Езекиел 42:1—20

  • Ас бөлмелер кешені (1—14)

  • Ғибадатхананың төрт жағын өлшеу (15—20)

42  Сосын ол мені солтүстік жақтағы сыртқы аулаға алып шықты да+, ашық кеңістіктің арғы жағында+, ал іргелес тұрған ғимараттың солтүстігінде+ орналасқан ас бөлмелер кешеніне апарды.  Солтүстіктегі кіреберіс жақтан өлшегенде кешеннің ұзындығы 100, ені 50 шынтақ* еді.  Ол ені 20 шынтақ+ ішкі аула мен сыртқы ауладағы тас төселген жердің арасында тұрды. Кешен бір-біріне қарама-қарсы орналасқан әрі орынжайлары бар үш қабатты екі ғимараттан тұрады екен.  Осы екі ғимараттың арасынан ені 10, ұзындығы 100 шынтақ жол* өтіп жатты+. Ал бөлмелердің кіреберістері солтүстікке қарап тұрды.  Кешеннің орынжайлары жоғары қарай үлкейе түсетіндіктен, жоғарғы қабаттағы ас бөлмелер ортаңғы және төмендегі бөлмелерге қарағанда кішірек болатын.  Ас бөлмелер үш қабатты болғанмен, олардың сыртқы және ішкі ауладағы сияқты бағаналары жоқ еді. Сондықтан жоғарғы қабаттағы бөлмелердің едені ортаңғы және төменгілерінен кішілеу еді.  Ғибадатхана жақтағы ас бөлмелерге қарсы тас дуал орналасыпты. Ол сыртқы аула жақтағы ас бөлмелерге жанастырыла салыныпты. Оның ұзындығы 50 шынтақ еді,  себебі сыртқы аула жақтағы ас бөлмелердің ұзындығы 50 шынтақ болатын. Ал ғибадатхана жақтағылардікі 100 шынтақты құрайтын.  Сыртқы ауладан ас бөлмелерге шығыс жақтан кіруге болатын. 10  Оңтүстікте де ашық кеңістік пен ғимаратқа іргелес ас бөлмелер кешені болды. Оның да шығыс жақтағы тас дуалының іш жағында ас бөлмелер бар екен+. 11  Солтүстіктегідей, кешен ғимараттарының арасынан жол өтіп жатты+. Сондай-ақ ас бөлмелердің ұзындығы, ені, шығатын жерлері мен құрылысы да бірдей еді. Кіреберістері де 12  солтүстіктегі ас бөлмелердікіндей екен. Ал жолдың басында, шығыс жақтағы тас дуалдың алдында, кіретін жер болды+. 13  Әлгі кісі маған былай деді: “Ашық кеңістіктің солтүстігі мен оңтүстігіндегі ас бөлмелер+ қасиетті. Онда Ехобаның алдында қызмет атқаратын діни қызметкерлер ең қасиетті құрбандықтардан жейді+. Олар ең қасиетті құрбандықтарды, астық тартуларын, күнә үшін әкелінетін және айып құрбандықтарын осы бөлмелерге қояды, өйткені бұл — қасиетті орын+. 14  Олар ішке кірсе, қызмет атқарғанда киетін киімдерін+ ауыстырмайынша, қасиетті орыннан сыртқы аулаға шықпауы керек, өйткені бұл киімдер қасиетті. Басқа адамдардың жүруіне болатын жерлерге бару үшін олар киімдерін ауыстырады”. 15  Ішкі ғибадатхана аймағын өлшеп біткен соң, ол мені шығысқа қарайтын қақпа ғимараты арқылы алып шығып+, бүкіл аумақты өлшеді. 16  Ол өлшеуіш таяғымен* шығыс жағын өлшеп еді, бір шетінен екіншісіне дейін 500 таяқ болып шықты. 17  Солтүстік жағын өлшеп еді, 500 таяқ болып шықты. 18  Оңтүстік жағын өлшеп еді, 500 таяқ болып шықты. 19  Сосын айналып өтіп, батыс жағын өлшегенде, ол да 500 таяқ болды. 20  Ол аумақтың төрт жағын да өлшеп шықты. Аумақ қасиетті мен қасиетті емес жерді бөліп тұру үшін+ дуалмен қоршалған екен+. Дуалдың ұзындығы мен ені 500 таяқтан болды+.

Сілтемелер

Мұнда ұзын шынтақ жайлы айтылып тұр. Ә14 қосымшасын қараңыз.
Грек Септуагинтіне сай, “ұзындығы 100 шынтақ жол”. Еврей мәтініне сай, “1 шынтақ жол”. Ә14 қосымшасын қараңыз.