Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

Достарды даналықпен таңда

Достарды даналықпен таңда

Жастарымызға арналған

Достарды даналықпен таңда

Нұсқаулар: Бұл жаттығуды тыныш жерде орында. Әңгімені оқығанда, оқиғаны көз алдыңа елестет және өзіңді сол оқиғаның ішінде жүргендей сезін. Дауыстарды естуге тырыс. Басты кейіпкерлердің сезімін түсіну үшін, өзіңді солардың орнына қойып көр.

Басты кейіпкерлер: Дина, Сихем, Жақып, Шимон және Леуі

Қысқа мазмұны: Сихем Динаны зорлайды, сондықтан оның ашуға мінген бауырлары кек қайтарады.

1 ОҚИҒАНЫ ҚАРАСТЫР. ЖАРАТЫЛЫС 34:1—31 ОҚЫ.

Дина қанахандық достарымен бірге қалай уақыт өткізген болуы мүмкін?

․․․․․

Сихем Динаны не нәрсеге және қалай сендіруге тырысты деп ойлайсың?

․․․․․

Жақып Шимон мен Леуіге сөгіс айтқанда қандай сезімде болған болса керек? (30-тармақ)

․․․․․

2 ТЕРЕҢІРЕК ОЙ ЖҮГІРТ.

Дина қанахандық қыздармен не себепті жиі араласты деп ойлайсың? (Мысалы, Дина мен қанахандық қыздардың арасында ортақ не болды? Оны қанахандықтардың елінде не қызықтырған болуы мүмкін?)

․․․․․

Дина Сихемнің бойынан қандай тартымды қасиеттерді байқаған болуы мүмкін? (3, 12 және 19-тармақтарды қайта оқы.)

․․․․․

Киелі кітапта Динаның Сихеммен жыныстық қатынасқа түскісі келмегені қалай көрсетілген? (2-тармақты қайта оқы.)

․․․․․

Қалай ойлайсың, Шимон мен Леуінің Сихем қаласындағы ер кісілерді өлтіріп, кек алғандары дұрыс болды ма? Түсіндір.

․․․․․

3 БІЛГЕНДЕРІҢДІ ІС ЖҮЗІНДЕ ҚОЛДАН. МЫНА НӘРСЕЛЕР ТУРАЛЫ НЕ БІЛГЕНІҢДІ ЖАЗ:

Достарды даналықпен таңдаудың маңыздылығы.

․․․․․

Ашулануыңа келелі себеп бар болса да, өз-өзіңе ие болудың маңыздылығы.

․․․․․

ТАҒЫ ҚАЛАЙ ҚОЛДАНУҒА БОЛАДЫ?

Нәпсіқұмар адамдардың сені жыныстық қатынасқа түсуге мәжбүрлей алмауы үшін не істеуіңе болады?

․․․․․

4 ОСЫ ОҚИҒАДА САҒАН ЕҢ ҚАТТЫ ӘСЕР ЕТКЕН НЕ БОЛДЫ ЖӘНЕ НЕЛІКТЕН?

․․․․․

Киелі кітабың болмаса, Ехоба куәгерлерінен бір данасын сұра.