Пейіш бағы шынымен болған ба? Болса, қайда болған?
Пейіш бағы шынымен болған ба? Болса, қайда болған?
СІРӘ, сіз Адам ата мен Хауа ана және пейіш бағы туралы әңгімені естіген шығарсыз? Бұл әңгіме дүниедегі адамдардың бәріне таныс. Неге оны өзіңізге оқып көрмеске? Ол Киелі жазбалардың Жаратылыс кітабында 1:26—3:24 тармақтарда жазылған. Сол әңгіменің мазмұны мынадай:
Ехоба Құдай a топырақтан адамды жаратып, есімін Адам деп қояды да, Едем деп аталған жердегі баққа қоныстандырады. Құдайдың өзі жасаған бұл бақ жақсы суарылатын және көз тартарлық жемісті ағаштарға толы болатын. Бақтың ортасында “жақсылық пен жамандықты танытатын ағаш” өсіп тұрды. Құдай адамдарға бұл ағаштың жемісін жеуге тыйым салады, ал тіл алмаса, жазасы өлім болатынын ескертеді. Кейінірек Ехоба Адам атаның бір қабырғасынан оған серік болатын Хауа есімді әйелді жаратады. Сөйтіп, оларға бақты өңдеп күтуді және дүниеге ұрпақ әкеліп, жер бетін толтыруды тапсырады.
Бірде Хауа ана жалғыз қалғанда, оған жылан тіл қатады. Ол адамдарды құдай іспетті ететін бір жақсы нәрсені жасыру үшін Құдай өтірік айтты деп, тыйым салынған жемістен жеуге азғырады. Хауа ана жыланға сенеді де, тыйым салынған жемісті алып жейді. Кейін Адам ата да оған қосылып, Құдайдың
бұйрығын бұзады. Нәтижесінде Ехоба Құдай Адам ата мен Хауа анаға және жыланға үкім шығарады. Сонан соң оларды жұмақтан қуады да, бақтың кіреберісіне періштелерді күзетші етіп қояды.Кезінде ғалымдар, зерттеушілер мен тарихшылардың арасында Жаратылыс кітабындағы оқиғалардың шын мәнінде тарихта орын алғанын растау үрдісі кең тараған еді. Ал бүгінде бұл оқиғаларға күмәндана қарауға бейім. Алайда Жаратылыс кітабындағы Адам ата мен Хауа ана және пейіш бағы туралы мәліметке күмәндануға қандай негіз бар? Осыған қатысты кең таралған төрт пікірді қарастырайық.
1. Едем бағы шын мәнінде болған ба? Болса, қайда болған?
Бұл мәселеге қатысты күмән неліктен туындады? Бұған пәлсапаның ықпалы тисе керек. Ғасырлар бойы діндарлар Құдай орнатқан бақ әлі де бір жерде бар деп пайымдап келді. Ал Платон мен Аристотель есімді грек пәлсапашыларының жер бетіндегі еш нәрсе кемелді бола алмайды, кемелділік көкте ғана болады деген пікірі батыс діндеріне әсер етті. Сондықтан діндарлар нағыз пейіш не жұмақ бағы көкке жақынырақ жерде болуы тиіс деп ойлай бастады b. Кейбіреулер бұл бақ ең биік таудың шыңында, яғни осы бүлінген дүниенің әсері тимейтін жерде орналасқан болуы мүмкін деп ойласа, өзгелері ол солтүстік не оңтүстік полюсте шығар деп тұжырымдады. Ал тағы басқаларының айтуынша, ол айдың үстінде не оның жанында болған. Олай болса, пейіш бағына қатысты түсінік қиялға ұқсай бастағаны таңғалдырмайды. Бүгіндегі кейбір ғалымдар пейіш бағы ешқашан болмаған, демек, оның географиялық орны да болуы мүмкін емес деп есептейді.
Алайда пейіш бағы Киелі кітапта басқаша суреттеледі. Жаратылыс кітабындағы 2:8—14 тармақтардан сол жер туралы біраз жайттарды білеміз. Мысалы, бақ Едем деп аталатын жердің шығысында орналасқан. Онда жақсы жеміс беретін түрлі ағаштар өскен. Едемнен аққан өзен әрі қарай төрт өзенге бөлініп, бақты суландырып жатты. Киелі кітапта сол төрт өзеннің атауы берілген және олардың қалай қарай аққаны жазылған. Ендеше, пейіш бағының жерде болғаны анық емес пе?! Сондықтан да зерттеушілердің көбісі Киелі кітаптағы осы үзіндіні егжей-тегжейлі зерттеп, бақтың қазіргі кездегі орнын табуға тырысты. Нәтижесінде бір-біріне қарама-қайшы келетін сан алуан пікірлер туындады. Бұдан Едем бағының сипаттамасы жалған немесе аңыз деген қорытынды жасауға бола ма?
Келесі жайттарға көңіл бөлейікші: Едем бағындағы оқиға шамамен 6000 жыл бұрын орын алған. Бұл оқиғаны Мұса пайғамбар ел аузында қалған әңгімелерден және сол заманғы құжаттардан біліп жазса керек. Ол жазып жатқан кезде оқиғаның орын алғанына шамамен 2500 жыл өткен болатын. Демек, сол кездің өзінде Едем жайындағы әңгіме ежелгі тарих болып есептелген. Олай болса, қаншама ғасырдың ішінде өзен сияқты географиялық ерекшеліктердің өзгеруі мүмкін емес пе?! Жердің сыртқы қабаты бір орында тұрмайды, үнемі қозғалыста болады. Едем бағы орналасқан деп есептелетін аймақта жиі жерсілкіністері болып тұрады. Қазіргі кезде дүниежүзіндегі c.
күшті жерсілкіністерінің 17 пайызы сол аймақта орын алған екен. Мұндай аймақтарда жер бетінің өзгеруі қалыпты жайт. Оның үстіне, Нұх пайғамбардың заманындағы Топан су да жер бедерін үлкен өзгеріске ұшыратқанАлайда біз нақты білетін бірнеше жайт бар. Мысалы, Жаратылыс кітабында пейіш жер бетінде шынымен болған бақ ретінде сипатталады. Онда аталған төрт өзеннің екеуі, Евфрат пен Тигр (немесе Хиддекель) өзендері, әлі күнге дейін бар. Сондай-ақ олардың бастау алатын жері бір-біріне жақын жатыр. Тіпті осы өзендер ағып өтетін аймақтардың атауы мен қазба байлықтары да Киелі кітапта жазылған. Осы жайттар Жаратылыс кітабының алғашқы оқырмандарына, яғни ежелгі еврейлерге таныс болған.
Ертегілер мен аңыздарда осындай нақты деректер жазыла ма? Әлде тексеруге және жоққа шығаруға болатын жайттар жиі айтылмай қала ма? Әдетте ертегілер “Ерте, ерте, ертеде, ешкі жүні бөртеде...” деп басталып жатса, тарихи жазбаларда оқиғаға қатысты деректер нақты айтылады. Едем бағы туралы әңгіме де солай жазылған.
2. Құдайдың Адам атаны топырақтан, ал Хауа ананы оның қабырғасынан жаратқаны шындыққа жанаса ма?
Бүгінде ғалымдар адамның денесі сутегі, оттегі және көміртегі сияқты түрлі элементтерден тұратынын дәлелдеген. Ал бұл элементтердің бәрі топырақтың құрамында бар. Қалайша бұл заттардан тірі жаратылыс құралды?
Көптеген ғалымдар өмір өздігінен пайда болды, яғни тіршіліктің қарапайым түрі миллиондаған жылдар бойы біртіндеп дамып, күрделі түрге айналды деп пайымдайды. Алайда “қарапайым” деген сөз қате түсінік береді, өйткені тіршілік атаулы, тіпті бір жасушалы титтей ағзалар да, өте күрделі болып келеді. Тіршіліктің кез келген түрі кездейсоқ пайда болғанының не пайда болуы мүмкін екенінің ешқандай дәлелі жоқ. Қайта, ол ой-санасы біздікінен әлдеқайда жоғары тұлғаның жаратылысы екеніне бұлтартпас дәлел болып табылады d (Римдіктерге 1:20).
Керемет музыкалық туындыны сүйсіне тыңдағанда, көз тартарлық көркем суретті немесе жаңа ғажайып техникалық құрылғыны тамашалағанда, оны ешкім жасаған жоқ, өздігінен пайда болды дейсіз бе? Әлбетте, жоқ! Алайда өнер туындылары мен техника Жаратылыс 1:26). Сондықтан адамдарда ғана Құдайдікіндей жасампаздық қабілет бар, мұның арқасында олар музыка, көркем өнер және техника салаларында таңғалдырарлық жетістіктерге жете алады. Олай болса, Құдайдың жарату қабілеті, немесе жасампаздығы, біздікінен әлдеқайда жоғары екенімен кім дауласады?
құралдары ерекше күрделі әрі таңғажайып адам денесімен салыстыруға да келмейді. Олай болса, қалайша адам денесінің Жаратушысы жоқ дей аламыз?! Бұған қоса, Жаратылыс кітабында жер бетіндегі тіршілік иелерінің ішінде адам баласы ғана Құдайға ұқсас болып жаратылғаны айтылған (Хауаның Адам атаның қабырғасынан жаратылғанына келер болсақ, мұның Құдайға еш қиындығы болмады e. Ол Хауаны басқа да әдіспен жарата алар еді, алайда әйелді бұлай жаратуында терең мән бар-тын. Ол еркек пен әйелдің некелескенін және “біртұтас” дене сияқты тығыз қарым-қатынас болғандарын қалады (Жаратылыс 2:24). Еркек пен әйел бірін-бірі толықтыратын, қамқорлайтын өмірлік жұп болулары үшін, әйелді күйеуінің қабырғасынан жаратқаны Құдайдың даналығының әрі сүйіспеншілігінің дәлелі емес пе?
Бұған қоса, бүгіндегі генетиктер күллі адамзаттың бір еркек пен бір әйелден таралуы мүмкін екенін растайды. Олай болса, Жаратылыс кітабында айтылған бұл жайтты шындыққа жанаспайды деуге бола ма?!
3. Жақсылық пен жамандықты танытатын ағаш және мәңгілік өмірді сыйлайтын ағаш ойдан шығарылғанға ұқсайды.
Шын мәнінде, Жаратылыс кітабында бұл ағаштардың қандай да бір сиқырлы күші болған деп айтылмаған. Олар бақта өсіп тұрған кәдімгі ағаштар еді. Бірақ Ехоба Құдай бұл ағаштарға бейнелі мағына берді.
Адамдар да кейбір нәрселерге бейнелі мағына береді. Мысалы, ұлттық туды алайық. Оны дәріптеу талап етілгенде, адамдар оны ерекше бір мата деп емес, мемлекеттік рәміз ретінде дәріптеу керектігін түсінеді. Сондай-ақ патшалар киген тәжі мен ұстаған аса таяқтар да биліктің бейнесі болғаны белгілі.
Олай болса, жоғарыда аталған екі ағаш нені бейнеледі? Бұл туралы көптеген түсініксіз болжамдар жасалған. Бірақ оның қарапайым, сөйтсе де терең мәнді жауабы бар. Жақсылық пен жамандықты танытатын ағаш Құдайға ғана тиесілі мәртебені — ненің жақсы, ненің жаман екенін шешу құқығын — бейнеледі (Еремия 10:23). Сондықтан ол ағаштың жемісін ұрлау қылмыс болып саналды. Ал мәңгілік өмірді сыйлайтын ағаш Құдай ғана сыйлай алатын мәңгілік өмірдің бейнесі еді (Римдіктерге 6:23).
4. Сөйлейтін жылан ертегінің кейіпкеріне ұқсайды.
Расында да, Жаратылыс кітабындағы әңгіменің бұл жері, Киелі кітаптың өзге бөліктеріндегі мәлімет ескерілмесе, адамды шатастыруы мүмкін. Алайда бұл қызықты құбылыстың мән-жайын Жазбалар біртіндеп ашады.
Кімнің немесе ненің әсерімен жылан сөйлегендей болып көрінді? Ежелгі еврейлер бұл құбылысты анықтай түсетін кейбір мәліметтерден хабардар болатын. Олар жануарлар сөйлей алмаса да, рухани тұлғалардың ықпалымен тіл біткендей көрінетінін білген. Мысалы, Мұса пайғамбар Балағам туралы оқиғасында Құдайдың періштесі есекті сөйлегендей етіп көрсеткенін жазған (Руларды санау 22:26—31; Петірдің 2-хаты 2:15, 16).
Өзге рухани тұлғалар, Құдайдың жауларын қоса алғанда, кереметтер жасай ала ма? Мұса пайғамбардың көз алдында мысырлық “бақсы-балгерлер” Құдайдың құдіретімен жасалған кереметті қайталап, таяқтарды жыланға айналғандай етіп көрсеткен. Мұндай әрекетті жасауға күші жеткен Құдай жауына айналған рухани жаратылыстар екені анық (Мысырдан шығу 7:8—12).
Әйүп кітабын да киелі рухтың жетелеуімен Мұса пайғамбар жазған деп есептеледі. Бұл кітапта Ехобаның барлық қызметшісінің адалдығына дау тудырған Құдайдың басты жауы Шайтан туралы көп айтылады (Әйүп 1:6—11; 2:4, 5). Олай болса, ежелгі еврейлердің Едем бағында Хауа анаға сөйлеген, әрі оны мінсіздігінен тайдыру үшін алдаған жыланның артында Шайтан тұрған деп болжауы мүмкін бе еді? Солай болғанға ұқсайды.
Жалған сөйлеген жыланның артында шынымен де Шайтан тұрды ма? Ғасырлар өте Иса пайғамбар Шайтанды “өтірікші әрі өтіріктің әкесі” деп атаған (Жохан 8:44). “Өтіріктің әкесі” деген бірінші өтірікті айтты дегенді білдіреді емес пе?! Алғашқы өтірік Хауамен сөйлескен жыланның аузынан шықты. Тыйым салынған жемісті жеген күні өлетінін айтқан Құдайдың ескертуін жоққа шығарып, жылан: “Жоқ, тіпті де олай емес, өлмейсіңдер!”— деген (Жаратылыс 3:4). Жыланды қолданып сөйлеген Шайтан екенін Иса пайғамбардың білгені анық. Өйткені ол елші Жоханға берген аянында Шайтанды “ежелгі жылан” деп атауымен құпияны ашып берді (Аян 1:1; 12:9).
Құдіретті рухани тұлғаның жыланды сөйлеп тұрғандай етіп көрсете алғанына сену соншалық ақылға қонымсыз ба? Осы рухани тұлғаларға қарағанда әлдеқайда әлсіз адамдар да қолдарына кигізген қуыршақтарды сөйлеп жатқандай етіп көрсете алады ғой.
Ең салмақты дәлел
Жаратылыс кітабында жазылған оқиғаны аңыз деушілердің алға тартып отырған айғақтары мардымсыз екенімен келісерсіз. Ал оның шынымен тарихи оқиға екеніне салмақты дәлел бар. Соған көңіл бөлейік.
Аян 3:14). Ол кемелді адам болғандықтан, ешқашан өтірік айтпаған және шындықты бұрмаламаған. Оның үстіне, ол “дүние жаратылмай тұрып” бар болғанын, яғни жерге келмес бұрын көкте Ехоба Құдайдың қасында өмір сүргенін айтқан (Жохан 17:5). Демек, ол жердің қалай жаратылғанын өз көзімен көрген. Ендеше, ең сенімді куәгер Жаратылыс кітабындағы оқиғаға қатысты не айтқан екен?
Иса пайғамбар “адал да шынайы куәгер” деп аталған (Иса пайғамбар Адам ата мен Хауа ана туралы тарихта болған адамдар ретінде сөйлеген. Ол Құдайдың ер адамнан бір ғана әйелге үйленуді талап ететінін түсіндіргенде, Адам ата мен Хауа ананың некесіне назар аударған болатын (Матай 19:3—6). Егер Адам ата мен Хауа ана ешқашан өмір сүрмеген және олар қоныстанған Едем бағы жер бетінде ешқашан болмаған болса, онда Иса пайғамбар не өзі алданған, не өзгелерді алдаған. Ал бұлай болуы мүмкін емес. Едем бағындағы оқиғаның қалай өрбігенін Иса пайғамбар көктен өз көзімен көрген болса, оның сөзінен артық қандай дәлел болуы мүмкін?
Жаратылыс кітабындағы оқиғаның шын мәнінде орын алғанына күмән келтіру, сайып келгенде, Иса пайғамбардың шын мәнінде өмір сүргеніне күмәнданумен бірдей. Бұған күмәнданатын адамның Киелі кітапта жазылған кейбір маңызды тақырыптарды түсіне алмайды және керемет үміт сыйлайтын Құдайдың уәделеріне де сене алмайды. Ендеше, неге бұлай дей алатынымызды қарастырып көрейік.
[Сілтемелер]
a Ехоба — Киелі кітапта жазылған Құдайдың есімі.
b Бұл түсінік Киелі кітапқа негізделмеген. Киелі кітап Құдайдың барлық істері кемелді, ал бүлінушілік басқа жерден бастау алды деп үйретеді (Заңды қайталау 32:4, 5). Ехоба жерді жарату ісін аяқтағанда, істерінің бәріне қарап “өте жақсы” деген баға берді (Жаратылыс 1:31).
c Құдай жіберген топан су Едем бағының тарихта болғанын растайтын айғақтардың бәрін шайып кеткенге ұқсайды. Езекиел 31:18-тармақтағы сөздерге сай, б. з. б. VII ғасырдың өзінде “Едемнің ағаштары” жер бетінде болмаған. Олай болса, кейінгі кездері зерттеушілердің Едем бағын іздегендері бос әурешілік еді.
d Ехоба куәгерлері басып шығарған “Тіршіліктің бастауы. Бес маңызды сұрақ” деп аталатын кітапшаны қараңыз.
e Бір қызығы, қазіргі медицина ғалымдары қабырғаның қайта бітіп, қалпына келе алатын таңғаларлық қасиеті барын ашқан. Басқа сүйектерге қарағанда қабырға, дәнекер тіндердің жарғақшасы зақымданбаған жағдайда, қайта өсе алады.