Оқырман сауалдары
Әрбір қауымға ақсақалдар мен қызмет көмекшілері қалай тағайындалады?
Б. з. І ғасырында елші Пауыл Ефестегі қауым ақсақалдарына былай деген: “Өздеріңе де, бүкіл отарға да мұқият болыңдар. Құдайдың өз Ұлының қанымен сатып алған қауымын бағу үшін киелі рух сендерді отарға бақылаушы етіп тағайындады” (Ел. іс. 20:28). Бүгінде ақсақалдар мен қызмет көмекшілерін тағайындауда киелі рухтың рөлі қандай?
Біріншіден, киелі рух Киелі кітап жазушыларына ақсақалдар мен қызмет көмекшілеріне қойылатын талаптарды жазуға қозғау салды. Тімөтеге 1-хат 3:1—7 тармақтарда ақсақалдарға қойылатын 16 талап жазылған. Сондай-ақ қосымша талаптарды Титке 1:5—9 және Жақып 3:17, 18-ден табуға болады. Ал қызмет көмекшілеріне қойылатын талаптар Тімөтеге 1-хат 3:8—10, 12, 13-тармақтарда жазылған. Екіншіден, бауырласты осындай қызметке ұсынатындар мен тағайындайтындар оның Киелі кітап талаптарына ақылға қонымды шамада сай келетін-келмейтінін қарастырғанда, Ехобаның киелі рухының басшылығын сұрап дұға етеді. Үшіншіден, ақсақал не қызмет көмекшісі міндетіне ұсынылып жатқан бауырлас өз өмірінде киелі рухтың жемісін танытуы керек (Ғал. 5:22, 23). Демек, киелі рух бауырластарды аталмыш міндеттерге тағайындау барысында жан-жақты рөл атқарады.
Алайда бауырласты кім тағайындайды? Бұрын ақсақалдар мен қызмет көмекшілерін тағайындауға қатысты ұсыныстар жергілікті филиалға жіберілетін. Сол жерде Басқарушы кеңес тағайындаған арнайы бауырластар бұл ұсыныстарды қарастырып, талаптарға сай болса, тағайындайтын. Сосын филиал қауымдағы ақсақалдар кеңесіне хабарлайтын. Ал ақсақалдар, өз кезегінде, жаңадан тағайындалған бауырласты құлағдар етіп, осы міндетті атқаруға дайын ба, атқара ала ма, жоқ па — соны сұрайтын. Соңында, қауымда бұл туралы хабарландыру жасалатын.
Бірақ І ғасырда мұндай тағайындалу қалай жүзеге асқан? Елшілер кейде бауырластарды арнайы міндетке тағайындаған. Мысалы, олар жесірлерге күнделікті ас үлестіріп беру үшін жеті ер бауырласты тағайындаған (Ел. іс. 6:1—6). Алайда бұл бауырластар осы қосымша міндетті атқармай тұрып-ақ ақсақал ретінде қызмет етіп жүрген болатын.
Ол уақытта әрбір тағайындалу қалай жүзеге асқаны жайлы Жазбаларда бүге-шігесіне дейін айтылмағанмен, бұл туралы кейбір жайттарды Ел. іс. 14:23). Араға біраз жылдар салып, Пауыл өзімен бірге сапарға шығып тұрған серігі Титке: “Мен сені Критте сондағы олқылықтарды түзетсін және қалаларда ақсақалдар тағайындасын деп қалдырдым”,— деп жазды (Тит. 1:5). Сондай-ақ елші Пауылмен бірге көп сапар шеккен Тімөтеге де осындай міндет жүктелгенге ұқсайды (Тім. 1-х. 5:22). Демек, мұндай тағайындалуларды Иерусалимдегі елшілер мен ақсақалдар емес, аралаушы бақылаушылар жүзеге асырғаны анық.
табуға болады. Мәселен, Пауыл мен Барнаба бірінші миссионерлік сапардан қайтып келе жатқанда, “әр қауымға ақсақалдар тағайындады, сондай-ақ дұға айтып, ораза тұтуларымен оларды өздері сенген Ехобаның қамқорлығына тапсырды” (Киелі кітаптағы осы жайтты негіз ете отырып, Ехоба куәгерлерінің Басқарушы кеңесі бүгінде ақсақалдар мен қызмет көмекшілерінің тағайындалуына қатысты өзгеріс жасады. 2014 жылдың 1 қыркүйегінен бастап бұл былайша жүзеге асуда: әрбір аудандық бақылаушы өз ауданында қандай да бір бауырласқа берілген ұсынысты мұқият қарап шығады. Қауымдарға сапармен барған кезінде әлгі бауырласты жақсырақ білу үшін, мүмкін болса, онымен бірге қызметке шығады. Жергілікті ақсақалдар кеңесімен ақылдасқан соң, аудандық бақылаушы өз ауданындағы қауымдарда ақсақалдар мен қызмет көмекшілерін тағайындай алады. Осындай жолмен тағайындау І ғасырдағы үлгіге әлдеқайда жақын.
Тағайындау барысына кімдер қатысады? Әдеттегідей, “адал да ақылды құлдың” басты жауапкершілігі — “үйіндегі басқа құлдарға” ас-су беріп тұру (Мат. 24:45—47). Бұған олардың киелі рухтың көмегімен Жазбаларды зерттеп, дүниежүзілік қауымды ұйымдастыруда Киелі кітап принциптерін қалай қолдануға болатынына қатысты нұсқау беру де жатады. Сондай-ақ адал құл барлық аудандық бақылаушылар мен филиал комитетінің мүшелерін тағайындайды. Ал әр филиал берілген нұсқауды жүзеге асыруға көмектеседі. Әрбір қауымдағы ақсақалдар кеңесіне үлкен жауапкершілік жүктелген: олар Құдайдың қауымына тағайындағысы келген бауырластардың Жазбалардағы талаптарға сай келетін-келмейтінін тыңғылықты қарастырулары керек. Ал аудандық бақылаушыға ақсақалдардың ұсынысын мұқият әрі дұға ете отырып қарап шығып, талаптарға сай келетін бауырластарды тағайындау міндеті жүктелген.
Қауымдағы тағайындалулардың қалай жүзеге асатынын білгенде, бұл мәселеде киелі рухтың қандай рөл атқаратынын жіті түсінеміз. Сонда мәсіхшілер қауымында тағайындалған бауырластарға деген сеніміміз бен сый-құрметіміз де арта түседі (Евр. 13:7, 17).
Аян кітабының 11-тарауында айтылған екі куәгер кім?
Аян 11:3-те 1260 күн бойы пайғамбарлық ететін екі куәгер жөнінде айтылады. Кейін оларды жыртқыш аң “жеңіп шығып, өлтіріп тастайды”. Бірақ “үш жарым күннен” кейін екі куәгер қайта тіріледі. Мұны көргендердің бәрі қатты таңырқайды (Аян 11:7, 11).
Бұл екі куәгер кім? Мәтіндегі кейбір жайттар мұны анықтауға көмектеседі. Біріншіден, олардың “қос зәйтүн ағашы және қос шамдал арқылы бейнеленгені” айтылған (Аян 11:4). Бұл Зәкәрияның пайғамбарлығындағы шам қойғыш пен екі зәйтүн ағашын есімізге салады. Сол екі зәйтүн ағашы “бүкіл жер бетінің Иесіне қызмет етуге май жағу рәсімінен өткізіліп тағайындалған екеуді”, яғни әмірші Зоробабел мен бас діни қызметкер Ешуаны, бейнелейді (Зәк. 4:1—3, 14). Екіншіден, Аян кітабында екі куәгер Мұса мен Ілияс жасағандай кереметтер жасаушылар ретінде суреттелген (Аян 11:5, 6-ны Руларды санау 16:1—7, 28—35; Патшалықтар туралы 3-жазба 17:1; 18:41—45 тармақтармен салыстыр.)
Аян мен Зәкәрия кітабынан алынған үзінділерде қандай ортақ нәрсе бар? Екі жағдайда да Құдайдың майланғандары ауыр сынақ кезінде Құдай халқына жетекшілік еткендер ретінде сипатталады. Аян кітабының 11-тарауындағы пайғамбарлықтың орындалу барысында Құдай халқына жетекшілік еткен майланған бауырластар 1914 жылы көкте Құдай Патшалығы орнаған кезде үш жарым жыл бойы “кенептен * киім киіп” уағыздады.
Кенептен киім киіп уағыздап болғаннан кейін, бұл майланғандар қысқа уақытқа, яғни бейнелі үш жарым күнге, түрмеге жабылып, бейнелі мағынада өлтірілді. Құдай халқының жауларының көзінде майланғандардың уағыз ісі “өлді”. Бұған жаулары қатты қуанды (Аян 11:8—10).
Алайда пайғамбарлық бойынша, үш жарым күн аяқталғаннан кейін екі куәгер қайта тірілді. Бұл майланғандар түрмеден босатылып қана қоймай, араларындағы адалдық сақтағандары Иеміз Иса Мәсіх арқылы Құдайдан арнайы тапсырма алды. Олар соңғы күндері Құдай халқының рухани мұқтаждығын қанағаттандыру үшін 1919 жылы “адал да ақылды құл” ретінде тағайындалғандардың арасында болды (Мат. 24:45—47; Аян 11:11, 12).
Көңіл қоярлық бір жайт — Аян 11:1, 2-де бұл оқиғалар рухани ғибадатхана “өлшенетін”, немесе оған баға берілетін, уақытпен байланыстырылған. Малахи кітабының 3-тарауында да рухани ғибадатхананың тексеріліп, тазартылатын уақыты жайлы айтылған (Малх. 3:1—4). Осы тексеру мен тазарту ісі қанша уақытқа созылды? 1914 жылдан бастап 1919 жылдың бас жағына дейін созылды. Бұл уақыт аралығы Аян кітабының 11-тарауында айтылған 1260 күн (42 ай) мен бейнелі үш жарым күнді қамтиды.
Өзінің ерекше халқы игі істерге ынталы болу үшін, Ехобаның осы рухани ғибадатхананы тазарту шарасын жасағанына дән риза емеспіз бе?! (Тит. 2:14). Сондай-ақ сол бір ауыр сынақ кезінде Құдай халқына жетекшілік етіп, бейнелі екі куәгер ретінде қызмет еткен майланған адал бауырластардың үлгісі біз үшін аса бағалы *.
^ 14-абзац Кенеп екі куәгердің Ехобаның үкімін кішіпейілділікпен әрі шыдамдылықпен жариялағанын білдірсе керек. Олардың Құдайдың кек алатын күні туралы хабары басқа халықтардың да басына қасірет әкелмек еді.
^ 18-абзац Көбірек мәлімет алу үшін 2013 жылғы “Күзет мұнарасының” 15 шілдедегі санының 22-бетіндегі 12-абзацты қара.