КҮЗЕТ МҰНАРАСЫ (ЗЕРТТЕУГЕ АРНАЛҒАН) Қыркүйек 2013
Бұл санда қалай ақылмен шешім қабылдауға болатыны, Ехоба Құдаймен достығымызды қалай нығайта алатынымыз және оның ескертулерін орындаудың қандай пайдасы бар екені қарастырылады.
Қарама-қарсы қойып салыстырудың пайдасын көр
Иса жиі қарама-қарсы қойып салыстыру әдісін қолданған. Салыстыруларды қолданып адамдарға Киелі кітаптағы шындықты білуге қалай көмектесуге болатыны жайлы біл.
Ехобаның ескертулері сенімді
Ехоба өзінің халқын жетелеу үшін оларға үнемі ескертулер айтып отырған. Бүгінде Ехобаның ескертулеріне неге сенім артуға болады?
Ехобаның ескертулері жүрегіңді қуанышқа кенелтсін
Ехобаның өсиеттері бізге қуаныш әкеле ме, әлде кейде ауыртпалық болып көріне ме? Оның ескертулеріне сенім артуды қалай үйрене аламыз?
Сен түбегейлі өзгердің бе?
Неге барлық мәсіхшілер түбегейлі өзгеруге тырысулары керек? Нені түбегейлі өзгертуіміз қажет және қалай түбегейлі өзгере аламыз?
Жеке шешімдерді ақылмен қабылда
Қабылдаған шешімдеріміз Құдай еркіне сай келетініне қалай көз жеткізе аламыз? Қабылдаған шешімімізге сай әрекет етуге бізге не көмектеседі?
Ізашарлық қызмет Құдаймен қарым-қатынасыңды нығайтады
Ізашарлық қызмет арқылы Құдаймен қарым-қатынасыңды қалай нығайта аласың? Мұның сегіз жолын қарастыр. Көп бата әкелетін осы қызмет түрін әрі қарай атқара беруге не көмектеседі?
Оқырман сауалдары
Жохан 11:35-ке сай, Иса Елазарды тірілтейін деп жатса да неге көзіне жас алды?