Еремия 16:1—21

  • Еремияға үйленбеу, жоқтау айту, той-думанға бармау бұйырылды (1—9)

  • Жазалау, кейін қайта қалпына келтіру (10—21)

16  Ехоба маған тағы да сөзін арнап былай деді:  “Осы жерде әйел алып, ұл-қызды болма!  Себебі осында туылған ұл-қыздарға, оларды дүниеге әкелген шешелері мен өмір берген әкелеріне қатысты Ехоба мынаны айтады:  —Олар қатерлі дерттен өледі+. Өлгендерді жоқтайтын, жерлейтін ешкім болмайды. Олар жер бетінде қи іспетті жатады+. Семсердің жүзінен, аштықтан қырылып+, мәйіттері аспандағы құстар мен жердегі аңдарға жем болады.   Аза тұтып, тамақ беріп жатқан үйге кірме,Жоқтап, көңіл айту үшін онда барма+,— дейді Ехоба. Өйткені мен бұл халықты тыныштығымнан,Айнымас сүйіспеншілігім мен мейірімімнен айырамын,— дейді Ехоба+.   Осы елдің ұлығы да, кішігі де қаза болады. Олар жерлеусіз қалады, ешкім оларды жоқтамайды,Денесін тілгілеп, шашын тақырлап алмайды*.   Аза тұтып жатқандарға тамақ беретін,Оларды жұбататын адам болмайды. Ата-анасының қазасына қайғырып жатқандарғаЖұбаныш тостағынан сусын ұсынатын да ешкім табылмайды.   Той-думан болып жатқан үйге кірме,Олармен бірге отырып, ішіп-жеме.  Өйткені Әскербасы Ехоба, Исраилдің Құдайы: —Мен сендердің күндеріңде, дәл көз алдарыңда осы жердегі шаттық пен қуаныштың үнін, күйеужігіт пен қалыңдықтың көңілді даусын өшіремін,— дейді+. 10  Сен мына халыққа осы сөздерді жеткізгенде, олар: —Неге Ехоба осындай зор алапаттың бәрін басымызға түсіремін деп жатыр? Ехоба Құдайымызға қарсы біз қандай қылмыс, қандай күнә жасадық?— деп сұрайды+. 11  Сонда халыққа былай де: —Ата-бабаларың мені тастап кетті+. Бөтен тәңірлерге еріп, құлшылық жасап, тағзым етті+. Олар мені тастап кетіп, заңымды орындамады,— дейді Ехоба+.— 12  Ал сендер ата-бабаларыңнан да асып түстіңдер+. Маған мойынсұнудың орнына, әрқайсысың қасарысып жүрек қалауларыңмен жүрсіңдер+. 13  Сондықтан сендерді осы жерден өздерің де, ата-бабаларың да білмейтін елге лақтырып тастаймын+. Сол жақта күні-түні бөтен тәңірлерге құлшылық етесіңдер+. Мен сендерге рақымшылық танытпаймын. 14  Алайда олар “Бұл — Исраил халқын Мысыр елінен алып шыққан Ехобаның тірі екеніндей хақ!”+ деп ант етпейтін күндер келе жатыр,— дейді Ехоба.— 15  Қайта, олар “Бұл — Исраил халқын солтүстіктен және өзі бытыратып жіберген елдерден алып келген Ехобаның тірі екеніндей хақ!” деп ант ететін болады. Оларды ата-бабаларына берген жеріме қайтып әкелемін+. 16  Міне, мен көптеген балықшыларды жіберіп отырмын,— дейді Ехоба. Балықшылар оларды аулайды. Сосын көптеген аңшыларды жіберемін,Аңшылар оларды әрбір тау-төбеден,Жартастың қуыстарынан іздеп табады. 17  Халқымның барлық іс-әрекеті көз алдымда,Ешқайсысы менен жасырын емес,Қылмыстары да назарымнан тыс қалмайды. 18  Алдымен олардың қылмысы мен күнәсінің есесін толық қайтарамын+,Себебі жансыз да жиренішті пұттарымен жерімді арамдап,Меншікті жерімді жексұрын нәрселерімен толтырды+”. 19  Уа, Ехоба, сен менің күш-қуатым және қорғанымсың,Қиын шақта бассауғалайтын панамсың+,Жердің түкпір-түкпірінен халықтар саған келіп: “Ата-бабаларымыз жалған тәңірлерді*,Бос әурешілік пен түкке тұрғысыз нәрселерді мұра етті+”,— дейтін болады. 20  Пенде өзіне тәңірлер жасай ала ма? Жасаса да, олары шынайы емес қой+. 21  “Сондықтан оларға тәлім беремін,Сол кезде күшім мен құдіретімді көрсетемін,Олар менің есімім Ехоба екенін білетін болады”.

Сілтемелер

Жолдан тайған Исраил халқы пұтқа табынушылардың жоқтау кезіндегі салт-жораларын ұстанса керек.
Сөзбе-сөз “жалғандықты; алдамшылықты”.