КҮЗЕТ МҰНАРАСЫ (ЗЕРТТЕУГЕ АРНАЛҒАН) Сәуір 2014

Журналдың бұл санында Мұсаның сеніміне қалай еліктей алатынымыз қарастырылады. Ехоба біздің отбасылық міндеттерімізге қалай қарайды және оларды атқаруға қалай көмектеседі?

Мұсаның сеніміне елікте

Сенімінің арқасында Мұса тәндік қалаулардан бас тарта алған және қызметін бағалаған. Неге Мұса “бар назарын алатын сыйына тіккен”?

Сен “көзге көрінбейтін Тұлғаны көресің” бе?

Мұсаның Құдайға деген сенімі адам алдындағы қорқынышын жеңуге және Құдайдың уәделеріне сенім артуға қалай көмектесті? Ехобаны көмектесуге дайын тұрған тірі Тұлға ретінде көре алуың үшін сеніміңді нығайт.

ӨМІРБАЯН

Толық уақытты қызметтің маған дайындаған сыйы

Толық уақытты қызметте өткізген 65 жылға қарап, Роберт Уолленның неліктен өз өмірін мән-мағына мен батаға толы деп айтатынын біліңіз.

Ешкім екі қожайынға бірдей қызмет ете алмайды

Кейбіреулер көбірек ақша табу үшін шетелге көшеді. Олардың отбасынан бөлек тұрғаны некеге, балаларға және Ехобамен қарым-қатынастарына қалай әсер етеді?

Батыл бол, өйткені Ехоба — сенің көмекшің!

Шетелде жұмыс істеген бір отағасы отбасы өмірін қалай қалпына келтіре бастады? Ехоба оған экономикасы нашар елде тұрып, отбасын асырауға қалай көмектесті?

Ехобаның саған көз қырын салып жүргеніне ризасың ба?

Құдай қандай 5 жолмен қамқорлайтынын және оның бізге жеке көңіл бөлгенінің қандай пайдасы бар екенін қарастырайық.

Сіз білгенсіз бе?

Ертеде адам өз киімінің өңірін не үшін әдейі жыртқан?