Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

ОҚЫРМАН САУАЛДАРЫ

Исаның туылған күні мейрамына қатысты қандай айғақтар бар?

Исаның туылған күні мейрамына қатысты қандай айғақтар бар?

Дүниежүзі бойынша миллиондаған адамдар Исаның туылған күні (Рождество) мейрамын түрлі себептермен тойлайды. Кейбірі отбасы және достарымен бірге бас қосуды қаласа, өзгелері бұл уақытты Құдай туралы ой жүгіртуге әрі кедей-кепшіктер мен мұқтаж жандарға көмек көрсетуге арнайды. Әрине, бұлардың бәрі мақтауға тұрарлық істер. Алайда бұл мерекенің осындай істердің сәнін кетіретін жаман тұстары бар.

Біріншіден, бұл мейрамды тойлайтын адамдар Иса дәл осы күні туылды деп есептейді. Алайда көптеген тарихшылар Исаның нақты қай күні дүниеге келгені белгісіз екенімен келіседі. Бір еңбекте айтылғандай, “алғашқы мәсіхшілер қандай да бір күнді Исаның туылған күні деп белгілеуден бас тартқан”, өйткені олар “пұтқа табынушылықпен байланысты кез келген іс-әрекеттен аулақ болуды” қалаған (“The Christian Book of Why”). Бір қызығы, Киелі кітаптың еш жерінде Исаның өзінің не басқа біреудің туған күнін тойлағаны жайлы жазылмаған. Керісінше, ол ізбасарларына өзінің өлген күнін атап өтуді тапсырған (Лұқа 22:19).

Екіншіден, көптеген ғалымдардың пікірінше, Исаның туылған күні мейрамына қатысты дәстүрлердің көбісі мәсіхшілікке жатпайтын бөтен діндердің салт-жораларынан бастау алған. Бұларға Санта Клаустың келуі, омела өсімдігі мен шырша ағашын орнату, сыйлық беру, шырақ және шөрке жағу, сәнді гирляндалар ілу, арнайы мерекелік өлеңдер айту жатады. Басқа бір еңбекте осы салт-жораларға қатысты былай делінген: “Исаның туылған күні мейрамы кезінде сыйлықтар бергенде не алғанда, үйімізде не шіркеуде жасыл гирляндалар ілгенде, бөтен діндердің салт-жораларын орындап жатпағанымызды қайдан білеміз?” (“The Externals of the Catholic Church”).

“Исаның туылған күні мейрамы кезінде сыйлықтар бергенде не алғанда, үйімізде не шіркеуде жасыл гирляндалар ілгенде, бөтен діндердің салт-жораларын орындап жатпағанымызды қайдан білеміз?”

Сөйтсе де сіз: “Еш зияны жоқ болып көрінетін бұл салт-дәстүрлерді ұстануда тұрған не бар?”— деп таңғалуыңыз мүмкін. Бұл сұраққа жауап ретінде үшінші жайтты қарастырайық. Құдай таза ғибадатты бөтен діндермен араластыруды мақұлдамайды. Ехоба Құдай Амос есімді пайғамбары арқылы ежелгі Исраилдегі қыңыр халқына: “Мен мейрамдарыңды жек көремін... Өлеңдеріңді шуламай, Менен аулақ айтыңдар!”— деген (Амос 5:21, 23).

Неліктен Құдай өз халқына осындай қатты-қатты сөздер айтқан? Осы орайда, ежелгі Исраилдің солтүстік патшалығының халқы не істегенін қарастырайық. Олардың тұңғыш патшасы Еробоғам Дан және Бетел қалаларында жас бұқалардың алтын мүсіндерін орнатты. Осылайша Ехоба Құдайға Иерусалим ғибадатханасында лайықты түрде ғибадат етудің орнына, жұртты сол пұттарға ғибадат етуге талпындырды. Бұған қоса, патша жаңа мейрамдар енгізіп, бұл іске басшылық етсін деп діни қызметкерлерді тағайындады (Патшалықтар 3-жазба 12:26—33).

Бір қарағанда, исраилдіктердің ниеті игі болып көрінуі мүмкін. Өйткені олар бұның бәрін Құдайға ғибадат ету үшін әрі оған ұнамды болу үшін істеді емес пе? Алайда Құдайдың Амос және басқа да пайғамбарлар арқылы айтқан қатаң сөздері оның мұндай іс-әрекеттерге деген көзқарасын паш етеді. Малахи пайғамбар арқылы Құдай: “Мен, Жаратқан Ие, еш өзгермеймін”,— деген (Малахи 3:6). Бұл жайт Құдайдың бүгіндегі Исаның туылған күнімен байланысты мейрамдарға қалай қарайтынын көрсетпей ме?

Жоғарыдағы айғақтарды қарастырған соң, миллиондаған адамдар Исаның туылған күнін тойлаудан бас тартуды шешті. Бұның орнына, олар өздері қалаған кез келген уақытта отбасымен және достарымен бірге бас қосып, кедей-кепшіктер мен мұқтаж жандарға көмек көрсетіп, бұдан қуаныш пен шынайы қанағат алады.