“Батыл да табанды болыңдар!”
“Батыл да табанды болыңдар!”
“Батыл болыңдар; Мен осы дүниені жеңіп шықтым” (ЖОХАН 16:33).
1. Исраилдіктерді Қанаханда не күтіп тұрды және олар қалайша жігерлендірілді?
ИСРАИЛДІКТЕР Иордан өзенінен өтейін деп, Уәде етілген жердің табалдырығында тұрғанда, Мұса оларға: “Батыл да табанды болыңдар! Олардан қорқып, үрейлерің ұшпасын, өйткені Құдайларың Тәңір Өзі сендермен бірге барады”,— деді. Сосын Мұса исраилдіктерді Қанахан еліне алып кіруге тағайындалған Ешуаны шақырып алып, батыл болу керектігі жөніндегі кеңесті тағы да қайталап айтты (Заңды қайталау 31:6, 7). Кейінірек Ехобаның өзі Ешуаны жігерлендіріп, былай деді: “Батыл да табанды бол... Тек батыл да, өте табанды бол” (Ешуа 1:6, 7, 9). Бұл уақтылы айтылған сөздер еді. Иорданның арғы бетінде күтіп тұрған күшті жауларымен кездесер алдында исраилдіктерге батылдық қажет болатын.
2. Бүгінде біз қандай жағдайды бастан кешіріп жүрміз және бізге не қажет?
2 Бүгінде, мәсіхшілер уәде етілген жаңа дүниенің табалдырығында тұрғанда, Ешуа сияқты олар да батыл болулары керек (2 Петір 3:13; Аян 7:14). Алайда біздің жағдайымыз Ешуанікінен өзгеше. Ол семсер мен найза қолданып соғысқан. Ал біз рухани соғыс жүргізіп жатырмыз әрі тура мағынадағы қару-жарақты ешқашан қолға алмаймыз (Ишая 2:2—4; Ефестіктерге 6:11—17). Сонымен қатар Ешуа Уәде етілген жерге кіргеннен кейін де көптеген сұрапыл соғыстарға қатысқан. Ал біз болсақ, қазір — жаңа дүниеге кірер алдында — барынша сұрапыл шайқастарды бастан кешіріп жүрміз. Біздің батыл болуымызды талап ететін біраз жағдайларды қарастырып көрелік.
Не себепті күресуіміз керек?
3. Киелі кітапта мәсіхшілердің басты жауы жөнінде не делінген?
3 Елші Жохан: “Біз Құдайданбыз, бірақ бүкіл дүниеге шайтан билігін жүргізіп отыр, бұны білеміз”,— деп жазған (1 Жохан 5:19). Осы сөздерден неліктен мәсіхшілер сенімдерін сақтау үшін күресулері керек екендігінің негізгі себебін көруге болады. Мәсіхшілердің адалдықтарын сақтағаны — Шайтан Ібіліске соққы беру деген сөз. Сондықтан Шайтан адал мәсіхшілерді қорқытып, жалмап қою үшін, ‘ақырған арыстанға’ ұқсап жүр (1 Петір 5:8). Ол майланған мәсіхшілер мен олардың серіктеріне қарсы шайқасуда (Аян 12:17). Осы шайқасында Шайтан өз мақсатына жету үшін өзіне бірі біліп, бірі білмей қызмет етіп жүрген адамдарды қолдануда. Шайтан мен оған қызмет етіп жүргендердің бәріне қайтпастан қарсы тұру үшін батыл болуға тиіспіз.
4. Иса қандай ескерту жасаған, бірақ шынайы мәсіхшілер қандай қасиет танытуда?
4 Иса Шайтан мен соның жағындағы адамдардың ізгі хабарға қатты қарсылық көрсететінін білген. Ол ізбасарларына: “Жұрт сендерді азаптап, өлтіру үшін ұстап береді. Менің атымды мойындағандарыңа бола барлық ұлттар сендерді жек көретін болады”,— деп ескертті (Матай 24:9). Бұл сөздер бірінші ғасырда орындалған болатын, қазір де орындалуда. Тарих бойындағы сұрапыл қуғын-сүргіндер сияқты кейбір Ехоба Куәгерлерінің бастан кешірген қуғын-сүргіндері де өте ауыр болған. Алайда шынайы мәсіхшілер осындай қудалауға кезіккенде батылдық танытуда. Олар ‘пендеден қорыққандардың тұзаққа түсетінін’ біледі, сондықтан өздері бұндай тұзаққа түскілері келмейді (Нақыл сөздер 29:25).
5, 6. а) Қандай жағдайлар батыл болғанымызды талап етеді? ә) Шынайы мәсіхшілер батылдықтары сыналғанда қалай әрекет етеді?
5 Батыл болғанымызды талап ететін басқа да жайттар бар. Мысалы, кейбір жариялаушылар үшін бейтаныс адаммен ізгі хабар жөнінде сөйлесу нағыз сынақ. Мектепте оқитын жариялаушылардың кейбіреулерінің батылдығы өздері тұрып жатқан мемлекетке адал болу туралы ант беру немесе мемлекеттік туды дәріптеу керек болғанда сыналады. Мұндай әрекет ғибадат етумен тең, бірақ мәсіхшілердің балалары Құдайға ұнамды болуда батыл әрекет етуде және олардың мұнысы қуантады.
6 Сонымен қатар қарсыластарымыз бұқаралық ақпарат құралдары арқылы Құдайдың қызметшілері туралы жағымсыз мәлімет таратқанда немесе “заңды қолданып” шынайы ғибадатқа шектеулер қойғанда батыл болу қажет (Забур 94:20, ЖД). Мысалы, газет, радио немесе теледидар арқылы Ехоба Куәгерлері туралы бұрмаланған немесе ашықтан-ашық жалған мәлімет берілсе, біз өзімізді қалай сезінеміз? Аңырайып қаламыз ба? Жоқ. Өйткені біз мұндай нәрсенің болуы мүмкін екенін білеміз (Забур 108:2). Әлдебіреудің жалған не бұрмаланған сөзге сенетіндігі бізді таңқалдырмайды, өйткені “ақылсыз кез келген сөзге сене береді” (Нақыл сөздер 14:15). Адал мәсіхшілер бауырластары туралы айтылған кез келген сөзге сене салмайды, сондай-ақ жалған мәліметтің қауымға бармай не уағыздау қызметіне шықпай қоюға ықпал етуіне немесе сенімдерін шайқалтуына жол бермейді. Қайта, олар ‘Құдайдың қызметшілеріне лайық болуға ұмтылып... Оларды не құрметтеп, не қараласа да, не сөгіп, не мадақтаса да, не өтірікшілер десе де, [шындығына келгенде] бәрібір адал’ (2 Қорынттықтарға 6:4, 8).
7. Өзімізді тексеру үшін қандай сұрақтар қоюға болады?
7 Пауыл Тімотеге: “Құдай бізге қорқыныш емес, күш... сыйлады. Сондықтан да Иеміз Иса Мәсіхті ашық мойындаудан ешқашан тартынба”,— деп жазған (2 Тімотеге 1:7, 8; Марқа 8:38). Осы сөздерді оқи отырып, өзімізден былай деп сұрауымызға болады: “Қай дінді ұстанатынымды айтудан тартынамын ба, әлде, батылмын ба? Әріптестерім не сыныптастарым Ехоба Куәгері екенімді біле ме? Жоқ, мұны жасырып қалуға тырысамын ба? Өзгелерден ерекшеленуден қысыламын ба? Әлде, Ехобамен қарым-қатынасымды мақтан тұтамын ба?” Егер әлдекім ізгі хабарды уағыздаудан немесе өзгелер жақтыра бермейтін хабарды таратудан тартынса, ондайлардың есіне Ехобаның Ешуаға берген: “Батыл да, табанды бол”,— деген кеңесін салайық. Біз үшін әріптестеріміз бен сыныптастарымыздың емес, Ехоба мен Иса Мәсіхтің не ойлайтыны анағұрлым маңызды екенін ешқашан ұмытпалық (Ғалаттықтарға 1:10).
Анағұрлым батыл болудың жолдары
8, 9. а) Қалай бірде ертедегі мәсіхшілердің батылдығы сыналды? ә) Петір мен Жохан қоқан-лоқы көргенде не істеді және мұның сол екеуі мен өзге бауырластары үшін нәтижесі қандай болды?
8 Қалай қазіргі қиын-қыстау күндері адалдығымызды сақтауға қажетті батылдық дамытуға болады? Ертедегі мәсіхшілер оны қалай дамытқан? Иерусалимнің бас діни қызметкерлері мен рубасылары Петір мен Жоханға Исаның атынан уағыз айтуға тыйым салғанда не болғанын қарастырып көрейікші. Шәкірттер бұлай етуден бас тартқаннан кейін, оларға сес көрсетеді де босатып жібереді. Бұдан кейін олар бауырластарына келіп, барлығы бірге: “Иеміз, олардың қоқан-лоқысын көріп, құлдарыңа сөзіңді зор батылдықпен уағыздайтын күш бере гөр”,— деп дұға етеді (Елшілердің істері 4:13—29). Ехоба дұғаларына берген жауабы ретінде оларды киелі рухы арқылы нығайтады, ал кейінірек яһуди басшылары айтқандай, мәсіхшілер өз ілімдерін ‘бүкіл Иерусалимге таратады’(Елшілердің істері 5:28).
9 Сол жағдайда не болғанын қарастырып көрейікші. Яһуди басшылары қоқан-лоқы көрсеткенде, мәсіхшілер қысым жасалып жатқандықтан уағыздауды доғару керек деген шешімге келмеген. Қайта, уағыздауды тоқтатпау үшін батылдық сұрап дұға еткен. Содан кейін олар дұғаларына сай әрекет етіп, ал Ехоба киелі рухы арқылы қатайтқан. Олардың бастан өткізгендерінен бірнеше жылдардан кейін, Пауылдың өзге бір контексте жазған сөздерін қудаланып жүрген мәсіхшілерге қатысты қолдануға болатыны көрінеді. Ол: “Маған күш-қуат берушінің арқасында бәріне де төзе аламын”,— деген (Філіпіліктерге 4:13, ЖД).
10. Болмысына ұялшақтық тән мәсіхшілерге Еремияның үлгісі қалай көмектеседі?
10 Алайда әлдебіреудің болмысына ұялшақтық тән болса ше? Осыған қарамастан қарсылыққа кезіккенде, ол Ехобаға батыл қызмет ете ала ма? Әрине! Ехоба Еремияны пайғамбарлыққа тағайындағанда, мұның оған қалай әсер еткенін естеріңе түсіріңдерші. Сол жас жігіт: “Мен әлі жаспын”,— деген. Оның жауабынан өзін қабілетсіз сезінгенін көруге болады. Бірақ Ехоба оны келесі сөздермен жігерлендіреді: “Мен жаспын” деме. Өйткені Мен сені кімге жіберсем солардың бәріне барасың, Мен саған не бұйырсам соның бәрін айтасың! Олардан қорықпа. Өйткені сені құтқару үшін Мен сенімен бірге боламын” (Еремия 1:6—10). Еремия Ехобаға сенім артады да, Ехобаның арқасында тартыншақтығын жеңіп, Исраил елінің аса батыл пайғамбары болады.
11. Бүгіндегі мәсіхшілердің Еремия сияқты батыл болуларына не нәрсе көмектесуде?
11 Бүгінде майланған мәсіхшілерге Еремиянікіндей іс тапасырылған, әрі олар “басқа қойлардың” “өте үлкен тобырының” қолдауымен адамдардың немкеттілігіне, келемеждеуі мен қудалауына қарамастан, Ехобаның еркін жариялауда (Аян 7:9; Жохан 10:16). Олар Ехобаның Еремияға айтқан “олардан қорықпа” деген сөздерінен жігер алады. Олар Құдайдың тапсырмасын орындап, оның хабарын уағыздап жүргендерін әрқашан естерінде ұстайды (2 Қорынттықтарға 2:17).
Батылдық танытқандардың еліктеуге тұрарлық үлгісі
12. Батыл болуға қатысты Иса қандай керемет үлгі көрсеткен және ол ізбасарларын қалай жігерлендірген?
12 Еремия сияқты батыл әрекет етіп жүргендер жөнінде ой жүгірткеніміз батылдық дамытуымызға көмектеседі (Забур 76:13). Мысалы, Исаның қызметін қарастырар болсақ, Шайтан еліктіргенде оның батылдық танытқанына, сондай-ақ Яһуда басшыларының қарсылықтарына қаймықпастан тойтарыс бергеніне қайран қаламыз (Лұқа 4:1—13; 20:19—47). Иса Ехобаның күш беруінің арқасында мызғымастай берік болған. Ол өлерінен аз уақыт бұрын шәкірттеріне: “Күнәкар дүниеде қысымшылық көресіңдер; алайда батыл болыңдар; Мен осы дүниені жеңіп шықтым”,— деген (Жохан 16:33; 17:16). Егер шәкірттері Исаның үлгісіне еліктесе, олар да жеңімпаз бола алатын (1 Жохан 2:6; Аян 2:7, 11, 17, 26). Бірақ олар ‘батыл болулары’ керек еді.
13. Пауыл філіпіліктерді қалай жігерлендірген?
13 Иса өлгеннен кейін біраз уақыттан соң, Пауыл мен Сыйлас Філіпі қаласында түрмеге жабылады. Кейінірек Пауыл Філіпідегі қауымды ‘бірдей ниетпен табанды тұрып, Ізгі хабарға деген сенімдері үшін бір кісідей жұмылып, жан аямай күресуге, қарсыластарынан еш қорықпауға’ шақырады. Оларды осылайша жігерлендіре отырып, ол былай деді: “Сендердің тайсалмас жігерлерің қарсыластарыңның мәңгі жойылып кететінін, ал өздеріңнің құтқарылатындарыңды алдын ала білдіреді. Мұны іске асырушы — Құдай. Ол сендерге рақым етіп, Мәсіхке сенуді ғана емес, Ол үшін азап шегуді де белгіледі” (Філіпіліктерге 1:27—29).
14. Пауылдың Римдегі батылдығы бауырластарына қалай әсер етті?
14 Пауыл Філіпідегі қауымға хат жазғанда тағы да түрмеде, бұл жолы Рим түрмесінде, отырған еді. Осыған қарамастан, ол өзгелерге батыл уағыздаған. Мұның нәтижесі қандай болды екен? Пауыл: “Патшаның бүкіл күзетші жасағына және мұндағы барлық басқаларға да менің Мәсіхке қызмет еткенім үшін бұғауда отырғаным мәлім болды. Сонымен қатар тұтқындалуым бауырластардың басым көпшілігінің Иемізге деген сенімдерін нығайта түсті, олар Құдай сөзін бұрынғыдан бетер қорықпай уағыздауға батылданды”,— деп жазды (Філіпіліктерге 1:13, 14).
15. Батыл болуға деген талпынысымызды нығайтатын керемет мысалдарды қайдан табуға болады?
15 Пауылдың үлгісі бізді де жігерлендіреді. Бүгінгі күнгі диктаторлық басшылықтың немесе дінбасылардың тарапынан шыққан қуғын-сүргінге төтеп беріп жүрген мәсіхшілердің арасында да үлгі боларлық керемет мысалдар бар. Олардың көбісі “Күзет мұнарасы”, “Ояныңдар!” журналдарында, сондай-ақ “Ехоба Куәгерлерінің жылнамасында” басылып отырады. Сол оқиғаларды оқығанда, олардың да біз сияқты адамдар болғанын
естеріңде ұстаңдар. Бірақ адам төзгісіз жағдайларға кезіккенде, Ехоба зор күш сыйлап, олар қиыншылықтарға төтеп бере алған. Егер жағдай талап етер болса, Ехобаның бізге де тап сондай күш беретініне сенімді болуымызға болады.Батыл болғанымыз Ехобаға ұнамды әрі даңқын арттырады
16, 17. Қалай бүгінгі таңда батылдық дамыта аламыз?
16 Мәсіхші шындық жолында берік тұрып, әділдігін сақтаса, оның батыл болғаны. Ал егер ол іштей қорқып тұрса да, берік болса, оның анағұрлым батыл болғаны. Шындығына келгенде, кез келген мәсіхші егер расында да Ехобаның еркін орындағысы келсе, әділдігін сақтап қалуға белін бекем буса, әрқашан Құдайға арқа сүйейтін болса және бұрынғы кездері Ехобаның өзі сияқты мәсіхшілерді қолдап отырғанын әрдайым есте ұстайтын болса, батыл бола алады. Сонымен қатар батыл болғанымыз Ехобаға ұнайтынын әрі оның даңқын арттыратынын түсінер болсақ, берік болуға деген шешіміміз бұрынғысынан да нығая түседі. Біз қорлыққа не келеке-мазаққа төзуге даярмыз, өйткені Ехобаны шын жүректен сүйеміз (1 Жохан 2:5; 4:18).
17 Сеніміміз үшін жапа шеккенде, мұның қандай да бір күнә істеп қойғандықтан емес екендігін ешқашан ұмытпалық (1 Петір 3:17). Біз Ехобаның бүкіләлемдік билігін қолдап, игі іс істеп жүргендіктен, сондай-ақ осы дүниелік емес болғандықтан жапа шегіп жүрміз. Осыған қатысты елші Петір былай деген: “Егер жасаған жамандықтарыңа лайықты соққыға шыдасаңдар, оның несі мадақтарлық? Ал жақсылық жасай тұра азап шегіп, соған шыдасаңдар, бұл Құдайға ұнайды”. Сонымен қатар ол: “Құдайдың еркі бойынша азап шегіп жүргендерің, жандарыңды әрдайым уәдесін орындайтын Жаратқан Иеге сеніп тапсырып, игі істер жасай беріңдер!” — деген (1 Петір 2:20; 4:19). Иә, сеніміміздің берік болғаны сүйіспеншілікке толы Құдайымыз Ехобаға ұнамды әрі оның даңқын арттырады. Бұл батыл болуға тұрарлық қандай келелі себеп десеңші!
Билігі барлармен сөйлесу
18, 19. Сот алдында батыл сөйлеу арқылы негізінде біз оларға қандай сөздерді жеткіземіз?
18 Иса ізбасарларының қудаланатыны туралы айтқанда, келесі сөздерді де айтқан: “[Адамдар] сендерді соттарға ұстап беріп, өздерінің мәжілісханаларында дүре соғатын болады. Менің жолыма түскендеріңе бола сендерді әміршілер мен патшалар алдына да апарады. Осылайша соларға және басқа ұлт адамдарына Мен туралы ашық айтасыңдар” (Матай 10:17, 18). Тағылған жалған айып бойынша сот не әкім алдына бару да батыл болуды талап етеді. Батылдықпен осындай жағдайларды сол кісілерге уағыз айту үшін қолдану арқылы біз ауыр жағдайды маңызды істі атқарудың қолайлы кезіне айналдырамыз. Негізінде біз өзімізді соттап жатқандарға Ехобаның 2-ші Забурде жазылған сөздерін жеткіземіз: “Енді, патшалар, ақылға келіңдер, әлемнің билері, шындықты ұғыңдар [“түзеліңдер!”, ЖД]! Тәңір Иені терең қастерлеңдер” (Забур 2:10, 11). Сот істерінде Ехоба Куәгерлеріне жала жабылғанда жиі соттар еркін ғибадат етуді қолдайды, әрі бұл үшін біз оларға ризамыз. Сөйтсе де кейбір соттар қарсы жақтың өздеріне әсер етуіне жол береді. Оларға Жазбаларда: “Түзеліңдер!” — делінген.
19 Соттар Ехоба Құдайдың заңының ең жоғарғы заң екенін ұғынулары керек. Олар Римдіктерге 14:10). Адами соттар әділетті шешім қабылдайды ма, жоқ па, батыл болуымызға бізде барлық негіз бар, өйткені бізді Ехоба қолдап отыр. Киелі кітапта: “Оған сенгендер бақытты болмақ!” — делінген (Забур 2:12).
бүкіл адамзат, соттарды қоса алғанда, Ехоба Құдай мен Иса Мәсіхтің алдында жауапты екенін естерінде ұстағандары жөн (20. Неге қуғындалғанда, сондай-ақ жалған айып тағылғанда төтеп берсек, қуанышты болуымызға болады?
20 Таудағы уағызында Иса былай деген: “Адамдар сендерді Маған бола қорлап, қудалап, әр түрлі жала жауып жамандаса, бақыттысыңдар! Қуана шаттаныңдар! Себебі көкте сендерді зор сыйларың күтіп тұр! Жұрт сендерден бұрынғы пайғамбарларды да солай қудалаған” (Матай 5:11, 12). Әрине, қуғындалу біз үшін жағымды нәрсе емес, бірақ біздің, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы берілетін жалған мәліметті қоса алағанда, қуғындалып жатқанымызға қарамастан, тайсалмай берік тұрғанымыз қуана шаттануға тұрарлық нәрсе. Бұл біздің Ехобаға ұнамды екендігімізді білдіреді, сондай-ақ ол бізге сыйын береді. Батыл болғанымыз нағыз сеніміміз бар екендігін, сондай-ақ Құдайдың бізге оң көзбен қарайтынын көрсетеді. Сонымен қатар бұл біздің Ехобаға толықтай арқа сүйейтінімізді көрсетеді. Келесі мақаладан көретініміздей, мәсіхші үшін Ехобаға толықтай арқа сүйеудің маңызы аса зор.
Не білдіңдер?
• Бүгіндегі қандай жағдай батыл болғанымызды талап етеді?
• Қалай біз батылдық дамыта аламыз?
• Кімдер батылдық танытуда керемет үлгі көрсеткен?
• Неге біз батыл әрекет етуді қалауымыз керек?
[Зерттеуге арналған сұрақтар]
[20-беттегі суреттер]
Біз ізгі хабарды жариялаудан тартынбаймыз
[21-беттегі суреттер]
Германиялық Семон Арнольд (қазір Лебстер), малавилік Уиддас Мадона және украиндық Лидия мен Алексей Курдас батылдық танытып, Зұлымға қарсы тұрған
[22-беттегі сурет]
Соттарда өзіміздің рухани көзқарасымызды батыл түсіндіру арқылы маңызды хабарды жеткіземіз
[23-беттегі сурет]
Пауылдың түрмеде отырғанда батылдық танытқаны ізгі хабардың көбірек таралуына ықпал еткен