Тәңірге шын жүректен арқа сүйе
Тәңірге шын жүректен арқа сүйе
“Есіміңді білетіндер Өзіңе арқа сүйейтін болады” (ЗАБУР 9:11).
1, 2. Адамдар не нәрселерді бос әурешілікпен медеу тұтып, қорған іздейді?
БҮГІНДЕ, біздің игілігімізге көптеген нәрсе кедергі болып отырған уақытта, әлдебіреуді не әлдебір нәрсені медеу тұтып, қорған іздеу табиғи нәрсе. Кейбіреулер көбірек ақша жиып алсам, болашағым қамсыз болады деп ойлайды, бірақ шындығына келгенде, ақша — сенуге тұрмайтын нәрсе. Киелі кітапта: “Байлығына сенетін адам құлайды”,— делінген (Нақыл сөздер 11:28). Өзгелер адами басшыларға арқа сүйейді, алайда олардың ең керемет дегендерінің өзі де қателік жасайды. Сондай-ақ олардың бәрі де өледі. Киелі кітапта мынадай дана сөздер бар: “Әміршілерге, адам баласына, үміт артпаңдар, олар құтқара алмайды” (Забур 145:3). Осы сөздер өз күшіне сенетіндерге де ескерту болып табылады. Өйткені біз де ‘адам баласымыз’ ғой.
2 Ишая пайғамбар өз заманындағы Исраил басшыларын ‘өтірікті өздеріне пана еткені’ үшін айыптаған (Ишая 28:15—17). Олар көрші елдермен бітім жасасып, солардан қорған іздеген. Мұндай бітімдер сенім артуға тұрмайтын өтірік болған. Сол сияқты бүгінгі күні де көп дінбасылары елеулі саясаткерлермен тығыз байланыста болуға тырысады. Мұндай бітімдер де ‘өтірік’ болып шығары сөзсіз (Аян 17:16, 17). Олар мәңгі қорған бола алмайды.
Ешуа мен Халептің керемет үлгісі
3, 4. Ешуа мен Халептің әкелген мәліметі қалған он барлаушының мәліметінен қай жағынан өзгеше болған?
3 Біз медеу тұтар қорғанышты қайдан іздеуіміз керек? Мұсаның заманында Ешуа мен Халептің іздеген жағынан іздеуіміз керек. Исраилдіктер Мысыр құлдығынан босағаннан кейін, көп ұзамай Қанаханға, Уәде етілген жерге, кіруге даяр еді. Сол жерді барлап келуге он кісі жіберіледі де, олар қырық күннен кейін көрген-білгендерін айтып келеді. Солардың екеуі ғана, Ешуа мен Халеп, исраилдіктердің Қанахан жерінде көретін игіліктеріне қатысты игі сөздер айтады. Ал өзгелері жердің жақсы екендігімен келіседі, бірақ: “Ол жердің адамдары күшті, қалалары да бекінген, өте үлкен екен... Біз ол халыққа қарсы бара алмаймыз, өйткені олардың күші бізден басым”,— дейді (Руларды санау 13:27, 28, 32).
4 Он барлаушы айтқан сөздер исраилдіктерге әсер етеді де, бойларын үрей билеп, тіпті Мұсаға қарсы күңкіл шығара бастайды. Ақырында Ешуа мен Халеп зор жігермен сөйлеп, былай дейді: “Біз барып барлап келген жер — керемет, өте керемет; Егер Тәңірдің бізге рақымы жауса, бізді осы сүт пен бал ағып жатқан жерге жетелеп кіргізіп, оны біздің еншімізге береді. Бірақ Жаратқан Иеге қарсы шықпаңдар, ол жердің халқынан да қорықпаңдар” (Руларды санау 14:6—9). Осы сөздерден кейін де исраилдіктер тыңдаудан бас тартады. Нәтижесінде Уәде етілген жерге кіру мүмкіндігінен айырылады.
5. Неге Ешуа мен Халеп жақсы хабар әкелген?
5 Неге он барлаушы жаман, ал Ешуа мен Халеп жақсы хабар әкелді? Он екі барлаушының бәрі бірдей бекінген қалалар мен күшті халықтарды көрген. Сондай-ақ он барлаушы сол жерді жаулап алу үшін исраилдіктердің күші жеткіліксіз екенін де дұрыс айтқан. Мұны Ешуа мен Халеп те білген. Алайда он барлаушы бұған адами тұрғыдан қараған. Ал Ешуа мен Халеп болса, Ехобаға арқа сүйеген. Олар Мысырда, Қызыл теңіздің жағасында және Синай тауының етегінде Ехобаның керемет күшін көрген. Ондаған жылдардан кейін, Иерихондық Рахабтың осы нәрселер жөнінде естігенінің өзі Ехобаның халқы үшін өмірін қатерге тігуге талпындырған! (Ешуа 2:1—24; 6:22—25). Ехобаның осындай істерін өз көздерімен көрген Ешуа мен Халеп оның әрі қарай да өз халқы үшін шайқасатынына толық сенімді болған. Қырық жыл өткеннен кейін, Исраил халқының Ешуа басқарған жаңа ұрпағы сап түзеп келіп, Қанахан жерін басып алғанда, олардың сенімдері ақталды.
Ехобаға қалтқысыз арқа сүйеудің себептері
6. Неге бүгіндегі мәсіхшілер қысым көруде және олар кімге арқа сүйеулері керек?
6 Қазіргі ‘қиын-қыстау күндерде’ біз де 2 Тімотеге 3:1). Біз өнегелілік, рухани, тіпті кейде тәндік жағынан да қысым көреміз. Мұндай қысымға өздігімізден төтеп бере алмас едік, өйткені олар табиғаттан тыс күш иесі Ібіліс Шайтаннан бастау алуда (Ефестіктерге 6:12; 1 Жохан 5:19). Олай болса, көмекті қайдан іздеуімізге болады? Киелі кітап жазылып жатқанда өмір сүрген бір әділ кісі Ехобаға арнаған дұғасында: “Есіміңді білетіндер Өзіңе арқа сүйейтін болады”,— деген (Забур 9:11). Егер расында да Ехобаны білетін және оның есімінің мағынасын түсінетін болсақ, біз де Ешуа мен Халеп сияқты оған сенімділікпен арқа сүйейтін боламыз (Жохан 17:3).
исраилдіктер іспетті өзімізден күшті жаулармен кезігудеміз (7, 8. а) Жаратылыстан Ехобаға арқа сүйеу керектігінің қандай себептері көрінеді? ә) Ехобаға арқа сүйеу керектігі Киелі кітаптан қалай көрінеді?
7 Неге біз Ехобаға арқа сүйеуіміз керек? Ешуа мен Халеп Ехобаның құдіретті күшін көргендіктен, оған арқа сүйеген. Оны біз де көрудеміз. Мысалы, миллиардтаған галактикалары бар әлемді қоса алғандағы Ехобаның жаратқан нәрселерін қарастырып көрейікші. Зор физикалық күштерді бағындырып отырғаны Ехобаның расында да Құдіретті Құдай екенін паш етеді. Керемет жаратылысты бақылай отырып, Әйүптің Ехоба туралы айтқан сөздерімен келісеміз: “Кім оған қарсы сөз айта алады? Кім Оған “Сен не істеп жатырсың?” дей алады?” (Әйүп 9:12). Рас, егер Ехоба біздің жағымызда болса, бізге әлемдегі бірде-бір адамнан қорқудың қажеті жоқ (Римдіктерге 8:31).
8 Ехобаның Сөзі Киелі кітапты да қарастырып көрейік. Осы Құдайдың сарқылмас даналығының көзі жағымсыз әдеттерімізбен күресуде және өмірімізді Ехобаның еркіне сай келтіруде біз үшін зор көмек болады (Еврейлерге 4:12). Киелі кітап арқылы бізге Ехобаның есімі ашылып, оның мағынасын түсіндік (Мысырдан шығу 3:14). Біз Ехоба өзінің еркін орындау үшін кім болуды қаласа — сүйіспеншілікке толы Әке, әділ Төреші, Жеңімпаз — сол бола алатынын көрдік. Сонымен қатар оның сөзі әрқашан орындалып отыратынына көз жеткіздік. Құдай Сөзін оқыған сайын біз де Забур жыршысы іспетті: “Сенің сөзіңе сенімімді артам”,— дегіміз келеді (Забур 118:42; Ишая 40:8).
9. Қалай азаттық төлемі мен Исаның қайта тірілуі Ехобаға арқа сүйеу керектігіне деген сенімділігімізді нығайтады?
9 Ехобаға арқа сүйеуіміз керектігінің тағы бір себебі — азаттық төлемінің өтелуі (Матай 20:28). Құдайдың біздің азаттық төлеміміз ретінде өз Ұлын өлімге қиғаны расында да қайран қалдырады! Әрі бұл азаттық төлемінің күші керемет зор. Ол қателіктеріне өкініп, Ехобаға бет бұрған ақ жүректі барлық адамдардың күнәсін жуады (Жохан 3:16; Еврейлерге 6:10; 1 Жохан 4:16, 19). Азаттық төлемінің құны өтелу үшін, Иса қайта тірілуі керек болды. Жүздеген адамдар өз көздерімен көріп, растығын дәлелдеген сол керемет оқиға Ехобаға арқа сүйеудің тағы бір себебі болып табылады. Бұл дегеніміз — үмітіміздің міндетті түрде ақталатындығының кепілі (Елшілердің істері 17:31; Римдіктерге 5:5; 1 Қорынттықтарға 15:3—8).
10. Ехобаға арқа сүйеу үшін бізде қандай себептер бар?
10 Бұл — неліктен Ехобаға толықтай арқа сүйеуімізге болатындығын әрі солай ету керектігімізді көрсететін бірнеше ғана себеп. Негізінде мұндай себептер көп, олардың кейбірі жеке басымызға қатысты. Мысалы, барлығымыз да кейде қиын-қыстау кезеңдерді бастан өткізіп тұрамыз. Осындай кездерде Ехобаның басшылығын іздейтін болсақ, оның қаншалықты пайдалы екенін көреміз (Жақып 1:5—8). Күнделікті өмірімізде Ехобаға көбірек сенім артып, мұның игі әсерін көрген сайын оған көбірек арқа сүйейміз.
Дәуіт Ехобаға арқа сүйеген
11. Қандай қиыншылықтарға қарамастан Дәуіт Ехобаға арқа сүйеген?
11 Ехобаға арқа сүйеген адамдардың бірі — ежелгі Исраилде өмір сүрген Дәуіт. Дәуіттің басына өзін өлтіргісі келген Сауыл патшадан, Исраилді жаулап алуға тырысқан філістірлердің қарулы әскерінен қауіп төнген. Соған қарамастан ол аман қалып, тіпті жеңімпаз болып шыққан. Не себепті? Мұны Дәуіттің өзі түсіндіреді: “Тәңір — жарығым менің, құтқарушым менің; кімнен қорқамын? Тәңір менің өмірімнің қорғаны; кімнен үрейленемін?” (Забур 26:1). Ехобаға Дәуіт іспетті арқа сүйейтін болсақ, біз де жеңімпаз болып шығамыз.
12, 13. Дәуіт қарсыластарымыз тілдерін қару ретінде қолданғанда да Ехобаға арқа сүйеу керектігін қалай көрсеткен?
12 Бірде Дәуіт: “Уа, Құдайым, дұға айтқанда даусымды естіп, өмірімді дұшпанның қоқан-лоққысынан сақтай гөр! Қара ниеттілердің қастығынан, залымдардың бүлігінен мені жасыра гөр, олар тілдерін семсер іспетті өткірлеп, кекесін сөздерін жебе іспетті көздейді, әділеттіні тасадан, күтпеген жерден атады, қорқуды да білмейді”,— деп дұға еткен (Забур 63:2—5). Дәуіттің осы сөздерді жазуына не себеп болғанын біз нақты білмейміз. Десе де, сол уақыттағыдай бүгінде де қарсыластар кекесін сөзді соғысуға арналған қару сияқты қолданып, ‘тілдерін семсер іспетті қайрайды’. Олар ауызша не жазбаша сөздермен “жебелерін” кезегендей Куәгерлерді жаман атты етіп көрсетіп, адал мәсіхшілерді “атады”. Қалтқысыз Ехобаға арқа сүйер болсақ, мұның нәтижесі қандай болмақ?
13 Дәуіт әрі қарай былай деген: “Бірақ Жаратқан Ие оларды күтпеген жерден оққа ұшырады, садақпен атып жоқ қылады. Тілдерімен өздерін-өздері түйрейді... Ал әділетті адам Тәңірге қуанып, Оған арқа сүйейтін болады” (Забур 63:8—11). Иә, жауларымыз тілдерін бізге қарсы өткірлегенмен, ақырында олар ‘тілдерімен өздерін-өздері түйрейді’. Ерте ме кеш пе, Ехоба жағдай барысын өзгертеді де, оған арқа сүйегендер қуанышқа бөленеді.
Езекия Ехобаға арқа сүйеп, сенімі ақталған
14. а) Қандай қиыншылыққа кезіккенде Езекия Ехобаға арқа сүйеген? ә) Езекия Ассур патшасының жалған сөзіне сенбегенін қалай көрсетті?
14 Ехобаға арқа сүйеп, сенімі ақталған тағы бір кісі — Езекия патша. Езекия патшалық құрып отырғанда Иерусалимге Ассур патшасының қалың қолы қауіп төндірген. Сол қол көптеген өзге елдерді жаулап алған болатын. Ол тіпті Яһуданың Иерусалимнен басқа қалаларын да басып алып, оны да жаулап аламын деп бөседі. Сеннахирим Рабшақ арқылы Мысырдан көмек сұрау бос әурешілік деп дұрыс айтқан. Алайда бұдан кейін ол: “Иерусалим Ассур патшасының қолына берілмейді” деп ойлап, өзің арқа сүйеп отырған Құдайың сені алдамай-ақ қойсын”,— дейді (Ишая 37:10). Бірақ Езекия Ехобаның өзін алдамайтынын біледі. Сондықтан ол былай деп дұға етеді: “Уа, Құдайымыз Жаратқан Ие, бізді оның қолынан құтқара гөр! Сонда жер бетінің бүкіл патшалықтары, уа, Жаратқан Ие, жалғыз Құдай Сен екеніңді білетін болады” (Ишая 37:20). Ехоба Езекияның дұғасын естиді де, періштесін жіберіп, бір түннің ішінде Ассур патшасының 185 000 сарбазын қырып тастайды. Иерусалим азат етіледі, ал Сеннахирим Яһуда елінен кетіп қалады. Осы оқиғаны естігендердің бәрі Ехобаның қаншалықты құдіретті екендігін көреді.
15. Қазіргі аумалы-төкпелі заманда кезігуіміз мүмкін қандай жағдай болмасын бәріне даяр болуымызға тек не нәрсе көмектесе алады?
Ефестіктерге 6:11, 12, 17). Қазіргі аумалы-төкпелі дүниедегі жағдайлар аяқ астынан өзгеріп кетуі мүмкін. Күтпеген жерден азаматтық толқулар болады. О бастан діни төзімділік танытып жүрген елдер, керісінше әрекет етеді. Езекия сияқты Ехобаға қалтқысыз арқа сүйеуді үйренсек қана, дүниедегі жағдай қалай өзгермесін бәріне де даяр боламыз.
15 Бүгінде біз де Езекия іспетті соғысып жүрміз. Бірақ біздің соғысымыз — рухани соғыс. Сондықтан рухани сарбаз ретінде рухани соғыс жүргізу шеберлігін дамытуымыз керек. Біз шабуылдарға тойтарыс бере алуымыз үшін оларды алдын ала көре алуымыз, сондай-ақ оларға өзімізді даярлауымыз керек (Ехобаға арқа сүйеу деген нені білдіреді?
16, 17. Ехобаға арқа сүйейтінімізді қалай көрсетуімізге болады?
16 Ехобаға арқа сүйеу деген мұны ауызбен мойындауды ғана білдірмейді. Ол біздің жүрегімізден шығып, әрекеттерімізден көрінеді. Егер Ехобаға арқа сүйейтін болсақ, оның Сөзі Киелі кітапқа толықтай сенім артатын боламыз. Біз оны күнделікті оқып, оқығанымыздың үстінен ой жүгіртіп, өмірімізде басшылық болуына жол береміз (Забур 118:105). Сонымен қатар Ехобаға арқа сүйеу оның киелі рухының күшіне сенуді білдіреді. Киелі рухтың көмегімен біз Ехобаға ұнамды қасиеттер дамыта аламыз әрі әбден бойымызға сіңген жаман әдеттерімізден арыла аламыз (1 Қорынттықтарға 6:11; Ғалаттықтарға 5:22—24). Осылайша киелі рухтың көмегімен көптеген адамдар шылым шегуді тастаған не нашақорлықтан арылған. Өзгелері өмір салтын өзгертіп, өнегесіздіктен бас тартқан. Иә, Ехобаға арқа сүйер болсақ, өзіміздің емес, оның күшімен әрекет ететін боламыз (Ефестіктерге 3:14—18).
17 Сондай-ақ Ехобаға арқа сүйеу Өзі сенім артқан адамдарға сенім артуды білдіреді. Мысалы, Ехоба жер бетінде Патшалықтың қамын ойлау үшін ‘адал да саналы қызметшіні’ тағайындаған (Матай 24:45—47). Біз дербес әрекет етуге тырыспаймыз, ‘адал да саналы қызметшіні’ де елемей қоймаймыз, қайта, Ехобаның орнатқан тәртібіне сенім артамыз. Елші Пауылдың сөздеріне сәйкес, жергілікті қауымда қызмет ететін ақсақалдар да киелі рухпен тағайындалған (Елшілердің істері 20:28). Олармен қызметтес болу арқылы да Ехобаға арқа сүйейтінімізді көрсетеміз (Еврейлерге 13:17).
Елші Пауылдың үлгісіне еліктеңдер
18. Қалай бүгіндегі мәсіхшілер Пауылдың үлгісіне еліктеуде және олар не нәрсеге арқа сүйемейді?
18 Елші Пауыл сияқты біз де қызметімізде көп қысым көреміз. Оның заманында үкімет басшыларына мәсіхшілік туралы бұрмаланған мәлімет берілетін, сондықтан кейде ол жалған көзқарасты түзету немесе уағыздау ісін заңдастыруға күш салатын (Елшілердің істері 28:19—22; Філіпіліктерге 1:7, ЖД). Бүгінгі таңда мәсіхшілер Пауылдың үлгісіне еліктейді. Біз ыңғайы келсе, кез келген мүмкіндікті пайдаланып, өзгелердің атқарып жүрген ісіміздің мәнін түсінуіне көмектесеміз. Сондай-ақ ізгі хабарды қорғауға және заңдастыруға тырысамыз. Алайда біз тек өз күшімізге сенбейміз, сондай-ақ жетістікке жету-жетпеуіміз соттарда жеңгенімізге не көпшілікке ұнамды болғанымызға байланысты деп қарастырмаймыз. Қайта, Ехобаға арқа сүйейміз. Ежелгі Исраил халқын Ехобаның қалай жігерлендіргені біздің есімізде: “Сендердің күштерің тыныштық пен сенімділікте” (Ишая 30:15).
19. Қудалауға ұшырағанда бауырластарымыздың Ехобаға арқа сүйегені қалай ақталған?
19 Қазіргі заман тарихының бойында, Батыс және Шығыс Еуропада, Азияның кейбір жерлеріне, сондай-ақ Африка мен Оңтүстік және Солтүстік Американың кейбір елдерінде біздің ісімізге тиым салынып немесе шектеулер қойылып отырған. Бұл Ехобаға артқан үмітіміз ақталмады дегенді білдіре ме? Жоқ. Ехоба өзінің еркі орындалу үшін қатты қуғындардың болуына жол бергенімен, қудаланып жүргендерге сүйіспеншілікпен күш береді. Қудаланып жүргенде көптеген мәсіхшілер Ехобаға сеніп, оған арқа сүйеулерімен өздерін жақсы жағынан танытты.
20. Заң арқылы бізге бостандық беріп отырғанына риза болғанымызбен, қандай нәрселерде біз өз принциптерімізден бас тартпаймыз?
20 Ал басқа жағынан, көп жерлерде біз ресми түрде тіркеуден өткенбіз, бұқаралық ақпарат құралдарынан жағымды лебіздер де алып тұрамыз. Біз бұған ризамыз әрі мұның Ехобаның еркінің орындалуына ықпал ететінін білеміз. Ехобаның батасының арқасында көп еркіндігіміз бар, бірақ біз оны жеке өмірімізді жақсарту үшін емес, Ехобаға ашық әрі толық қызмет ету үшін қолданамыз. Сөйтсе де біз үкімет басшыларына сыйлы болу үшін ғана ешқашан бейтараптық көзқарасқа қатысты принциптерімізден бас тартпаймыз, сондай-ақ уағыздау ісін немесе өзге нәрселерде Ехобаға деген қызметімізді бәсеңдетпейміз. Біз Мәсіхтің Патшалығына мойынсұнамыз және толығымен Ехобаның билігінің жағындамыз. Біз үмітімізді осы дүниеге емес, жаңа дүниеге, бүкіл жер бетіне билік ететін жалғыз үкіметке, яғни аспанда орнайтын Мәсіхтің Патшалығына артамыз. Ешқандай бомба не ракета, тіпті ешқандай ядролық шабуыл бұл үкіметті аспаннан құлата алмайды. Бұл — Ехобаның еркін жүзеге асыратын мызғымайтын үкімет (Даниял 2:44; Еврейлерге 12:28; Аян 6:2).
21. Біз қандай бағытпен жүруге белімізді бекем будық?
21 Пауыл: “Біз алған бағытынан кері қайтып, тозаққа түсетіндердің қатарынан емеспіз, Құдайға нық сеніп, мәңгілік құтқарылмақпыз”,— деген (Еврейлерге 10:39). Олай болса, осы заманның соңғы күндерінде бәріміз Ехобаға адал қызмет ете берейік. Ехобаға қазір және мәңгілік толықтай арқа сүйеуге бізде барлық негіз бар (Забур 36:3; 124:1).
Не білдіңдер?
• Неге Ешуа мен Халеп жақсы хабар әкелген?
• Ехобаға қалтқысыз арқа сүйеуімізге қандай себептер бар?
• Ехобаға арқа сүйеу деген нені білдіреді?
• Ехобаға арқа сүйей отырып, не нәрсеге белімізді бекем буамыз?
[Зерттеуге арналған сұрақтар]
[25-беттегі сурет]
Неге Ешуа мен Халеп жақсы хабар әкелген?
[26-беттегі суреттер]
Жаратылыс Ехобаға арқа сүйеудің келелі себебі болып табылады
[Суреттер рұқсатымен]
Anglo-Australian Observatory көріністерінің үшеуі де суреттерді жасаған Давид Миланның рұқсатымен
[28-беттегі сурет]
Ехобаға арқа сүйеу оның өзі сенім артқандарға сенім артуды білдіреді