НЕГІЗГІ ТАҚЫРЫП | КИЕЛІ КІТАПТЫ СҮЙІП ОҚИСЫЗ БА?
Киелі кітап өмірімді қалай жақсартады?
Киелі кітап — өте ерекше кітап. Онда Жаратушымыздың ақыл-кеңестері жазылған (Тімөтеге 2-хат 3:16). Ондағы хабардың өмірімізді өзгерте алатын күші бар. Киелі кітапта: “Құдайдың сөзі тірі, әсері де күшті”,— деп жазылған (Еврейлерге 4:12). Құдай Сөзі өмірімізді екі негізгі жолмен жақсарта алады. Ол жерден біз күнделікті өмірімізге қажетті ақыл-кеңес ала аламыз және Құдай мен оның тамаша уәделері жайлы білеміз (Тімөтеге 1-хат 4:8; Жақып 4:8).
Өмірді жақсарту. Киелі кітапта келесідей жеке мәселелерге қатысты тиімді кеңестер бар:
-
Басқалармен қарым-қатынас (Ефестіктерге 4:31, 32; 5:22, 25, 28, 33).
-
Жан саулығы мен тән саулығы (Зәбүр 37:8; Нақыл сөздер 17:22).
-
Әдептілік (Қорынттықтарға 1-хат 6:9, 10).
- Әлеуметтік тұрмысты жақсарту (
Азияда тұратын бір жас ерлі-зайыпты Киелі кітаптағы кеңестердің зор пайдасын көріп жүр. Олар басқа да көптеген жас жұбайларға тән қиындықтарға кезіккен. Оларға бір-бірінің мінезіне үйрену және ашық пікір алысу оңай болмады. Бірақ бұл жұп Киелі кітаптан оқыған кеңестерді қолдана бастағанда, біраз өзгерістерді байқады. Күйеуі Вицент былай дейді: “Киелі кітаптан алған білімім некеде туындаған қиындықтарды жұмсақтықпен шешуге көмектесті. Ондағы кеңестерді қолданғанның арқасында жұбайыммен бақытты өмір кешіп жатырмын”. Әйелі Анналу күйеуін қоштап былай деді: “Киелі кітаптағы Құдай қызметшілерінің үлгілері бізге көп көмектесті. Мен қазір бақыттымын. Некемізге де, өмірлік мақсаттарымызға да көңілім тоқ”.
Құдайды танып-білу. Некесіне қатысты ой-пікірінен бөлек, Вицент тағы былай деді: “Киелі кітапты оқығанның арқасында Ехоба Құдайға бұрынғыдан анағұрлым жақындай түстім”. Осы сөздерімен Вицент бір маңызды ойға назар аударып отыр: Киелі кітап адамға Құдайды танып-білуге көмектесе алады. Оны оқысаңыз, ішіндегі тамаша кеңестерді білумен қатар, Құдайды дос ретінде тани түсесіз. Сондай-ақ оның жарқын болашақ жайлы небір жайттарды ашатынын көресіз. Сол уақыт келгенде сіз мәңгілік бойы “шынайы өмірдің” рақатын көре аласыз (Тімөтеге 1-хат 6:19). Бұл жайлы басқа ешқандай кітапта жазылмаған.
Киелі кітапты оқуды бастап, алған бетіңізден қайтпасаңыз, қазірдің өзінде өміріңізді жақсартып, Құдайды жақыннан танып-білесіз. Киелі кітапты оқу барысында көптеген сұрақтарыңыз туатын шығар. Ондай жағдайда осыдан 2000 жыл бұрын өмір сүрген бір эфиопиялық қызметкердің үлгісін есте ұстағайсыз. Оның да Киелі кітапқа қатысты көкірегін тескен сан қилы сұрақтары болған. “Оқығандарыңызды түсініп жатырсыз ба?” деген сұраққа ол: “Ешкім үйретпесе қалай түсінейін?”— деп жауап берген болатын *. Сосын, ол Иса пайғамбардың алғашқы шәкірттерінің бірі әрі Киелі кітаптың тамаша ұстазы Філіптің көмегін қуана-қуана қабыл алды (Елшілердің істері 8:30, 31, 34). Біз сізді де осылай етуге шақырамыз. Киелі кітап жайлы көбірек білгіңіз келсе, www.dan124.com/kk сайтына онлайн өтініш жазсаңыз я осы журналда көрсетілген сізге жақын мекенжайлардың біріне хат жазып жіберсеңіз болады. Сондай-ақ сіз тұратын аумақтағы Ехоба куәгерлеріне жолықсаңыз не олардың ғибадат үйі Патшалық сарайына барсаңыз болады. Неге дәл бүгін Киелі кітапты қолға алып, бақытты да баянды өмірдің дәмін татпасқа?
Егер сізге Киелі кітапқа толық сенім арту қиын болса, “Киелі кітаптың Құдайдан екенін қайдан білеміз?” деп аталатын қысқаша бейнероликті көріңіз. Бұл үшін www.dan124.com/kk сайтына кіріп, БАСЫЛЫМДАР/БЕЙНЕМАТЕРИАЛДАР деген жерді қараңыз.
^ 8-абзац Киелі кітаптағы басқа да тиімді кеңестерді jw.org/kk сайтынан көруге болады. Бұл үшін КИЕЛІ КІТАП ТӘЛІМДЕРІ/ КИЕЛІ КІТАП. СҰРАҚТАР МЕН ЖАУАПТАР деген жерді қараңыз.
^ 11-абзац Осы журналдағы “Қате түсініктің қаупі” деп аталатын мақаланы да қараңыз.