Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

Көңіліңізді қалдырмайтын шынайы дін бар ма?

Көңіліңізді қалдырмайтын шынайы дін бар ма?

Қандай да бір діннен көңіліңіз қалған болса, сізге дін атаулыға сенім арту қиын шығар. Алайда дүниеде сенім артуыңызға лайық діннің бар екеніне сенімді бола аласыз. Жерде болған кезде Иса адал ізбасарларынан тұратын топты жинап, оларға Құдайдың талаптарына сай өмір сүруді үйреткен еді. Исаның шынайы ізбасарларын, яки Құдайдың талаптарына сай жүріп-тұруға барынша ұмтылатын адамдарды бүгінде де кездестіруге болады. Олар кімдер?

Алдыңғы мақалада сөз етілген Естел есімді әйел былай дейді: “Киелі кітаптан білім алу мақсатыма Ехоба куәгерлерімен зерттегенде ғана қол жеткіздім. Мен көп ұзамай-ақ Жохан 8:32-дегі “Шындықты біле түсесіңдер, ал шындық сендерді азат етеді” деген сөздердің мәнін түсіндім”.

Рэй деген кісі де өз пікірін білдіріп, былай дейді: “Ехоба куәгерлерімен Киелі кітапты зерттегенімнің арқасында мен адамзаттың қайғы-қасірет шегіп жатқанына Құдайдың кінәлі емес екенін түсіндім. Сондай-ақ Құдайдың келелі себептермен зұлымдыққа жол беріп жатқанын әрі жуырда оны түптамырымен жоюды уәде ететінін де білдім. Бұл менің жүрегімді ризашылыққа толтырды”.

Әрине, өнегелік жағынан құлдыраған осы дүниенің ағымына қарсы жүзу оңай емес. Бірақ бұлай ету мүмкін. Бүгінде көп адам Киелі кітаптан білім алуға әрі онда жазылғандарға сай өмір сүруге ықыласты. Міне, сондықтан да Ехоба куәгерлері жержүзіндегі миллиондаған адаммен тегін Киелі кітап зерттеу сабағын жүргізеді. Апта сайын көптеген адам Киелі кітаптың шын мәнінде неге үйрететіні жайлы біліп, Жаратушыға жақындай түсуде әрі нағыз бақытқа қол жеткізуде *.

Ехоба куәгерлерінің өз діндеріне неліктен сенім артатындарын сұрап көріңіз

Келесі жолы Ехоба куәгерлерін кездестіргенде, олардан өз діндеріне неліктен сенім артатындарын сұрап көріңіз. Куәгерлердің ілімдері жайлы біліңіз әрі олар сол ілімдерге сай жүріп-тұра ма, жоқ па — соны байқап көріңіз. Сонда сіз сенім арта алатын діннің бар-жоғын анықтай аласыз.

^ 5-абзац Көбірек мәлімет алу үшін Ехоба куәгерлері басып шығарған “Киелі кітап шын мәнінде неге үйретеді?” кітабын қараңыз.