КИЕЛІ КІТАП АДАМНЫҢ ӨМІРІН ӨЗГЕРТЕДІ
Енді өзім де өзгелерге көмектесе аламын
-
ТУЫЛҒАН ЖЫЛЫ: 1981
-
ЕЛІ: ГВАТЕМАЛА
-
ҚЫСҚАША МАҒЛҰМАТ: БАЛАЛЫҚ ШАҒЫ ҚАЙҒЫЛЫ БОЛҒАН
ӨМІРБАЯНЫМ:
Мен Гватемаланың батысындағы таулы өлкеде орналасқан Акул деген қалада дүниеге келдім. Отбасым Майя тайпасына жататын ишил деген этникалық топтан. Мен кішкентайымнан испан тіліне қоса, жергілікті тайпаның тілінде сөйлеп өстім. Балалық шағым Гватемалада 36 жылға созылған қанқұйлы азаматтық соғыстың тұсында өтті. Осы уақыт аралығында көптеген ишилдіктер қаза тапты.
Мен төртте, ағам жеті жаста болғанда бір қайғылы жағдай орын алды. Ағам қол гранатасымен ойнап жатқанда, граната кенеттен жарылып кетті. Мұның салдарынан мен жанарымнан айырылдым, ал ағам мерт болды. Содан кейін балалық шағым Гватемала қаласындағы зағип балаларға арналған оқу орнында өтті. Ол жерде белгісіз себептермен мұғалімдер маған өзге балалармен араласуға тыйым салатын, басқа балалар да менен қашқақтайтын. Мен үнемі жалғыз жүретінмін және жылда үйге барып анаммен бірге болатын екі айлық демалысты асыға күтетінмін. Өкінішке қарай, он жасымда менің сол мейірімді де жанашыр анам көз жұмды. Мені жақсы көретін жалғыз адамды жоғалтқаннан жүрегім қарс айырылып, қатты құлазыдым.
Он бір жасымда туған қалама оралып, өгей ағам мен оның отбасымен бірге тұрдым. Олар маған жүріп-тұруыма көмектесетін, бірақ алай-дүлей болып жатқан жан дүниеме ешкім көмек көрсете алмады. Кейде мен Құдайға: “Неге анам өліп кетті? Неге мен соқыр болып қалдым?”— деп налитынмын. Адамдар маған бұл қайғылы жағдайлар Құдайдың жазғаны деп айтатын. Сондықтан мен Құдай еш сезімсіз және әділетсіз деген тұжырымға келдім. Өзіме қол жұмсағым келетін, бірақ мұны істемегенімнің жалғыз себебі — мүмкіндігім жоқ еді.
Зағип болғандықтан тәндік те, эмоциялық жағынан да қорғануға дәрменсіз болдым. Бала кезімде бірнеше рет жыныстық зорлыққа ұшырадым. Бұл қылмыстар жайлы ешкімге тіс жармадым, өйткені ешкімнің менде шаруасы жоқ деп ойладым. Адамдар менімен сирек сөйлесетін, өзім де ешкіммен араласпайтынмын. Осылай өзгелерден бөлектеніп кеттім, жан күйзелісіне түстім және адамдарға сенуден қалдым.
КИЕЛІ КІТАП ӨМІРІМДІ ӨЗГЕРТТІ:
Жасөспірім шағымда ерлі-зайыпты Ехоба куәгерлері маған мектептегі үзіліс кезінде келді. Олар мектебімдегі маған жаны ашыған бір мұғалімнің өтініші бойынша келіпті. Бұл ерлі-зайыпты өмірден өткендердің Ишая 35:5; Жохан 5:28, 29). Куәгерлердің айтқандары маған ұнайтын, бірақ адамдармен мүлдем сөйлеспей кеткендіктен, олармен араласу қиынға соқты. Алайда өте тұйық болғаныма қарамастан, олар Киелі кітапты үйрету үшін мейірімділікпен әрі шыдамдылықпен маған келуін доғармады. Бұл ерлі-зайыпты менің қалама жету үшін таулардан асып, 10 шақырымнан аса жол жүріп келетін.
қайта тірілетіні жайлы және бір күні көзім көретіні жайлы Киелі кітаптағы уәделерді айтып берді (Өгей ағам оларды ұқыпты киінген, бірақ тұрмыстары нашар деп сипаттады. Сонда да олар маған үнемі көңіл бөліп, кішкене сыйлықтарын алып келетін. Сол кезде осындай жанқиярлық тек шынайы мәсіхшілерге ғана тән деп ойладым.
Мен Брайль қарпіндегі әдебиеттердің көмегімен Киелі кітапты оқып-зерттедім. Санаммен оқып жатқандарымды түсінгенмен, кейбір жайттарды жүрегіммен қабылдау қиын болды. Мысалы, Құдай шынымен де мені қамқорлайтынына және қамымды ойлайтын адамдардың бар екеніне сену қиын болды. Құдай неліктен зұлымдыққа уақытша жол беріп отырғанын түсінгенмен, оны сүйіспеншілігі мол Әке ретінде қабылдау оңайға соқпады *.
Уақыт өте келе Киелі жазбалардан алған білімім көзқарасымды өзгерте бастады. Мәселен, мен Құдайдың қиналғандарға қатты жаны ашитынын білдім. Басқалардан қасірет көрген қызметшілері жайлы Құдай өз Сөзінде: “Халқымның тартқан қасіретін көрдім,.. олардың қандай азап шегіп жатқанын жақсы білемін”,— деген (Мұсаның 2-жазбасы 3:7). Осындай тартымды қасиеттерін тани түскен соң, мен Ехоба Құдайға өмірімді бағыштауды шештім. 1998 жылы мен Ехоба куәгері болу үшін шомылдыру рәсімінен өттім.
Содан бір жылдай уақыт өткен соң, Эскуинтла қаласының қасындағы зағиптарға арналған курсқа бардым. Сол жақтағы қауымда қызмет ететін бір ақсақал мен үшін туған қаламда қауым кездесулеріне бару қиын екенін білді. Маған ең жақын қауым бұрында менімен зерттеуге келіп тұрған Ехоба куәгерлері асып өтетін таулардың арғы жағында еді, сондықтан маған жолға шығу қиынға соғатын. Сөйтіп, әлгі ақсақал Эскуинтлада тұратын бір Куәгерлер отбасын тапты. Олар мені шаңырақтарының астына алып, қауым кездесулеріне апарып тұрды. Олар әлі күнге дейін маған өз туғанындай қамқорлық көрсетіп келеді.
Бұл ғана емес, қауым мүшелері маған көп рет шынайы сүйіспеншілік көрсетті. Бәрін айт та, бірін айт — мен өзімнің Құдайдың шынайы қызметшілерінің арасында жүргеніме көзім жетті (Жохан 13:34, 35).
ТИГІЗГЕН ПАЙДАСЫ:
Енді мен өзімді үмітсіз және түкке жарамсыз сезінбеймін. Қазір өмірім мән-мағынаға толы. Ехоба куәгерлерінің Киелі кітаптан білім беру ісіне көп уақытымды арнаймын. Соның арқасында бар көңілімді өзімнің дәрменсіздігіме емес, адамдарға Киелі кітаптағы құнды шындықты үйретуге аударамын. Сондай-ақ маған қауым ақсақалы ретінде қызмет ету және жергілікті қауымдарда Киелі кітапқа негізделген баяндамалар айту мәртебесі тапсырылды. Мыңдаған халайық жиналатын аймақтық конгрестерде де Киелі кітапқа негізделген баяндамалар айтуға мүмкіндігім болды.
2010 жылы Сальвадорда өткен Қызметті жетілдіру мектебінде (қазір Патшалықты жариялаушыларға арналған мектеп деп аталады) дәріс алдым. Осы мектепте оқығанның арқасында қауымдағы жауапкершіліктерімді жақсырақ атқаруды үйрендім. Сондай-ақ кез келген адамды өз ісіне үйрете алатын Ехоба Құдайдың мені қатты бағалайтынын және жақсы көретінін сезіндім.
Иса пайғамбар “алғаннан гөрі берген бақытты” екенін айтқан (Елшілердің істері 20:35). Мен нағыз бақытқа кенелдім деп айта аламын. Бұрын менің өзгелерге көмегім тиеді деп еш ойламаппын, ал енді өзім де өзгелерге көмектесе аламын!
^ 13-абзац Құдай неліктен зұлымдыққа жол беретінін білу үшін Ехоба куәгерлері басып шығарған “Киелі кітап шын мәнінде неге үйретеді?” кітабының 11-тарауын қараңыз.