Еврейлерге 9:1—28
9 Бұрынғы келісімнің қасиетті қызметке және жердегі қасиетті орынға+ қатысты арнайы ережелері болған.
2 Құрылған шатырдың “Қасиетті орын”+ деп аталатын бірінші бөлмесінде шамдал+, үстел, нан тартуы тұратын+.
3 Ал шымылдықтың+ арғы жағында “Ең қасиетті” деп аталатын бөлме болатын+.
4 Ол жерде хош иісті зат түтететін алтын ыдыс+, алтынмен қапталған+ келісім сандығы+ тұратын. Ал сандықтың ішінде манна+ салынған алтын ыдыс, Харонның бүр жарған таяғы+ мен келісім тақташалары+ жататын.
5 Сандықтың үстінде салтанатты керубтер* бар еді, олардың көлеңкесі татуластыру қақпағына түсіп тұратын+. Бірақ қазір бұлар туралы егжей-тегжейлі айтып жатудың қажеті жоқ.
6 Барлығы осылай орналастырылған соң, діни қызметкерлер әрдайым шатырдың алдыңғы бөлмесіне кіріп, қасиетті қызметтерін атқаратын+.
7 Ал екінші бөлмеге тек бас діни қызметкер жылына бір рет кіретін+. Ол өзінің күнәлары+ мен халықтың білместікпен жасаған күнәлары үшін қан алып+ кіруге тиіс еді+.
8 Міне, осылай киелі рух мынаны көрсетіп отыр: бірінші шатыр барда, қасиетті орынға әлі жол жабық+.
9 Бұл шатыр — қазір болып жатқан жайттардың бейнесі+, әрі осы шараға сай әлі де сый-тартулар мен құрбандықтар ұсынылуда+. Алайда бұлар Құдайға қызмет етіп жүргендердің ар-ұжданын түпкілікті тазарта алмайды+.
10 Бұлар тек ішіп-жеу, түрлі тазару рәсімдерін*+ жасаумен байланысты. Осы заң ережелері тәнге қатысты еді+, әрі бәрін түзететін уақытқа дейін күшінде болған.
11 Ал Мәсіх баталарға жеткізетін бас діни қызметкер ретінде келіп, адам қолымен жасалмаған, яғни жердегі жаратылыс емес, анағұрлым ұлы әрі әлдеқайда жақсы шатырға кірді.
12 Ол қасиетті орынға ешкілер мен жас бұқалардың емес, өз қанын біржола алып кірді+, осылай бізді мәңгілікке азат етті+.
13 Ешкілер мен бұқалардың қаны+ және өртелген тананың себілген күлі арамдалған адамды тазартатын болса+,
14 Мәсіхтің қаны бұдан әлдеқайда артық емес пе+?! Мәңгілік рухтың әсерімен ол өзін Құдайға еш кіршіксіз құрбандық ретінде ұсынды. Біз тірі Құдайға қасиетті қызмет атқаруымыз үшін+, оның қаны ар-ұжданымызды өлі істерден тазартты+.
15 Сондықтан шақырылғандар мәңгі мұраға қатысты уәдені алу үшін+, Мәсіх жаңа келісімнің келістірушісі болды+. Мұның бәрі олар бұрынғы келісімнің тұсында жасаған күнәларынан азат болуы үшін, оның өлгенінің арқасында мүмкін болды+.
16 Құдаймен келісім жасалғанда, келісім жасасқан адам өлуі қажет.
17 Өйткені келісім адамның өлімінен* кейін күшіне енеді, ал оны жасасқан адам тірі жүргенде күші болмайды.
18 Сондықтан бұрынғы келісім де қанмен бекітіліп, күшіне енді.
19 Мұса күллі халыққа Заңның барлық өсиетін оқығаннан кейін, жас бұқалар мен ешкілердің қанын алып, су қосқан. Сосын оған сайсағыз шөбінің сабағына байланған ал қызыл жүнді малып алып, келісім кітабына және бүкіл халыққа бүркіп:
20 “Бұл — Құдай сендерге ұстануды бұйырған келісім қаны”+,— деген.
21 Дәл солай ол шатырға да, қасиетті қызметте қолданылатын ыдыстарға да қан бүркіген+.
22 Иә, Заң бойынша бәрі дерлік қанмен тазартылады+. Қан төгілмей, күнә кешірілмейді+.
23 Сондықтан көктегінің көшірмесі+ құрбандық малының қанымен тазартылуы керек еді+. Ал көктегі нәрселер болса әлдеқайда жақсы құрбандықтардың қанымен тазартуды талап етеді.
24 Себебі Мәсіх шынайы қасиетті орынның көшірмесі+ болған адам қолымен жасалған қасиетті орынға емес+, біздің игілігіміз үшін+ қазір Құдай алдында тұру үшін, көктің өзіне енді+.
25 Ол мұны өзін қайта-қайта құрбан ету, яғни бас діни қызметкер сияқты жыл сайын+ қасиетті орынға малдың қанын алып кіру үшін істеген жоқ.
26 Әйтпесе дүниенің негізі қаланғаннан* бері оның көп рет азап шегуіне тура келер еді. Бірақ ол қазір, осы заманның* ақырында, құрбандығы арқылы күнәні жоқ қылу үшін бір рет келді+.
27 Адамдар бір рет өліп, сосын сотталатынындай,
28 Мәсіх те көптеген адамның күнәсін мойнына алу үшін өзін бір рет құрбан етті+. Ол екінші рет келгенде, күнәдан арылту үшін емес, өзін асыға күтіп жүргендерді құтқару үшін келеді+.
Сілтемелер
^ Түсіндірмені қараңыз.
^ Сөзбе-сөз “түрлі шомылдыру рәсімдерін”.
^ Бұл малдың өлімі болуы да мүмкін.
^ Бұл Адам ата мен Хауа ананың балалары туылған кезге нұсқайды.
^ Түсіндірмені қараңыз.