1-пайғамбарлық. Жер сілкіністері
1-пайғамбарлық. Жер сілкіністері
“Қатты жер сілкіністері болады” (ЛҰҚА 21:11).
● Гаитиде болған жойқын жер сілкінісі туралы хабар түсіріп жүрген тілшілер қираған үйдің астында қалған бір жарым жасар Уиннидің ыңырсыған үнін естіп қалады. Соның арқасында бала тірі қалды, бірақ оның ата-анасы өліп кеткен еді.
ДЕРЕКТЕР НЕНІ КӨРСЕТЕДІ? 2010 жылдың қаңтар айында Гаитиде дүмпу күші 7 балға жеткен жер сілкінісінің салдарынан 300 000-нан астам адам қаза болды. Оған қоса 1,3 миллион адам әп-сәтте үй-күйсіз қалды. Мұндай жағдай тек Гаитиде ғана орын алған жоқ. 2009 жылдың сәуір айы мен 2010 жылдың сәуір айы аралығында дүниежүзі бойынша кем дегенде 18 жойқын жер сілкінісі болды.
ЖИІ АЙТЫЛАТЫН ҚАРСЫ ПІКІР: Зілзала бұрынғыдан көп болып жатқан жоқ. Жай ғана заманауи технологияның арқасында қайда не болып жатқаны лезде қалың бұқараға мәлім болуда.
МҰНДАЙ ПІКІР ДҰРЫС ПА? Мына жайт жайлы ойланып көріңізші: Киелі кітапта ақыр заманда жер сілкіністерінің жиі болатыны жазылмаған. Онда “түрлі жерлерде” болып жатқан “қатты жер сілкіністері” тарихтағы осы бір маңызды кезеңді ерекшелендіретін белгілердің бірі болатыны айтылған (Марқа 13:8; Лұқа 21:11).
СІЗ ҚАЛАЙ ОЙЛАЙСЫЗ? Киелі кітапта алдын ала айтылғандай, қатты жер сілкіністері болып жатыр ма?
Жер сілкіністері заманның ақырында өмір сүріп жатқанымызды дәлелдейтін алты пайғамбарлықтың бірі ғана. Қазір екіншісіне назар аударайық.
[4-беттегі сөздер]
“Біз [геофизиктер] оларды қатты жер сілкіністері деп атасақ, жұрт үшін олар жойқын апат болып табылады”. (КЕН ХЭДНОТ, ГЕОЛОГ, АҚШ)
[4-беттегі түпдерек]
© William Daniels/Panos Pictures