормандардың бірі Қырғызстанда екенін айта кету керек.

Ехоба куәгерлері Қырғызстандағы мыңдаған халыққа Киелі кітаптағы хабарды айтады

Қонақжайлылық пен сыйластық — қырғыз халқының мәдениетіне тән. Жасы үлкен кісілерге кішілері “сіз” деп сөйлеп, қоғамдық көлікте орын береді, ал дастарқан басында төрге жайғастырады.

Әр қырғыз отбасында әдетте үш не одан да көп баладан болады. Үйдің кенже ұлы үйленгеннен кейін де ата-анасымен бірге тұрып, оларға қартайған шақтарында қамқорлық көрсетеді.

Қырғыздар қыз баланы кішкентайынан үй шаруасына баулып, отбасылық өмірге дайындайды. Жасөспірім шағында қыздар барлық үй тірлігіне біраз ысылып қалады. Қыздарын қияға қондырарда ата-анасы оның жасауын дайындайды. Бұған көрпе-төсек, киім-кешек және қолдан тоқылған кілем кіреді. Ал күйеужігіт қалыңмал береді.

Той-томалақта не кісі қайтыс болғанда, қой не жылқы сойылады. Малдың еті жіліктеліп, ет салынған табақтар кісілердің жасы мен дәрежесіне қарай тартылады. Бұл дәстүр де сый-құрмет көрсетудің бір нышаны болып табылады. Осыдан кейін дастарқанға бешбармақ деген ұлттық тағам қойылады. Оны негізінен қолмен жейді.

Қырғыздың ұлттық аспабы — қомыз