Еврейлерге 12:1—29

  • Иса — сеніміміздің Жетілдірушісі (1—3)

    • Бұлт іспетті көп куәгер (1)

  • Ехоба жөнге салғанда, менсінбей жүрме (4—11)

  • Аяқтарыңның астына түзу жол салыңдар (12—17)

  • Көктегі Иерусалимге жақындау (18—29)

12  Ендеше бұлт іспетті осыншама көп куәгер қоршап тұрғандықтан, біз де ауыртпалық болатын кез келген нәрседен және тез шырмап алатын күнәдан арылып+, алдымыздағы қашықтықты табандылықпен жүгіріп өтейік+.  Ал мұны сеніміміздің Бас жетекшісі әрі Жетілдірушісі Исаға+ бар назарымызды тіге отырып істейік. Өзін күтіп тұрған қуаныш үшін ол қорлықты елемей, азап бағанасында өлді, сосын Құдай тағының оң жағына отырды+.  Өздеріне зиян келтіретін күнәкарлардың қастық сөздеріне+ шыдаған Иса туралы жақсылап ойланыңдар. Сонда қажымайсыңдар, ұнжырғаларың да түспейді+.  Күнәға қарсы күрестеріңде сендер әлі қандарың төгілгенше алысқан жоқсыңдар.  Сендер Құдайдың ұлдары ретінде өздеріңе айтылған мына ақыл-кеңесті мүлдем ұмыттыңдар: “Балам, Ехоба жөнге салғанда, менсінбей жүрме, ал түзеткенде, көңілің түспесін.  Өйткені Ехоба кімді жақсы көрсе, соны жөнге салады. Кімді ұлындай көрсе, соны жазалайды+”.  Бастарыңа түскен азаптарға төзіп, мұны өздеріңді жөнге салудың бір жолы деп біліңдер. Құдай сендерге балаларына қарағандай қарайды+. Ал әкесі жөнге салмайтын бала бар ма+?  Егер өзгелер сияқты жазаланбасаңдар, онда шынайы емес, некесіз туылған балаларсыңдар.  Кезінде туған әкелеріміз жөнге салды, біз оларды құрметтедік. Олай болса, өмір сүруіміз үшін рухани өмір берген Әкемізге одан да көбірек бағынуымыз керек емес пе+? 10  Олар өз білгендерінше, бізді аз уақыт жөнге салды. Ал Құдай біздің игілігімізді ойлап, өзі сияқты қасиетті болуымыз үшін+ жөнге салады. 11  Рас, жөнге салынып жатқанда, бұл қуантпайды, қайта, ауыр тиеді. Бірақ сол арқылы тәрбиеленгендерге бұл соңынан татулық пен әділдік жемісін береді. 12  Сондықтан әлсіреген қолдар мен тізелерді нығайтыңдар+. 13  Ақсап жүргендер одан бетер жарақаттанып қалмай, қайта, сауығу үшін, аяқтарыңның астына түзу жол салыңдар+. 14  Барлық адамдармен тату болуға ұмтылыңдар+, қасиетті болыңдар+. Өйткені қасиетті болмаса, ешкім де Иемізді көре алмайды. 15  Ешқайсысың Құдайдың рақымынан айырылып қалмауың үшін, сондай-ақ араларыңда улы тамыр шығып, қиындық тудырып, көбіңді арамдамау үшін сақ болыңдар+. 16  Араларыңда азғын* не Есау сияқты қасиетті нәрсені бағаламайтын адам да болмасын. Ол тұңғыштық жолын бір тостақ тамаққа айырбастай салды+. 17  Өздерің білетіндей, кейінірек бата алғысы келгенде, оның өтініші қабылданбады. Ол жылап тұрып әкесінің шешімін өзгертуге тырысқанмен+, өзгерте алмады. 18  Сендер қолмен ұстауға болатын әрі от жалындап тұрған+ тауға+, қара бұлтқа, тас түнекке, дауылға+, 19  керней үніне+ яки естіліп жатқан сөздерге+ жақындаған жоқсыңдар. Оны естіген халық Мұсадан өздеріне бұдан басқа ештеңе айтылмаса екен деп өтінген еді+. 20  Өйткені олар “Тауға тіпті мал тұяғы тисе, таспен атқыланып өлтірілсін!”+ деген бұйрықтан қорықты. 21  Осы көріністің қорқынышты болғаны сонша — Мұсаның өзі: “Мен қорыққаннан қалтырап тұрмын”+,— деді. 22  Ал сендер Сион тауына+, тірі Құдайдың қаласы — көктегі Иерусалимге+, жиналған көптеген періштелерге, 23  есімдері көкте жазылған Құдай тұңғыштарының қауымына+, бәрін Соттаушы Құдайға+, кемелділікке жеткізілген+ әділдердің рухани өміріне+, 24  жаңа келісімнің+ келістірушісі Исаға+ және бізге бүркіген оның қанына жақындадыңдар. Ал оның қаны Әбілдің қанынан+ жақсы сөйлейді. 25  Байқаңдар, сөйлеп тұрғанға құлақ аспай жүрмеңдер! Өйткені Құдайдың ескертуін жердегі адамдарға жеткізгенге құлақ аспағандар жазадан құтылмады. Олай болса, көктен сөйлеген Құдайға теріс қарасақ, біз қалай құтыламыз+? 26  Сол кезде оның даусы жерді шайқалтты+, ал қазір ол: “Мен тағы да жерді ғана емес, аспанды да шайқалтамын”+,— деп уәде берді. 27  “Тағы да” деген сөз шайқалмайтын нәрселер қалу үшін, шайқалатын, яғни Құдай жаратпаған, нәрселердің құритынына нұсқайды. 28  Олай болса, шайқалмайтын Патшалыққа ие болатынымызды білетіндіктен, Құдайдың рақымынан бас тартпайық. Өйткені осы рақымның арқасында Құдайға деген қасиетті қызметімізді оған ұнамды болатындай етіп, қорқынышпен әрі зор құрметпен атқара аламыз. 29  Себебі біздің Құдайымыз жалмап қоятын от іспетті+.

Сілтемелер

Түсіндірмедегі “Азғындық” сөзін қараңыз.