Езекиел 27:1—36

  • Тирдің суға кеткен кемесін жоқтау (1—36)

27  Ехоба тағы да маған сөзін арнап былай деді:  “Адам ұлы, Тирді аза тұтып+,  ол туралы мына жоқтауды айт: —Теңіз қақпаларына қоныс теуіп,Көптеген аралдармен сауда-саттық жасайтын Тир! Әлемнің Әміршісі Ехоба мынаны айтады: —Ей, Тир, сен “Мен керемет көріктімін!” дейсің+.   Сенің иелігің теңіздің қақ ортасында орналасқан. Сәулетшілерің көркіңді кемеліне жеткізді.   Сен бейне бір кеме іспетті болдың, олар тақтайларыңды Сенир+ аршасынан жасады,Ал діңгегің үшін Ливан қарағайларын алдыртты.   Ескектеріңді Башанның емен ағашынан,Тұмсығыңды Киттим+ аралдарының кипарис ағашынан жасап,Піл сүйегімен әшекейледі.   Желкеніңді Мысырдың түрлі түсті кенебінен жасады,Палубаңның жаппаларын Елишах+ аралдарының көк жібі мен күлгін түсті жүнінен тоқыды.   Ей, Тир, сидондықтар мен арвадтықтар+ ескекшілерің,Ал өзіңнен шыққан шебер жігіттер теңізшілерің болды+.   Гебалдың+ тәжірибелі де ісмер кісілері тесік-саңылауларыңды бітеді+. Саған теңіздегі күллі кемелер мен олардың теңізшілері сауда-саттық жасауға келді. 10  Әскеріңде парсылар, лудтықтар мен путтықтар+ қызмет етіп, сарбаздарың болды. Олар саған қалқандары мен дулығаларын іліп, көркіңді арттыра түсті. 11  Дуалыңды айнала арвадтық сарбаздарың,Ал мұнараларыңда жаужүрек жігіттерің тұрды. Олар домалақ қалқандарын дуалыңа айналдыра іліп,Көркіңді кемеліне келтірді. 12  Сен түрлі тауарларға бай болғандықтан+, Тарсис+ сенімен сауда-саттық жасасып, оларды күміс, темір, қалайы мен қорғасынға айырбастады+. 13  Ябан, Тұбал+ мен Мешех+ те сенімен сауда-саттық жасасып, тауарларыңа құлдары+ мен мыс бұйымдарын айырбастады. 14  Тоғарма+ әулеті болса саған жылқылары мен қашырларын әкеп тұрды. 15  Сенімен дедандықтар+ да сауда-саттық жасасты. Көптеген аралдардың саудагерлері де саған келіп, сауда жасады. Мұның есесіне саған піл сүйегі+ мен бағалы қара ағаш тарту етті. 16  Шығаратын өнімің мол болғандықтан, Едом саған феруза, күлгін түсті жүн, түрлі түсті кестелі және қымбат мата, інжу-маржан, лағыл беріп, алыс-беріс жасасты. 17  Яһуда мен Исраил де сенімен сауда-саттық жасасып, Минниттің+ бидайын, таңдаулы тағамдар, бал+, май және бальзам+ әкеліп тұрды+. 18  Өнімің мол, байлығың ағыл-тегіл болғандықтан, Дамаск+ сенімен айырбас жасасып, саған Хелбон шарабы мен Захар жүнін* әкелетін. 19  Ұзалдан едандықтар мен ябандықтар келіп, тауарларың үшін соғылған темір, кассия* және хош иісті қамыс беріп тұрды. 20  Дедан+ сенімен ат жонына салатын жабуларымен сауда жасады. 21  Арабтар мен Кедар+ басшыларының бәрі саудагерлерің болып, тоқты-қошқар мен текелер сатты+. 22  Шеба мен Рахама+ саудагерлері сенімен сауда-саттық жасасып, неше түрлі бағалы иісмайлар, асыл тастар мен алтын әкеліп тұрды+. 23  Харан+, Қанех, Едем+, Шеба+, Ашшур+ және Килмад саудагерлері де сенімен алыс-беріс жасасты. 24  Олар базарыңда әдемі киімдер, көк және түрлі түсті кестелі шапандар, арқанмен мықтап байланған алуан түсті кілемдер сатты. 25  Тарсис кемелері+ сен үшін тауар таситын керуен іспетті болды. Осылай теңіздің қақ ортасында байлыққа баттың, дәулетке* кенелдің. 26  Бірақ ескекшілерің сені долы теңізге шығарғанда,Шығыстан соққан жел сені теңіздің қақ ортасында қиратып тастады. 27  Сенде болғандардың бәрі де: Бар байлығың, тауарларың мен бұйымдарың, күллі теңізшілерің,Тесік-саңылауларыңды бітеп жүргендер, тауарларыңды алысып-берісіп жүргендер+, күллі сарбаздарың+ Өзің құлаған күні теңіздің қақ ортасында су түбіне кетеді+. 28  Теңізшілеріңнің айқайынан теңіз жағалауындағы мекендер шайқалып кетеді. 29  Барлық ескекшілер, теңізшілер мен кеме басқарушыларыКемелерінен түсіп, жағада тұрады. 30  Олар сен үшін бастарына топырақ шашып, күлге аунайды,Бар дауыстарымен зар илейді+. 31  Шаштарын тақырлап алып тастап, азалы киім киіп,Жүректері қарс айырыла сені жоқтайды. 32  Олар азалы әндерін айтып былай дейді: —Теңіздің қақ ортасында Тир сияқты үнсіз қалған кім бар+? 33  Ашық теңізден тауарларың келгенде, көптеген халықты қамтамасыз етуші едің+. Мол дәулетің мен бұйымдарың жержүзінің патшаларын байытқан еді+. 34  Ал енді ашық теңізде апатқа ұшырап, тұңғиыққа баттың+. Тауарларың мен адамдарың да сенімен бірге суға кетті+. 35  Аралдарды мекендейтіндердің бәрі саған аңтарыла қарайды+,Патшалары қалшылдай қорқып+, өңдері қашады. 36  Түрлі ұлттар арасында тұратын саудагерлер қандай күйге ұшырағаныңды көріп, аң-таң болып ысқырады. Сен аяқастынан жермен-жексен болып күйрейсің де,Мәңгіге құрып жоғаласың+”.

Сілтемелер

Немесе “сұрғылт қызыл жүн”.
Даршын тұқымдасына жататын ағаш.
Мүмкін: “даңққа”.